Тұлғалық - бағдарлы оқыту



1
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Орындаған: Төлендиева Арайлым
Тобы: 1508-19
Қабылдаған: Тоқтасынова Асылзат
Тұлғалық-бағдарлы оқыту

2
Тұлғалық-бағдарлы оқыту денегіміз мұнда оқушынаң жеке тұлғасы, онаң даралылығы, өзін бағалауы басты талап болып табылады, алдымен әрбіреуінің субъективті тәжірибесі ашылады, содан кейін оқыту мазмұнына сай келісіледі. Тұлғалық -бағдарлы оқытуды іске асырудың жолдарының бірі ынтымақтастық пен өзара қолдауға негізделген топтық насандарды қолдану. Осындай оқытудың нәтижесінде мазасыздану деңгейі мен шиеленісу алынап тасталады. Оқытуда қабылдаудың: «көремін»- «естимін»- «сеземін» сенсорлық жүйелерін пайдалану қажет.

3
«Тұлғалық-бағдарлы оқыту» терминін алғаш И. С. Якиманская енгізді
және оның басты талабы - «бүкіл біліми үрдістегі басты әрекеттенуші фигура
оқушы екенін мойындау» деп анықтайды
Ендеше, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз - тек оқушыларды
бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл -
ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі
жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері:
- дамыта оқыту;
- баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау
көрсету;
- тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде
қарастырады.
Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты - адамды қолдау,
дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің
тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға ынтымақтастық,
сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын
қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа,
мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен
еркіндік беру сипаты тән.

Тұлғалық-бағдарлы оқыту ізгілендіру психологиясына негізделеді. 60-шы
жылдардан оның негізін қалаушылар американдық психологтар Абрам
Маслоу, Карл Роджерс, Г. Олпорт және т. б. болып табылады. Ізгілендіру
психологиясы әрбір адамның жеке тұлғасының құндылығын мойындаудан
тұратын және адамды үздіксіз даму мен шығармашылық мүмкіндіктерін
жүзеге асыруға, өзін-өзі көрсете білуге бағытталған бағыт. Бұл бағытта
ресейлік ғалымдар (И. С. Якиманкая, В. А. Петровский, А. А. Леонтьев және т. б. )
көп ізденді. Шетел ғалымдарынан бұл бағытта А. Маслоу, К. Роджерс
еңбектерін атап өтуге болады. К. Роджерс өзінің «Мен тұжырымдамасын»
дәлелдей отырып, баланы өзінің ой сезімдеріне сәйкесті өмір сүруіне үйрету
керектігін атап өтеді.

Авторлар өз пікірлерін тұжырымдай келе, тұлғалық
тұрғыдан білім берудегі маңызды қағидаларға тоқталып өтеді, олар:
1) тұлға генетикалық және биологиялық факторлардың негізінде
қалыптасады, оларда генетикалық деңгейде денелік және жүйке психикалық
дамуының белгілі бір бағдарламалары бар. Соны дер кезінде және дұрыс
өрістету баланың психикалық даму деңгейін және баланың әлеуметтік ортаға
енуін анықтайды;
2) бастапқыда бала тұлғалық өсу мен өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады;
3) адам өзінің жеке іс-қимылдарын басқаруға, ортаның әсерін жеңуге, өзінөзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға қабілетті саналы тірі ағза;
4) баланың мінез-құлқына оның объективті құбылыстардың көрінісі
ретіндегі субъективті әсерленушілігі елеулі әсерін тигізеді;
5) баланың іс-әрекетін оның тек кейбір аспектілерін зерттеу арқылы
(соның ішінде оның мінез құлқына ықпал жасау) түсіндіру мүмкін емес, оны
біртұтас жүйе ретінде зерттеу қажет.

Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:
- В. Ф. Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;
- П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;
- В. В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
- Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
- Л. В. Занковтың, Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
- Ю. К. Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы;
- М. Чошановтың, П. И. Третьяковтың, К. Я. Вазинаның, В. М. Монаховтың модульдік оқыту технологиялары;
- Г. К. Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;
- Ж. А. Қараевтың, Т. Т. Ғалиевтің, Ә. Жүнісбектің, М. М. Жанпейісованың, Н. Н. Нұрахметов пен К. Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал.

Е. В. Бондоревская бойынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті 4 компонент міндетті түрде болуы қажет: Аксеологиялық Когнитивті шығармашылық-әрекеттік жеке тұлғалық. Тұлғалық бағдарланған оқыту технологиясы Г. К. Селевко бойынша, ең негізгі құндылығы -оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты - табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

ҚОРЫТЫНДЫ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz