Сүйек ұштарының қалыпты қатынасының бұзылу себептері


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам Ветеринария факультеті Клиникалық ветеринариялық медицина

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Орындаған :

Тексерген :

Буын ауруларының

рентгендиагностикасы

Slide 2

Буын-екі немесе үш сүйектің қозғалмалы байланысқан жері

Буын құрылысы:

1. Буын қапшығы - буынды сыртынан қаптап жатады.

2 қабаттан тұрады:

Фиброзды жарғақ- қорғаныш қызметін атқарады.

Синовиялы жарғақ- синовияны бөледі.

Синовия - сүйектердің шеміршекті беттерін майлап, оларды қоректендіріп түрады.

2. Буын қуысы

3. Буынның көмекші мүшелері:

шеміршек дискілер

шеміршек шегіршектер

буын ішіндегі жңне сыртындағы сіңірлі байламдар

буынның сыртындағы тиекше сүйектер

4. Гиалинді буын шеміршегі- буын қуысына қараған сүйектердің буын беттерін қаптайды.

Slide 3 Slide 4

Буынға қатынасты сүйектердің арасында рентгенограммада қуыс көрінеді. Бұл жерде буын шеміршегі бар, ал шеміршек рентген сәулесін бойына тұтпағандықтан ашық жер болып көрінеді. Бұл қуыстар рентгенограммада ғана көрінетіндіктен, жасанды рентген сәулесі арқылы болған буын қуысы деп аталады.

Slide 5 Slide 6

Сүйек ұштарының қалыпты қатынасының бұзылу себептері:

Көбінесе жарақаттанудан

Тұқым қуалайтын буынның патологиялық құбылыстарынан

Slide 7

Сүйектердің буын жақ беттерінің бірімен бірінің толық сәйкессіздікте болуы.

Буынның шығуы

Сүйектердің буын жақ беттерінің бірімен бірінің жартылай сәйкессіздікте болуы

Буынның тайып кетуі

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Буынның жартылай не толық шыққанын, шыққан буындағы сүйектің маңайындағы сүйек бөлшектерін, сүйекті қоршап жатқан ұлпаның жағдайын көру үшін жамбас немесе иық буындарын рентгенографиялық тәсілмен зерттегенде рентгенпленканың аумағы үлкен болуы керек. Мұндай көлемді суреттер буынның зақымдануынан басқа да жарақаттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Slide 11

Артрит - буында болатын қабыну

Буындағы патологиялық құбылыстар рентгенограммада рентгендік буын саңылауының өзгеруінен, шеміршек асты қабының, буынүсті пішініне және сүйек шетінің буын ішіне немесе сыртына өсінділердің пайда болып, буындағы қалыпты байланыстың бұзылу себебінен болуы да мүмкін.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Буын саңылауының кеңеюі себептері:

буын шеміршегінің қалыңдай түсуінен;

буын шеміршегінің өсуінен болады (остеохондропатияда), бұл үй жануарларында жиі кездеспейді;

экссудаттардың жиналуынан,

буын жазығының қанталауынан,

буын жазығында грануляционды ұлпаның өсуінен

Slide 15

Буын саңылауының тарылуы- буын шеміршегінің жартылай немесе толық бұзылуын анықтайды.

Буын шеміршегі - тамырсыз ұлпа, инфекцияға өте төзімді, кейбір жағдайда ғана өздігінен бірінші зақымданады. Көбінесе қабыну құбылысы шеміршекке буынның синовиальды қабығы арқылы буын қапшығына өтеді. Іріңді құбылыста экссудаттың құрамында хондролитикалық заттар болады. Ол шеміршектің өлуіне немесе еруіне әкеледі және рентгендік буын саңылауының тарылуына немесе кеңеюіне апарады.

Slide 16

Буынның тарылуы алғашқы артроз ауруында да болуы мүмкін, яғни буын шеміршегінде күрделі дегенеративті- дистрофиялы құбылыс болғанда шеміршек құрғайды, әлсірейді, шашақтанады, буферлі ерекшелігін жоғалтады. Шеміршек пластиналары қысылып, жіңішкереді және тарылады. Нәтижесінде күш көбірек түскен жерлерде сүйектің буын үсті жалаңаштанады, рентгенограммада буын саңылауы бірыңғайсыз тарылады.

Slide 17

Артроз - тек буында ғана емес, сондай- ақ буынды құрайтын сүйек, сіңір, шеміршектердің дегенеративті - дистрофиялық құбылысының әсерінен болатын қабыну.

Slide 18 Slide 19

Малдардың жас ерекшеліктеріне қарай физиологиялық артроз болуы мүмкін. Оның мәні мынада: буынның гиалинді шеміршегінде қан тамырлары болмайды, ал буын шеттеріндегі біріктіргіш ұлпалы шеміршектерде қан тамырлары жақсы жетілген. Кәрі малда гиалинді шеміршек қан арқылы қоректенбегендіктен ескіріп жұқарады және қайта қалпына келмейді, сондықтан рентгенограммада рентгендік буын саңылауының тарылғаны байқалады. Ал біріктіргіш ұлпалы шеміршек қан тамырлары арқылы қоректенуін тоқтатпайды, нәтижесінде ол өседі, бұтақталады, сосын сүйектенеді. Артроз кезінде де дәл осындай, бірақ құбылыс физиологиялық емес, керісінше патологиялық болып келеді.

Slide 20

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Сүйектің сынықтары және оның рентгенологиялық белгілері
Сүйектердің шығуы
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
Қанның қызметі
Жарақатты анықтау
Көру кемістігі бар балаларды психологиялық педогогикалық сипаттамасы
Көмірсу алмасудың диагностикасы
Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байланыстары
Липидтердің алмасуы
АЙТЫЛУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz