Құрамында глюкозиді бар өсімдікпен улану


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам Ветеринария факультеті Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы

Құрамында глюкозиді бар өсімдікпен улану

Орындаған : Тексерген :

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Slide 2

Жоспары: 1. Гликозидтердің анықтамасы, жіктелуі 2. Құрамында гликозидтері бар өсімдіктен улану 2. 1Токсикологиясы 2. 2 Клиникалық белгілері 2. 3 Балау 2. 4 Болжамы 2. 5 Емі 2. 6 Патологиялық- анатомиялық өзгерістері 2. 7 Алдын алу шарттары 3. Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерге сипаттама

Slide 3

ГЛИКОЗИДТЕР

сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және «аглюкондар» (углеводсыз компонент) түзетін, эфирге ұқсас, азотсыз, органикалық қосылыстар. Улылық қасиеті түзілетін "аглюкондарға" байланысты. Олар альдегидтер, қышқылдар., алкалоидтар т. б болуы мүмкін.

Slide 4

Гликозидтер құрамына қарай үш топқа бөлінеді:

Slide 5

Fалымдардын зерттеу деректері (А. К. Голосницкий) бойынша,

токсикологиялык мәні бар барлық гликозидтер 4 топқа бөлінеді:

Slide 6 Slide 7

Құрамында глюкозиді бар өсімдік-

қарамықшадан (Agrostemma githago)

улану

Slide 8

Қарамықшанын ұрығының улылығы құрамындағы сапонин тектес заттарға - гитагин және агростем қышқылына байланысты. Бұл заттар гемолитикалық улар ретінде әсер етеді. Құрамы және құрылымы нақты зерттелмеген. Ауыл шаруашылық малдары және құстар қарамықшаның ұрықтарынан ғана уланады. Өйткені олардың құрамында жоғарыда аталған сапонин тектес заттар орта есепен 6, 5% кездеседі.

Токсикологиясы

Slide 9

А. П. Онеговтың зерттеулері бойынша, қарамықшадан улану кезінде эритроциттердің және лейкоциттердің мөлшері біршама азаяды.

Улардың тікелей әсері тері мен кілегейлі қабықтарды қабындырады және тітіркендіреді.

Ішек-қарын жолдарының зақымданбаған кілегей қабықтары сапониндерді нашар сіңіреді. Ал, керісінше, кілегейлі қабықтары катаралды қабынған малдар қарамықшадан тез уланады.

Сондай-ақ, қарамықшаға жануарлардың сезімталдығы да бірдей емес. Е. Френер айтқандай, қойлар, ешкілер және қояндар қарамықшадан улануға мүлдем бейім емес. Ересек ірі қаралардың да сезімталдығы темен, бірақ бұзауларының улануы жиі байқалады. Шошқалар, иттер және құстар улануға өте бейім жэне сезімтал келеді.

Slide 10

Қарамықшаның уландырып, өлімге ұшырататын мөлшері жануардың 1 кг тірі салмағына шаққанда төменгідегідей:

бұзаулар үшін-2, 5г,

шошқалар үшін-1г,

иттер үшін-0, 9г,

тауықтар үшін-2, 5г.

В. 3. Целиктің айтуынша жануарлардың 100 кг. салмағына шағып, 5кг-ға дейін қарамықшаны азығына қосып, азықтандыруға болады.

Буаз малдар азығына қарамықшаны араластырмаған жөн, түсік тастауы мүмкін.

Slide 11

Қарамықшадан малдардың улануы:

Клиникалық белгілері:

Slide 12

Iрі қара және ұсақ малдар

Күйіс қайыратын малдардың қарамықшадан улануы өте сирек кездеседі. Қойлар, ешкілермен салыстырғанда ірі қара улануға сезімтал келеді. Азықпен жеткілікті мөлшерде қарамықша тұқымының ішке түсуі кезінде сілекей көп мөлшерде бөлінеді, жануарларда қозу, мазасыздық және күйзелу пайда болады, сонымен қатар, олар тістерін шықырлатып, жөтеледі, қарын аумағында ауырсынулар пайда болады, тәбеті жойылып, күйіс қайыруы тоқтайды. Мұндай құбылыстар азықпен бірге қарамықша дәнін жеу нәтижесінде бірнеше күн (4-5) өткеннен соң байқалады. Созылмалы улану кезінде жүрек-кан тамырлар жүйесінің (әлсіз және жиі тамыр соғысы, гемолиз кезінде зәрде қанның болуы), жүйке жүйесінің (жалпы сезімталдықтың төмендеуі), асқорыту мүшелерінің (іш өту) қызметі бұзылуы мүмкін.

Бұзаулардың жіті улануы температурасының жоғарылауымен, гастроэнтеритпен және жүйке жүйесінің зақымдалуымен байқалады. Қанды зерттеу кезінде ондағы эритроциттердің және лейкоциттер санының азайғандығын көруге болады. Жануарлар екі аптадан кейін айыға бастайды.

Slide 13 Slide 14

Шошқалар

Шошқалардың улануы, олардың қарамықшаның уытты бастамасына сезімтал болуымен сипатталады. Алайда олардың құсуына байланысты, қарамықшаның жіті түрімен улануы созылмалы түріне қарағанда сирек кездеседі. Торайлар қарамықшаға ерекше сезімтал келеді.

Шошкалардың улануы кезінде сілекей қатты бөлінеді және iш өту байқалған. Басқа жануарлармен салыстырғанда шошқаларда орталық жүйке жүйесі және қан тамырлар жүйесі жиі зақымдалады. Бұл жануарларда уланудың клиникалық белгілері қарамықшамен азықтандыруды бастағаннан кейінгі 3-4 күннен соң байқалады. Алғашқы күндері сілекей бөліну және кұсудан басқа ештеңе байқалмайды. Дене температурасы аздап көтеріледі, ал өлер алдында төмендейді.

Slide 15 Slide 16

Құстар

Құстар қарамықшаға сезімтал келеді. Улану деңгейі азықтағы қарамықша мөлшеріне байланысты.

Ересек тауықтардың 1 кг салмағына шаққандағы қарамықшаның 8-10г мөлшері өте кауiпті және улану тудырады. Улану cілекейдің бөлінуімен, бас және мойынның қалыпсыз козғалысымен сипатталады. Сонымен қатар іш өту, жалпы әлсіздік және кілегейлі қабықтарының сарғаюы байқалады. Қарамықша aраласқан қосылған азықты жегеннен кейін бірнеше күннен соң өлімге ұшырайды.

Slide 17 Slide 18

Балау

Балау үшін клиникалық белгілер жеткіліксіз.

Азықты зерттегеннен кейінгі ғана этиологиялық жағдайларды ескере отырып нақты балауға болады.

Slide 19

Болжамы

Жіті жағдайларда төлдерде болжамы қолайсыз, созылмалы жағдайларда болжамы жағымды. Өйткені уланудың аяғы көбінесе жануарлардың толық айығуымен аяқталады.

Slide 20

Емі

Қарамықшадан улану кезіндегі емдеу шаралары улы залалсыздандыруға және одан әрі организмге түспеуіне бағытталған.

Құрамында қарамықша бар азықпен азықтандыруды тоқтату қажет.

Қарынды шаяды, кұстырғыш және кілегейлі заттар береді.

Жүрек қызметін жақсартатын заттар беруге болады : эфир, кофеин, камфора


Ұқсас жұмыстар
Таушымылдық гүлі
МИКОТОКСИКОЗДАР
Өсімдік тектес улы заттардың токсикологиясы
Биогеоценотикалық зерттеу арқ ылы эндемиялық аурауларды анық тау
Дәрілік өсімдіктер
Құрамында күкірті бар эфир майлары
Өсімдік токсикологиясы
Өсімдіктердің токсикологиялық классификациясы. Өсімдік уларының ерекше әсері. Тағамдық токсикоз
Шашқа арналған сусабын өндірісі
Өсімдік улары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz