Псевдофиллидің даму сатылары


Slide 1

“ Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті”

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

“Ветеринария” факультеті

“ Биологиялық қауіпсіздік ” кафедрасы

Орындаған:6В09102-«Ветеринариялық санитария»

мамандығының 4 курс 414 топ студенті

Абдухан Әбілхан

Тексерген:Жантелиева Л. О

Slide 2

Сұрақтар:

1. Цестодоздарға жалпы мінездеме.

2. Табиғи-ошақты және антропозоонозды цестодоздар.

Slide 3

ЦЕСТОДОЗДАРҒА -жалпы сипаттама

Адам мен жануарлар, құс, балық цестодоздарының қоздырушысы - баулы таспа құрттар және олардың балаңқұрттары Cestoda табына жататын, Plathelminthes (жалпақ құрттар) топтамасына жатады.

Бұл тапқа жататын 3 мың құрттың түрлері бар, жетілген сатысы негізінен омыртқалы жануарлардың ішек жолдарын тоғышарлық етеді.

Медицина және ветеринарияда екі тегі негізгі маңызды болып келеді

1. Лентецтер-баулы т. қ. (Pseudophyllidea)

2. Цепеньдер, шынжырлы т. қ. (Cyclophyllidea) .

Бірінші текке жататын лентецтер-баулы т. қ. (Pseudophyllidea) 10 тұқымдасы бар. Көбінесе кеңінен таралған тұқымдасы Diphyllobothriidae 8 туысы және 30-ға жуық түрлері бар.

Ал екінші цепеньдер-шынжырлы т. қ. (Cyclophyllidea) 6 тектармағы және көптеген тектармағы, тұқымдасы, туыс және түрлері бар.

Slide 4

Екі текке жататын баулы және шынжырлы таспа құрттарды бір-бірінен морфологиялық ерекшеліктерімен, сонымен қатар биологиялық дамуынан ажыратуға болады.

1. Лентецтер-баулы т. қ. - псевдофиллидей (Pseudophyllidea), тетрафиллиде және трипаноринх дамуы барысы триксинді жолмен дамиды, яғни, дамуына бірінші болып аралық иелері (су және құрылық шаян тәрізділер), олардың денесінде процеркоид дамиды және екінші аралық иесі (қосымша) иесі (омыртқалылар - балық, амфибии, рептилиилер сирегірек құстар мен сүтқоректілер) бұлардың организмінде плероцеркоид сатысы дамып жетіледі. Сонан соң ақтық ие организміне еніп соңғы пісіп-жетілген сатысына айналады.

Псевдофиллидің даму сатылары:

Имаго → Жұмыртқа → Процеркоид → Плероцеркоид → Имаго (ересек)

2. Цепеньдерде-шынжырлы т. қ. - даму айналымы диксенді (Cyclophyllidea) . Бұл құрттардың дамуына тек қана екі ие қатысады - аралық (омыртқалы жануарлар немесе адам) және ақтық (адамдар немесе омыртқалы жануарлар) .

Цепеньдердің даму сатылары:

Имаго → Жұмыртқа → Ларвоцистасы (көпіршігі) → Ересек сатысы (имаго)

Slide 5

Cestoda табы (Баулы т. қ. ) 7 тектен тұрады, бұларға жататындар әртүрлі жануарлар мен адамда тоғышарлық күнелтеді.

Cestoda табы:

1. Amphilinidea тегі (нечленистые цестоды) - гоноидты немесе кейбір сүйектілер паразиттері, сонымен қатар осетр балықтары.

2. Caryophyllaeidea тегі - көбінесе тұқы тектес балықтар паразиттері.

3. Pseudophyllidea тегі - балық, амфибий, сүтқоректілер және адам паразиттері.

4. Tetraphyllidea тегі - балық, амфибий, рептилийлер, құстар және сүтқоректілер. Бұл тегке 3 тектармақ кіреді: Phyllobothriata, Tetrabothriata и Protocephlata.

5. Diphyllidea тегіне - скат және акула паразиттері (жете анықталмаған) .

6. Trypanorhynecha тегіне - скат және акула паразиттері.

7. Cyclophyllidea тегіне - үлкен медико-ветеринарлық маңызы бар ауқымды таспа құрттар тобы. Бұл паразиттер әртүрлі құс, рептилий және сүтқоректілерде дамиды, көбінесе екі иеде дамиды (диксенді даму жолымен) .

Slide 6

Cyclophyllidea тегі

Cyclophyllidea тегіне 6 тектармақ жатады:

1. Taeniata тектармағы - ересек сатысы адамдардың, етқоректілер мен жабайы құстардың ішегінде тоғышарлық етеді. Кәзіргі уақытта бұл тектармақтың 100-ден астам түрі тіркелген тениидтер.

2. Anoplocephalata тектармағы - сүтқоректілер, құс және рептилийлер паразиттер

3. Davaineata тектармағы - көбінесе құстарда, сирегірек сүтқоректілерде.

4. Hymenolepidata тектармағы - көбінесе суда жүзетін құстарда-тауық тұқымдасына жататындарда, сонымен қатар сүтқоректілерде.

5. Acoеlata тектармағы - құс паразиті, суда тіршілік ететін (поганок, куликов, фламинго) . Олардың арасынан дара жыныстыларда кездеседі (Gynandrotaenia) ; ал басқаларында еркек және ұрғашыларда; ал үшіншісінде гермафродитизмдермен ерекшеленеді (Amabiliidae) .

6. Mesocestoidata тектармағы - бұл тектармаққа жататын кеңінен таралған жақсы белгілі ит таспасы Mesocestoides lineatus.

Slide 7

Таспа құрттардың арасында кейбір түрлері бар даму айналымы қалыпты жағдайдағыдай емес өтеді.

Мысалы, Hymenolepis nana түрінің дамуында - иелердің алмасуы болмайды. Адам бұл гельминт үшін бір уақытта (мезетте) аралық та ақтық ие бола алады.

Аралық ие ретінде, өйткені ащы ішек талшықтарында онкосфералардан балаң құрт сатысы - цистицеркоид дамиды.

Ал ақтық ие ретінде, өйткені адамның ішек қуысында таспа құрттың өзі ересек сатысына жетеді.

Slide 8

ЭХИНОКОККОЗ (ECHINOCOCCOSIS)

Эхинококкоз - бұл созылмалы өтетін табиғи-ошақты (табиғи-антропургиялық) зоонозды биогельминтоз, нәжісті-ауыз арқылы тасымалданатын, деструктивті зақымдалумен бауыр, өкпе және басқа да ағзаларды, немесе көптеп киста, организмде аллергия және өте ауыр асқынулармен, кейде мүгедектікпен және өлімге душар еткізетін ауру.

Инвазияның 2 түрі, қоздырғыштардың әртүрлі түрлері қоздырады:

1. Эхинококкоз (гидатиозды немесе біркамералы эхинококкоз) ;

2. Альвеококкоз (альвеолярлы немесе көпкамералы эхинококкоз) .

Ертеректе, бұл 2 аурудың қоздырғышы бір Echinococcus granulosus, делінген, үй және жабайы етқоректілерде жетілген сатысы тоғышарлық, ал көпіршік сатысы - адамда, әртүрлі ауылшаруашылық мал түрлерінде, жабайы жұптұяқтыларда және атжалмандарда тоғышарлық күнелтеді.

Неміс ғалымы Yogei (1955) зерттеуінде бұл ауруларда әртүрлі этиология болатынын дәлелденген болатын, ал 1959 жылы К. И. Абуладзе жаңа туыс Alveococcus ойлап тапты және бұған альвеолярлы эхинококкты жатқызды. Қазіргі кезде бұл қоздырғыш Alveococcus multilocularis деп аталып, ал аурудың аты - альвеококкоз.

Slide 9

Адам ларвальды эхинококкозы

Эхинококоз немесе бір камералы эхинококкоз (Echinococcus granulosus) - адам мен ауылшаруашылық малдардың, етқоректілердің инвазиялық ауруы.

Туысы Echinococcus, түрі Echinococcus granulosus, тағы 20 түрлері бар, бірақ олардың медициналық маңызы әлі анықталмаған. Echinococcus-дың туыс түрлері штаммдары әртүрлі, басқа әртүрлі жабайы жануарлар организмдеріне дағдыланған.

Адам эхинококкозының қоздырғышы Echinococcus granulosus түрі болып есептелген.

Соңғы (ақтық) иесі Canidae тұқымдасына жататын үй және жабайы етқоректілер (иттер, қасқыр, сағалдар және т. б. ), гельминттің Echinococcus granulosus пісіп жетілген сатысы олардың ащы ішегінде тіршілік етеді.

Slide 10

Таспа құрттың ересек және ларвальды сатысы Echinococcus granulosus

Slide 11

Эхинококктың биологиясы немесе даму айналымы

Эхинококк - диксенді паразит, 2-иеде дамиды.

Ақтық иесі - үй және жабайы етқоректілер, эхинококктың баулары (ленты) олардың ащы ішегінде мекендейді.

Аралық иесі - қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам және т. б. сүтқоректілердің эхинококк көпіршіктері паренхиматозды ағзаларында болады.

Ақтық иелердің зарарлануы - етқоректілер ауылшаруашылық малдардың эхинококк цисталармен инвазияланған бауыр және басқа да ішкі ағзаларын жеп зақымдалады. Соңғы иесінің ішегінде ларвоцисталарда протосколекстер дамып ересек сатысына айналады, олардың саны жүздеген, мыңдағанға дейін жетеді, әрбір ларвоцистада 40 мыңға дейін протосколекстер болады.

Аралық иесі - адам мен күйістілер осындай құрт онкосферасын жем-шөппен не сумен қоса жұтып қойған кезде эхинококкозға шалдығады; зарарланған иттермен тығыз контактіде; ұшалар мен терісі бағалы аңдардың терісін өңдеу кезінде.

Slide 12 Slide 13

ҚР эхинококкоздың таралуы

Эхинококкоз адам үшін өте қауіпті ауру, әртүрлі ағзалардың функциональды қызметінің бұзылуымен және зақымдануымен сипатталады.

Етқоректілерде ауру белгілері байқалмайды, сирек асқынулармен және ауытқулар тудырады.

Аталған инвазиялық ауру қой мен басқа да ауылшаруашылық малдарда клиникалық белгілері айқын байқалмайды, бірақ өнімділігін төмендетеді.

Жалпы Казахстанда, мал шаруашылығы жасы дамыған эхиноккоздан сау емес шаруашылықтарда кездеседі.

Біздің еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында эхинококкоз кеңінен таралған (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында) .

Бұл аймақтарда малдардың зарарлануы 30-45%-ға дейін жетеді, ал адамдар арасында эхинококкоз көрсеткіші (100 мың тұрғынға 8, 8-13, 6-ға тең) орташа көрсеткіштен жоғары.

Slide 14

Эхинококкоздың таралуы

Эхинококкозбен негізінен 70% еңбекке жарамды адамдар зарарланады екен.

Эхинококкоздан қайтыс болған 2, 4 пайыздан 6, 8%-ға дейін жетеді, еңбекке жарамсыздық 3, 5 пайыздан 8, 7%, ал рецидивтер 6, 2-16, 0% адамдар арсында байқалады.

Яғни Казахстан, мал шаруашылығы жақсы дамығандықтан эхинококкоздан сау емес елдер қатарына жатады.

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Адамдарда эхинококкозды балау

Медицинада ларвальды эхинококкозды кешенді зерттеу негізінде балау қояды:

- Клиникалық мәліметтерге қарайды.

- Рентгенологиялық зерттеулерге.

- Зертханалық зерттеулерге.

- Радиоизотопты балау қолданылады.

- Компьютерлік томография қойылады.

- Ішкі ағзаларды УЗИ-ға түсіреді.

Slide 18

Ветеринарияда малдарды эхинококкозға балау

1. Ауылшаруашылық малдарды (аралық ие) ларвальды эхинококкозды малдың тірі кезінде Казони реакциясын қою арқылы анықтайды. Малдың өлгеннен кейін немесе сойғанда ішкі ағзаларынан эхинококк цистасының (көпіршік) бар-жоқтығына тексеру арқылы (негізінен өкпе мен бауырды) жүргізіледі.

2. Етқоректілерді (ақтық ие) имагинальды эхинококкозға төмендегі әдістермен тексереді :

2. 1. Тірі кезінде:


Ұқсас жұмыстар
Ұрық даму сатылары
Алкоголизм, наркомания және токсикомания
Маскүнемдіктің патологиялық аспектлері
ЭЕМ-нің даму сатылары
Қоғамдық өндіріс және экономикалық ресурстар
Ассоциацияланған мемлекет
Қатысушы елдердің экомикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті экономикалық одақ құру
СӨЖ ЕРЕСЕК ҚҰРТТАР
жалпы ноозология
Шок, стресс, кома
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz