БЕСІК ЖЫРЫ
Презентация қосу
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Бесіктің пайдасы және
бесікке қатысты ырым -
тыйымдар»
Дайындаған:
Топ: ИЕТ
Тексерген: Кенжеғал
БЕСІКТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш
төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ,
Үндістан, Қытай жерін мекендейтін
халықтардың басым көпшілігі пайдаланады.
Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі
өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден
тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан,
көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік
жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы
болады. Бесік баланың тазалығына өте
қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек
пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды.
Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып
отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен
жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін
сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы,
кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан
айналу жүйесіне керісінше әсер етеді.
Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-
аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды.
Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек,
қолбау, тізебау, тізе жастық, бесік көрпе
даярланады. Бесіктің жер бесік, аспалы бесік (
әлпеншек) деген екі түрі кездеседі. Қазақта
бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып
есептеледі.
Қазақ ұлттық этнология саласына тән –
қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады.
Бесік – қазақ қауымы үшін аса қастерлі,
қасиетті мүлік. Оны адами өмірдің бастапқы
ұясы деп біледі.Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен
бабаларымыздан қалған қасиетті мұра.
Қазақта “Есік көргенді алма, бесік көргенді
ал”, “Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді”,
“Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық”,
“Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді” деген
ұлағатты сөздер содан. Көшпелі тұрмысқа
бейімділігі сонша, бесікті анасы атқа мінгенде
алдына өңгеріп алып жүре береді. Жол қанша
ұзақ болса да бала қиналмайды, бейқам
ұйқысы бұзылмайды. Тау – тастан асып,
жауын – шашынға ұрынса да, нұқсан
келмейді. Ұзақ жол үстінде де еги жері
былғанбайды. Осындай тазалыққа өне бойы
дағдыланғандықтан бір жері ақаулықтан
денесіне дымқыл, не дайрақ тисе, сәби
ыңқылдап тынышы кетеді, тіпті шырқырап
жылай бастайды.
БЕСІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Арқалық (арыс, белағаш) – ұзындығы
70-75 сантиметр, ұстап тұруға ыңғайлы,
бесіктің ең үстіңгі, көлденең, жұмыр бел
ағашы
Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) –
негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы
әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын
сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың
ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің
аңғарларын керіп тұратын екі қысқа
жақтаудың ені бесік еніне тең.
Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің
аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға
біркелкі қашықтықта көлденең қашалып
бекітілген бесік еніндей тақтайша.
Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі
ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік
ұзындығына тең жұмыр ағаш.
Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына
қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры
қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы
бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз
етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар
табан деп те атай береді.
Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек
салынатын ортасындағы бөлігі.
Шүмек. Бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін
қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші
басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше.
Кейде айрықша аппақ болуы үшін оны алғаш
пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады.
Түбек. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы
былғанбас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды
тесіп орнататын алмалы-салмалы киіз қалта.
Шағын шыны құтылар (банкілер) пайда бола
бастасымен содан түбек жасалатын болды.
Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.
БЕСІКТІҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
1. Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін
шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген
тұсында ойығы болады.
2. Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз
төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды
(қаузау киіз).
3. Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына
құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш.
Оның да түбек түсетін тұсында ойығы болады.
4. Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін,
арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.
5. Көрпе. Жай матадан әзірленген көрпені
жаздыгүні, ал арасына мақта салып қабылған
көрпені қыстыгүні қолданады.
6. Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне
кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене
жастықшалар қойылады. Ол жастықшалар
түбек орналасқан ойықтың төңірегіне төселеді.
7. Тартпа бау. Тартпа бауларды кейде таңғыш деп те атай
береді, олар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады. Немесе
екі-үш қабат матаны сырып, бауларды ызып әзірлейді.
Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің
көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа
баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға
таңылады.
8. Түбек. Түбек қыштан, көннен, күйдірілген саз
балшықтан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді.
Қыстыгүні сыртына киіз, қайыс немесе былғарыдан
тігілген қап кигізіп қояды. Түбектің түбіне сәл күл сеуіп
қолданады.
9. Шүмек. Шүмекті ағаштан да сүйектен де әзірлеуге
болады. Ұл баланың шүмегін асықты жіліктің асық
тұрған басынан ойық ойып әзірлейді. Екінші қарама-
қарсы басын шорт кесіп тастап, қырларын егеп жұмырлап
қояды. Қыз баланың шүмегін ескі, көп ұсталып майсіңді
болған уықтың қарынан (иінінен) жасайды, ойығын
ұлдікіне қарағанда сәл сопақтау етіп ойған жөн. Шүмек
баланың денесіне баптау үшін қырларын тегістеп
жылтыратып, зәрді сорып алмауы үшін майға қайнатып
алған соң пайдалана беруге болады.
10. Жабу. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген,
кестеленген арнаулы жабуы болады. Ол бесікке бөленген
жас нәрестені маса-шыбыннан, желден, шаң-тозаңнан,
күн көзінен, суықтан қорғайды.
БЕСІК ЖЫРЫ
Әлди, әлди, әлпешім! Ұйықта десем, күлесің,
Ұйықта Айналайын күлкіңнен!
деймін, ұйықтайсың. Ер жеткен соң білесің,
«Мә-мә» берсем қайтесің, «Тұр-тұрлармын» бір күн
Ұйықта десем, ұқпайсың. мен.
Жоқсың бүгін көз ілген, «Кешіктің, – деп, –
Көп ісімнен бөгедің. сабақтан»,
Жаудыраған көзіңнен!.. Тыншыңды алсам «тұр-
тұрлап»,
Ұйықтай қойшы, бөбегім.
«Жоқ қой әлі таң атқан», –
Әлди,әлди, әлди-ді,
Деп жүрмеші бұртындап.
Әлди біздің қалғиды.
Әлди, әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.
БЕСІКТІҢ ПАЙДАСЫ
Оның ұрпақ үшін оның пайдасы ұшан
теңіз Айталық:
Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос
жатқан сәбидің ұйқысы тыныш
болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың
зердесі толық жетілмейді.
Екіншіден – баланың мазасыздығы
ананың психологиясына әсер етеді.
Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге
беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған
бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен
кезде сәби керiлiп-
созылып ,рахаттанады. Денесінің әртүрлі
күйде болуы оған демалыс сыйлайды.
Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза
болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне
дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады.
Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы
сыптай болып өседі.
Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен
ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір
жүйе, тәртіпке түседі.
Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі
әбден сіңеді. Қайырымды мінез
қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған
баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін
кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының
бір парасы ғана. Бесікті пайдаланбау
арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден
айырылып жатырмыз. «Бесікке салу»,
«Тыштыма», т.б. жоғалды. Үлкен жазушы
Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді
түзе!» дегенді тегін айтпаған шығар
БАЛАНЫ БЕСІККЕ САЛУ ДӘСТҮРІ.
1.Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою
Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл
томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері
шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын
ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын
– орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен
аластап шығады.
2.Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды
қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы
бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды.
Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те
ырымдайды.
3.«Тыштыртыма» ырымын жасау
Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы
жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит
және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған
алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма»
дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу
ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы
алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт
дарытсын деген ниетпен туған рәсім.
4.Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген
және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу
ержеткенде халықшыл болуына, жүген те
БЕСІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
1. Бос бесікті тербетуге болмайды.
2. Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды.
Айтқан бағасына сатып алу керек.
3.Кез келген адамға беруге болмайды.
4.Аяқ астына тастауға болмайды.
5.Бесіктің өзін отпен аластап қояды.
6.Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек.
Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына
орамал байлап қою қажет.
7. Бесіктің теріс жағына отырмайды.
8.Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс.
Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz