Этанолдың өнеркәсіптік өндірісі
Презентация қосу
Этанолдың
өнеркәсіптік өндірісі
Орындаған:Пернебаева Жания
Группа:19-009-1
Қабылдаған:Рыспаева Салимат
Этил спирті, этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз,
күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С,
қайнау t 78,39°С.
Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органик. еріткіштермен кез
келген қатынаста жақсы араласады. Этилды өнеркәсіпте алу үшін этиленді күкірт
қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды; зимаза ферментінің әсерімен а. ш.
шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б.
өсімдіктерді гидролиздейді. Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу,
фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі,
этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органик. өнімдерді алу үшін бастапқы
шикізат ретінде; мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады.
Өндірілетін Этилдың көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін жұмсалады
Этил спирті ауадан ылғалды өзіне жақсы сіңіреді, жақсы
еріткіш, сумен, эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т.б.
Көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады.
Этил спирті екі түрлі тәсілмен алады: ферментативтік
немесе биохимиялық; химиялық немесе синтетикалық.
Бірінші тәсілде ашытқы ферменттерінің әсерінен
қанттың ашуынан алынады, екінші тәсілде этиленге
катализатор көмегімен суды қосу арқылы алынады
Спиртті крахмалды шикізат – дәннен, картоптан және
қызылшақантты мелассадан алады. Техникалық мақсатқа арналған
спирттің аздаған мөлшерін ағаш гидролизатынан, сульфитті
сілтіден және т.б. алады. Дән шикізатынан бидай, рожь, арпа, сұлы,
жүгері және дәндердің басқа түрлерін де өңдейді.
Осы шикізаттан спиртті периодты және үздіксіз алады. Көптеген
заводтар ашудың үздіксіз сұлбасы бойынша жұмыс істейді. Жеке
заводтар спирт өңдеуде картоп және дән, басқалары қызылша
мелассасын, үшіншілері – екеуінде қолдануға маманданады. Этил
спиртін техникалық қажеттіліктерге – еріткіш ретінде,
синтетикалық каучук өндірісінде, басқа заттар синтезіне, сонымен
қатар сусындар дайындауда және медициналық қажеттіліктерге
қолданады.
Россияда этанолдың көп бөлігі өсімдік шикізатынан микробиологиялық жолмен алынады. Шикізат
ретінде ағаш гидролизаты, меласса, крахмал, сүт сарысуы болуы мүмкін. Этанол өндірісіндегі
қалдықтар құрамында ақуыздар, көмірсулар, рибофлавин және т.б. витаминдер болады және оларды
жем қоспасы ретінде қолдануға болады.
Ағаштан спирт алу кезінде гидролиздеуден бұрын ағашты қалыңдығы 3 мм, ені 10-70 мм және
ұзындығы 25 мм болатындай ұсақ бөлшектерге ұнтақтайды. Гидролиз, ұсақ бөлшектермен
толтырылатын, 0,5 % H2SO4 ерітіндісін қосатын және 1-1,2 МПа қысыммен бу жіберетін үлкен (50
м3 дейін) гидролизді аппараттарда жүреді. Қайнату 40-50 мин жүреді. Ағаштын құрғақ массасынан
45-48% қант алынады. Гидролизаттан алынған орта реакциясы қышқыл, рН 1,8-2,2, сондықтан
гидролизатты құрамында 1,1-1,2 кг/л әк бар әкті сүтпен нейтрализдейді; гидролизатта азот және
фосфор аз болады, сондықтан гидролизаттың әрбір куб метріне 0,3 кг суперфосфат және 0,15 кг
аммоний сульфатын қосады. 850С температурада гидролизат арқылы ауа үрлейді, ортаның рН-ы 5-
6. Гипсты тұндырады, ал гидролизаттың мөлдір бөлігін салқындатқаннан кейін ашытуға қолданады.
Спиртті мелассадан да алады. Алдын ала қоректік ортаны дайындап, өте қарапайым мелассаны
араластырып, қоректік тұздарды қосады. Сусындар дайындау үшін тек бидай шикізаттарынан
алынған спиртті қолданады. Техникалық қажеттіліктер үшін ағаш гидролизатынан және сульфитті
сілтіден алынған спирттер қолданылады.
Микробиологиялық этанолды алу жолдары басқа да мемлекеттерде қарастырылуда. Ашытқыларға
қарағанда, көмірсуларды этанолға 2 есе жақсы ашытатын Zymomonas mobilis бактериялары
табылды.
Этил спиртінің қанға түсу мөлшері және мас болу сатылары.
Жеңіл мас болу (1-1,5 г/л) босаңсу және тынышталу жағдайында эйфория байқалады, сөзшеңдік,
қимылдың белсенділенуі және тепе-теңдіктің бұзылуы. Интуиция төмендейді, өзін-өзі бақылауы,
қоршаған ортаға көзқарасы өзгереді.
Орташа мас болу — 1,5-3 г/л аралығында, АҚ төмендеуі, гаповолемия, мидың және өкпенің ісінуі,
естің жоғалуы.
Ауыр мас болу — 3 — 5 г/л, және одан да жоғары.
Этил спиртінің нейротоксикалық әсері нейрондардың мембранасына және нейромедиатор
метаболизміне әсер етуімен байланысты. Этил спирті фосфолипид тізбегінің май қышқылдарын
үзе отырып, мембраналық тұтқырлығын бұзады.
Этил спиртінің медиаторға әсері қиын, лимбиялық жүйеде, денеде, гипоталамуста және орталық
мида ол дофаминнің синтезін ынталандырады, норадреналин мен дофаминнің босап шығуын және
инактивациясын жоғарылатады, сосын нейромедиатор ресурстары катехоло-метилтрансфераза
және қышқылдану нәтижесінде жойылады. Норадреналин мен дофамин жеткіліксіздігі жалпы
тонусты, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді.
Назарларыңызғарахмет!
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz