Шартты рефлекс


Slide 1

Рефлекс

Орындаған: Аманбай Аида

Факультет: Жалпы медицина, 101-Б

Қабылдаған: Асан Г. Қ.

Slide 2

Жоспар

Павлов бойынша шартты рефлексті дамыту әдістемесі.

Шартты шартсыз рефлекстер.

Шартты рефлекстерді зерттеу әдістері.

Slide 3

ЖЖӘІ

Жоғары дәрежелі жүйке қызметі - жануарлар мен адамның орталық жүйке жүйесінің үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекеті. Организмнің органдарының өзара қызметін реттейтін орталық жүйке жүйесіне қарағанда, жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмнің сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. «Жоғары дәрежелі нерв қызметі» терминің ғылымға И. П. Павлов енгізген және ол бұны «психикалық әрекет» деген ұғымға тең деп санаған. Павловтың пікірінше, психикалық әрекеттің барлық түрі, оның ішінде адамның ақыл-ойы мен санасы да жоғары дәрежелі жүйке қызметіның жеке бір түрі. Павловтан бұрын жоғары дәрежелі жүйке қызметі жөнінде И. М. Сеченов «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық әрекеттерді материалистік тұрғыдан түсіндірді.

Slide 4

Рефлекстің қағида

Алғаш рет психикалық қызметтің негізі третінде рефлекстік қағиданы И. М. Сеченов (1863 ж) дәлелдеді. XX ғасырдың басында И. П. Павлов ми қыртысын зертеуде көптеген өзгерістер енгізді. Адамның мінез-құлқы негізінде, ЖЖІӘ-нің маңызды орын атқаратынын атап көрсетті. Сілекей бөліну үрдісін зерттей келе И. П. Павлов шартты рефлексті ашты. Ол шарты рефлекстің жоғарғы деңгейі тітіркендіргіш емес, оған ілесіп жүретін сигнал (ишара) екенін көрсетті.

Slide 5

Шартты және шартсыз рефлекс

Павловтың пікірінше, жоғары сатыдағы жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің

негізі - орталық жүйке жүйесінде түзілетін шартты рефлекстер (адамда үлкен ми

қыртысында), сондай-ақ күрделі шартсыз рефлекстер (соқыр сезім, эмоция және т. б. ) . Павлов жоғары

дәрежелі жүйке қызметінің мынадай негізгі заңдылықтарын немесе ережелерін дәйектеген:

Шартты рефлекстердің түзілуі;

Шартты рефлекстердің тітіркендіру күшіне байланыстылығы;

Шартты тітіркендіргіштер әсері;

Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы;

Үлкен ми қыртысында жүйке процестерінің таралуы мен топтануынан оның бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу;

Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.

Сөйтіп жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмге әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштер түбегейлі талдап, синтездеп организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуін қамтамасыз етеді.

Slide 6

Шартсыз рефлекстер - гомеостаз тұрақтылығын сақтау үшін тұқым қуалайтын (филогенезде қалыптасқан) рефлекторлы механизмдер.

Шартты рефлекстер - организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакциясы, шартты рефлекстер - ойлау қабілетінің, мінез-құлықтың және қоршаған ортаға бейімделуінің негізі.

Slide 7 Slide 8

Рефлекс деген не?

Рефлекс туралы жалпы түсінік Рефлекс(лат reflexus - кері қайтарылған, шағылысқан) - организмнің ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р. Декарт (1596 - 1650) . Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й. Прохаска (1749 - 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады

Slide 9

Шартты рефлекс

Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке - рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер - ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады.

Slide 10

Шартсыз рефлекс


Ұқсас жұмыстар
Шартты рефлекстің шартсыздан айырмашылығы
Шартты рефлекстердің тежелуі
Шартты рефлекс түрлері
Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті
Мінез - құлықтың рефлекторлық табиғаты
Шартты рефлекстің тежелуі
Шартты рефлекстерді қалыптастыру
Шартсыз рефлекс Шартты рефлекс
ЖОҒАРҒЫ ЖҮЙКЕ ӘРЕКЕТІ
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz