Ірі - қара телязиозын және жылқы спируратозын балау


Slide 1

Тақырыбы: Ірі-қара телязиозын және жылқы спируратозын балау

Орындаған:

Тексерген:.

.

Slide 2

Телязиоз - iрi қараның көзiнде паразиттiк тiршiлiк ететiн жұмыр құрттар тудыратын гельминтоз.

Тек бұтағы: Spirurata

Тұқымдасы: Thelaziidae

Туысы: Thelazia Түрлері: Thelazia rhodesi

Th. gulosa

Th. skjabini

Ноғала кеңiнен тараған аурулардың бiрi, ол сиыр сүтiн кемiтедi, бұзаудың өсу қарқынын тежейдi, дерт асқынғанда малдың көзi көрмей қалады.

Аталған спирураталар iрi қарадан басқа зубр, қодастан табылған.

Slide 3 Slide 4

Musca autumnalis Lordiphosa andalusiaca Fannia canicularis

Өсiп-өнуi:

Телязиоз қоздырғыштары биогельминттер;

Аралық иесi: сиыр шыбындары

Ақтық иесі: ірі қара мал

Slide 5

Шыбындар көздiң жасын жалап-сору арқылы балаңқұрттармен залалданады.

Личинкалар шыбын денесiнде 0, 5-1 айдың iшiнде өсiп жетiледi.

Жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар шыбынның басына ауысып тұмсықтарына енедi.

Шыбын ірі қара мал көзiне қонған сəтте, құрт балаңқұрттары жəндiк тұмсығынан шығып, көздiң кiлегей қабығы қуысына немесе жас безiнiң түтiкшелерi- не енедi.

Мұнда олар 1-1, 5 ай өткен соң жынысы жетiлген ересек құртқа айналып бiрнеше ай, ал кейде бiр жылға дейiн өмiр сүредi.

Slide 6

Эпизоотологиясы.

Телязия құрттары елiмiздiң Солтүстiк өлкесiнен басқа жерлердiң бəрiне тараған.

Телязия құртын сиырдан жылдың қай маусымында болсын табыла бередi, бiрақ ауру жаз айларында көп кездеседi. Себебi жазда қоздырғыштардың аралық иелерi шыбындар өте көп.

Жануар дерттi көбiнесе өрiсте жұқтырады, алайда телязиоз iрi қараны қорада ұстағанда да байқалуы ықтимал.

Ал, жазғытұрым паразит тасымалдаушы шыбындарға инвазияны жұқтырудың негiзгi көзi ауруға душар болған сақа мал. Өйткенi қыста нематодалар мал организмiнде сақталып қалады.

Телязиоз мал жасын талғамайды. Бұл гельминтозға iрi қараның кəрi-жасы бiрдей шалдығады, бiрақ бұзаулардың ауруы неғұрлым жiтi түрде өтедi.

Slide 7

Аурудың өрбуi жете зерттелмеген.

Телязиялардың механикалық əсерiнен көздiң iшкi кiлегей жəне мүйiзген қабығы қабынып, алдымен сарысулы (шырышты) коньюнктивит, кератит пайда болады.

Көп ұзамай ағзаға зардапты микрофлора енедi. Соның салдарынан патологиялық процесс бiртiндеп iрiңдi қабынуға ауысады.

Бүлiнген мүйiзген қабығы күңгiрттенiп, көзi қарауытады, қабынған коньюнктивi iсiп кетедi, қабақ ауырған көздi бiржола жабады.

Мүйiзген қабығының əр тұсынан жарақаттар (эрозиялар) шығады, көз бұршағы (хрусталик) да өзгерiске iлiнедi.

Көздiң жараланған тұстарын дəнекер ұлпалар басып алады, оның арты асқынған ноғалаға апарып соғады.

Қарашығы зақымдалып, жануар су қараңғы болып қалады

Slide 8

Сырт белгiлерi.

Аурудың бастапқы кезiнде жануардың көзi қан кернеуiнен (гиперемия) қызарып кетедi, одан жас сорғалайды, кiлегей қабықтары мен қабағы iсiнедi, көзi қарығады, яғни мал жарыққа қарай алмай көзiн жыпылықтата бередi.

Бара-бара көз iрiңдейдi, iрiң көздiң бұрышында, кiрпiктерде қабыршақтанып қатып қалады.

Қабақтың iсiнуi соншалықты, тiптi көздi басып тастайды.

Slide 9

1-1, 5 апта өтiсiмен мүйiзген қабықтың тұмандатқан əр жерiне жарақаттар пайда болады.

Одан əрi жануар көзiн аша алмай, жүрiп-тұруға жасқаншақтайды.

Əдетте дерт 5-8 жұмаға созылады, соңында көз алмасы шегiрейiп, мал мүлде көрмей қалады.

Ноғаламен ауырған сиырдың сүтi кемидi,

Салмағы азаяды,

Қаны төмендеп, арықтайды.

Slide 10

Диагностикалау:

Телязиозға диагноз қою үшiн жануардың көзiн жуып шайып, шайындының iшiнен ересек құртты не оның личинкаларын iздестiрiп табу шарт. Ол үшiн көзi жасаурап қызарып тұрған iрi қараны бөлiп алады да, құрттың бар-жоғын тексередi.

Əуелi түлiктiң басын мықты шарбаққа не бағанаға байлап бекiтедi. Асау бұзаутайыншаларды екi танауынан қысып ұстап бекiтуге болады.

Малдың басын бiр жағына сəл қисайтып жəне төмен қаратып, оның үстiңгi жəне астыңғы қабақтарын сол қолдың саусақтарымен көтерiп ашады,

Ал оң қолмен үшiншi қабақ тұсынан көз ұсына 2-3 пайыздық бор қышқылының ерiтiндiсi немесе басқа антисептикке толы резина бүрiккiш ұштығын кiргiзедi де, сұйықтың қатты ағынымен жуып-шайып, бар нематодаларды айдап шығады.

Көмекшi адам түбi қара түстi ыдысты (əдетте фотографиялық ыдыс) көз астында тосып тұру керек.

Көздi шайып болғаннан соң шайындыдан ақшыл түстi жыбырлап жүрген Th. rhodesi құрттарын көремiз.

Slide 11 Slide 12

Ал телязияның қалған екi түрi “тереңде” қоныс тебуiне байланысты бұл əдiспен табылмайды. Бiрақ олардың балаңқұрттарын iздестiруге болады.

Жас безiнен бөлiнiп аққан сұйықты жинап алып, оны үлкейткiш əйнекше (лупа) микроскоп көмегiмен тексередi.

Өлген малдарды зерттегенде жоғарғы көз қабағын өзiне қарай тартып, iшiнен жас ағарын тауып алып, кiшкене, жiңiшке, сүйiр қайшымен оны ұзынынан тiледi, тiлiк арасынан жұмыр құрттарды табуға болады. Немесе қайшының көмегiнсiз-ақ жасағарды қолмен сығыңқырағанда да гельминттер шыға келедi.

Кейде көздiң жас безiн қандауыр пышақпен тiлiп ажыратып, бөлек алды да, жеке ыдысқа салып жаяды. Көп кешiкпей гельминттер су бетiне қалқып, соңынан тұнып ыдыстың түбiне түсiп жиылады.

Slide 13

бор қышқылы лизол ихтиол

Емi:

Алдымен көзге түскен бөгде заттарды алып тастау керек.

Қабынған көздiң iшiн 2-3 % бор қышқылы, лизолдың 3 %-эмульсиясы, 3% ихтиол эмульсиясымен жуады Жоғарыда көрсетiлген дəрiлермен дегельминтизацияны 3 рет 2-3 күн жүргiзедi.

Қабынған көздiң iшiн йодтың су ерiтiндiсiмен жуады. Ол үшiн 2 л суға 1 г қиыршықты иодты, 1, 5-2 г йодты калийдi ерiтедi.

Slide 14

Аталған əдiстермен тек Th. rhodesi құрттарын ғана жуып шаюға болады, ал паразиттiң қалған екi түрiне антигельминтиктер ешқандай əсер етпейдi. Оларға қарсы тиiмдi дəрмектердiң бiрi дитразинцитрат. Оны бiр тəулiк аралатып 0, 015 г/кг мөлшерiнде мойын ортасынан сəл жоғары терi астына немесе бiр қайтара көз шарасына ұясына құяды.

Х. С. Сатыбалдин (1971) галванокаутер құралын жəне онымен емдеу тəсiлiн өндiрiске енгiздi. Кiшкене үшiншi қабақ безiн жəне жас бездерiн аталған аспап ұштығымен күйдiрудi ұсынады

Slide 15

Тек тармағы: Spirurata

Тұқымдасы: Spiruridae

Түрлері: Draschea megastoma, Habronema microstoma,

H. muscae

Жылқыдан басқа бұл нематоздарға есек, қашыр шалдығады.

Ересек гельминттер жануардың асқазанында тiршiлiк етiп, оны жаралайды, ал олардың балаңқұрттары малдың өкпесi мен терiсiн зақымдауы мүмкiн

Жылқы спируратозы

Габронематоз

Драшейоз

Slide 16

Habronema microstoma

Draschea megastoma

H. muscae

Slide 17

Қоздырғышы ұсақ құрттар,

ұзындығы 0, 7-ден 2, 5 см-ге дейiн,

енi 0, 55 мм.

Түсi ақ, ауыз тесiгi төрт ерiнмен көмкерiлген, ауыз қуысы цилиндр тəрiздi.

Еркектерiнiң құйрық буылтығы жоқ, бiрақ бүйiрлерiнде екi қанатшалары жəне екi тең емес спикуласы бар. Əдетте сол жақ спикуласы ұзын-жiңiшке, ал оң жақ спикуласы қысқа-жуандау келедi.

Драшейаның ауыз ерiндерi айқын көрiнiп тұрса, ал габронемалардiкi аса көп бiлiнбейдi.

H. microstoma құртының бəтегi дененiң артқы үшiншi бөлiгiнде орналасса, гельминттiң қалған екi түрiнiң жыныс тесiгiалдыңғы бөлiгiнде ашылады. Құрт жұмыртқасы сопақша не жартылай цилиндр сияқты, қабығы тым жұқа, тұрқы 0, 087 мм, iшiнде қалыптасқан балаңқұрттары бар.

Slide 18

Өсiп-өнуi

Ақтық иелерi-жылқы тектес жануарлар. Аралық иелерi- үй шыбындары /Musca domestica/ жəне қара шыбындар /Stomoxys calcitrans/.

Musca domestica

Stomoxys calcitrans

Slide 19

Жылқы асқазанындағы құрт ұрғашылары көптеген жұмыртқалар салады, олар түлiктiң нəжiсiне қосылып, сыртқы ортаға шығады.

Сыртқы ортада нəжiстегi жұмыртқалармен шыбын балаңқұрттары қоректенедi. Шыбынның личинкалары бастапқы кезде қауызшаның iшiнде болып, кейiн ересек шыбынға айналады да, ал оның денесiндегi паразит балаңқұрттары 0, 5 айдан кейiн жұқтыру дəрежесiне жетедi.

Жылқы гельминтозға əртүрлi жолдармен шалдығады.

Шыбын мал танауының маңына қонған шақта, паразит балаңқұрттары шыбынның тұмсығынан шығып тез қимылдап, малдың ауызына кiредi, одан əрi азық немесе сумен бiрге асқазанға барып түседi де 1, 5-2 айдан кейiн өсiп, жынысы жетiлген ересек құртқа айналады.

Ал кейбiр жағдайда тыныс жолы арқылы өкпеге түсiп, “габронема түйiнiн” түзедi.

Егер де шыбын терi жарақатына қонса, онда “терi габронемозы немесе драшейозы” пайда болады. Оларды кейде “жазғы ойық немесе ойылым жаралар” деп те атайды. Терi жарасы мен өкпеге түскен балаңқұрттар əрi қарай дамуын тоқтатады.

Slide 20

Эпизоотологиясы

Драшейоз жəне габронематоз Қазақстанның барлық жерiне тараған, əсiресе Оңтүстiк өңiрлерiнде жиi ұшырайды. Қолда ұстаған қорадағы малдың бұл дертпен барлық жастағысы ауырады.

Олар бұл кеселге тек жазда, шыбын ұшқан мезгiлде шалдығады.

Slide 21

Аурудың өрбуi жəне өлекседегi өзгерiстер.


Ұқсас жұмыстар
Жануарлар пироплазмидоздары
Ішектердің түйілуі
Патанатомиялық өзгерістері
Жылқы нутталиозы
Жануарлар ішкі аурулары клиникалық балаумен пәні
Сарып (некробактериоз)
ТОПАЛАҢ ОНЫ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Қарасан қоздырушысы
Малды тіркеу
Листериоз жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz