ЖҰМЫР ҚҰРТТАР


Slide 1

Жұмыр құрттар типі-Nemathelminhes, Нағыз жұмыр құрттар немесе нематодтар класы-Nematoda

Орындаған: Арқалық Камила

Асабаева Жанерке

Асқарова Гүлназ

Баймбетова Мөлдір

Slide 2

Мазмұны:

1. Жұмыр құрттарға жалпы сипаттама

2. Жұмыр құрттардың типтері

3. Нағыз жұмыр құрттар класыNEMATODA

4. Нағыз жұмыр құрттардың систематикасы

5. Нағыз жұмыр құрттарға жалпы сипаттама

6. Аскарида. Аскаридалардың өмір циклі

Slide 3

Жұмыр құрттар

Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. ǿондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады. Ȁипің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелген) ; зəр шығару жүйесі дамымаған, зəрді денеден тері бездері шығарады немесе протонефридиялы; қан айналу жəне тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі жəне аналь тесігі дамыған; нерв жүесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.

Slide 4

Құрылысы

Денесі жіп тəрізді (грек. nematos - жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Ǿlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тəрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді əрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Ȁері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тəрізді алдыңғы, ортаңғы жəне артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зəр шығару жүйесі протонефридиялды (зəрді тері бездері арқылы шығарады) . Қан айналу жəне тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. ǿезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Ǹөпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар - адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді

Slide 5

Жұмыр құрттардың берілуі

Адам денесінде олардың дернәсілдері дамымайды, бірақ аллергия тудырады. Балықтармен қоректенетін құстардың және сүтқоректілердің ішегінде жартылай ересек күйге ауысады. Бір айдан кейін олардың дернәсілдері тіршілігін жояды, сол себепті теңіздерден алыс тұратын адамдарға бұл кұрттар туатын аурумен шалдығып қкалу қаупі аз. Себебі теңіз онімдерін жеткізу және сақтауға көп уақыт кетеді. Керісінше, теңізг жақын елдер-Жапония, Голландия, Германия, Ұлыбритания елдерінде теңіз өнімдерін жартылай шикі тұтынғандықтан паразитті жумыр құрттар арқылы таралатын ауру жиі кездеседі, және коп адамдар содан қайтыс болып жатады.

Slide 6

Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді

Slide 10

НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATODA

Нағыз жұмыр құрттар жануарлардың ішіндегі сан жағьнан ең көбі. Қазірдің өзіңде ғылымға 27 000 түрі белғілі. Олар теңіздер мен мұхиттарды, тұщы суларды, топырақ арасын мекендейді. Көптеғен тұрлері үй малдары мен құстардың, адамдар мен өсімдіктердің паразиті. Бүл қасиеті олардың кең таралуына және жаңа мекендерге бейімделуіне үлкен себеп болады. Академик К. И. Скрябиннің ұсынысы бойынша үрықтанған жүмыртқаның сыртта аралық иесінің қатынасуынсыз дамитын паразиттік құрттарды геогельминттер деп атады. Мысалы, адам аскаридасы, ал ұрықтанған жұмыртқаның сыртга аралық иессіз дами алмайтын паразиттік қүрттарды биогельминиттер деп атайды. Мысалы, цепендер, таспа және жалпақ қүртгар. Жүмыр құртгардың ішінде малдарда паразиттік тіршілік ететіндердің биологиясын білудің маңызы зор. Олардың малдар мен адамдардың ішінде шоғырланатын жерлері: ішекте, тыныс жолдарында, өкпеде, қанда, лимфа қуыстарында, теріасты клетчаткаларда, еттерде, аздаған өкілдері - бауырда, қуықта, көзде т. б. мүшелерде.

Slide 11

Құрылысы мен физиологиясы

Slide 12

Кутйкуланың астында орналасқан гиподерма қабаты клеткалы не синцитиялы (клеткалардың косылуынан туған плазмалық қатар) қүрылысты болып келеді. Денесінен өтетін төрт таралымына (сызы-ғына) . байланысіы ғидодерма ішке қарай төрт ойық (білеу) қүрайды.

Гиподерманың астында бір қабаттан түратын үзына бойы бүл-шықеттері жатады. Олар түтас қабат қүрмай гиподерманың төрт ойығына сәйкее төрт таспа (лента) тәрізді жіктеліп, бөлініп жатады: екеуі бүйір, екеуі арқа қүрсақ бөлімінде.

Нематодтардың денесі арқа қүрсақ бүлшықеттерінің қарама-қарсы кезектесе жиырылып серпілуінің нәтижесінде дорзо-вентраль-ды бағытта ғана иіле алады және қүрт оң немесе сол жақ бүйірімен қозғалады.

Әрбір бүлшықет клеткасы үзын үршық тәрізді болып, жиырыл-ғыш және цитоплазмалық аймақтан, сонымен қатар нерв бағана-ларына бағытталған плазмалық өсінділерден түрады. Бүлшықет клеткасының жиырылғыш аймағында миофибрилдер, ал цитоплазмалық аймақта ядро, митохондриялар, гликоген гранула-лары, тірек талшықтары, басқа да органеллалары орналасқан. Плаз-мшгық немесе иннервациялық өсінділері ортальіқ нерв жүйесінің қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бүлшықеттен екіншіге өткізеді. Сонымен нематодтардың бүлшықет клеткасы жиырылғыш қызметінен басқа, қозуды өткізу қмзметін де атқарады.

Slide 13

Ішкі құрылысы

1. Дененің алдыңғы бөлігі 2. Ішек 3. Клоака 4. Зәр шығару жүйесі 6. Жүйке сақинасы

Slide 14

Ас қорыту жүйесі

Ac қорыту жүйесі үзына бойы созылған тік түтік тәрізді,, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен түрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы үшында орналасып, көпшілік жағдайда ёрекше өсінділер -еріндермен қоршалған; арқа және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымён (стома) жалғасады. Ауыз қуысының қүрылысыәр түрлі. Нематодтардың жануарлар паразиті болып келетін (зОЪпаразит) өкілдерінің ауыз қуысында қутикулярлы тіс өсінділері болады, ал өсімдік паразиттершің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге -стилетке айналған. Стилет ауыз қуысында арнайы бүлшықет -протракторлар арқылы қозғала алады. Дщырақіа және суда тіршілік ететін жыртқыш нематодтарда стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын өсінділер - онхамен қаруланған.

Ауыз қуысы өңешке үласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың, бүлшыкетті, артқысы - безді. Өңештің кеңейген, _бөлімі бульбус деп аталады Көттшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және артқы (кардиальды), . Кардиальды бульбустың үккіш аппараты жақсы дамыған (75-сурет) .

Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсіндісі (cardium) боладві. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі қоректік заттардың өңёшке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.

Slide 15

Зәр шығару жүйесі

Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне байланысты протонефридиялы зәр шығару жүйесі де жойылып, зәр шығару қызметін мойын безі (ренетта) деп аталатын бір клеткалы тері (гиподермальды) бездері және фагоцитарлы клеткалар атқарады.

Мойын бездері екі типті болады: шомбал және тармақталған. Еркін тіршілік ететін нематодтардың мойын безі шомбал типті, түтікшесі қысқа. Топырақта және паразиттік тіршілік ететін нематодтардың ерекшелігі - мойын безі денеде бойлай орналасқан екі буйір экскреторлы түтікшелерден күралған. Түтікшелердің артқы үшы түйықталып бітеді, ал алдыңғы үштары бірігіп ортақ түтікке айналады да, ол сыртқа зәр шығару саңылауымен ашылады. Бірқатар түрлерінде экскреторлы жүйенің бір бүтағы жойылып (көбіне оң жақтағысы), сол жақ түтігі өте жақсы дамыған. Түтіктер арқылы денедегі (несеп) заттар сыртқа шығарылады.

Slide 16

Қан айналу және тыныс алу жүйесі


Ұқсас жұмыстар
Жұмыр құрттар типі
Картоптың алтын түстес жұмыр құрты
Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары
НЕМАТОДТАРДЫ МӘДЕНИЕТТЕНДІРУ
Медициналық гельминтология
Құрттар бөлімі
Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы. Азқылтанақты құрттар класының өкілі, шұбалшаңның тіршілік ортасы және сыртқы құрылысы
Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім. Инвазиялық аурулардың номенкулатурасы
Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы. Ішексорғы және үшкір құрттардың құрылысы. Олардың пайдасы мен зияны
Инвазия көздері, инвазиялық аурулардың клиникалық, субьклиникалық және жасырын түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz