Тәрбие психологиясының басты міндеттері


Slide 1

Тәрбие психологиясының басты міндеттері

Дайындаған: Каримқызы А.

Slide 2

Мақсаты - адамгершілікті, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, еңбек пен ел табиғатын қадірлейтін жан-жақты жетілген, саналы, намысқор, патриот азамат тәрбиелеу психологиясының басты міндеттерін ашу. Курстық жұмыстың міндеттері: - Бала тәрбиелеудегі негізгі психологиялық жүктемелер мен міндеттерді айқындау; - Тәрбие мен тәрбие психологиясының мәнін ашу; - Тәрбиеленуші мен тәрбиелеуші арасындағы байланыстың үйлесімділігін табатын негізгі талаптарды айқындау; - Тәрбие психологиясының басты міндеттерінің бала ой-санасы мен ішкі сезімін қалыптастырудағы ықпалын көрсету; - Жалпы бала тәрбиелеу психологиясының міндеттерін айқын әрі нақ көрсету.

Slide 3

Тәрбие психологиясы - балалар ұжымының, баланың іс-әрекетін мақсаттылық ұйымдастыру жағдайыңда жеке адамның дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі.

Slide 4

«Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады»

«Адамшылық жаса, адамға адам бол,

Адам атын мақтаныш қып адал бол»

«Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша, жақсы педагогика құралы да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды»

«Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай білу қабілеті, адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты»

«Адам баласы бiр-бiрiнен ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы озады. Одан басқа жолмен озамын демектiң бәрi - ақымақтық «Адамның жақсы не жаман болуы, ақылды не ақылсыз болуы генетикалық негiзге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, алғыр болады»

Slide 5

Қазақ халқымыздың ұлттық тәрбиелеудегі психологиясының басты міндеттері деп төмендегілерді атауымызға болады: - Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу; - Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу; - Адал, арлы азамат тәрбиелеу; - Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз»; - Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың рөлі) . - Ата-баба дәстүрін жалғастыру.

Slide 6

Тәрбие түрлерінің психологиялық міндеттері

Slide 7

Ақыл-ой тәрбиесі психологиясы. Психологиялық міндеттері: Жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерін білу. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; Қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; Балалардың ойлау қабілетін, таным іс-әрекетін дамыту.

Slide 8

Адамгершілік тәрбиесі психологиясы Психологиялық негізгі міндеттері: - Адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру; - Адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу; - Ұлтжандылық, отанын, елін, жерін, халқын сүйетін (патриоттық) ізгі қасиеттерді қалыптастыратын негізгі талаптарды ашу; - Оқушылардың моральдық наным-сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.

Slide 9

Эстетикалық тәрбие психологиясы - жаратылыс дүниесіндегі немесе өнер туындысындағы сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие психологиясының міндеттері: - Бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығарма жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді; - Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызын көрсету; - Адамды рухани байытып, көркем - шығарма қабілетін дамыту; - Дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаһандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жолды ашу.

Slide 10

Экономикалық тәрбие психологиясы Экономикалық тәрбиенің психологиялық міндеттері: - Оқушыларды қоғамның даму және өркендеу заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру; - Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т. б. қасиеттерді дағдыландыру; - Экономикалықесеп, , еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу;

Slide 11

Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері: - Өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу; - Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу; - Мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру; - Оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.

Slide 12

Құқықтық тәрбие психолгиясы - баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Психологиялық басты міндеттері: Құқықты құрметтеу; Әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну; Адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі; Заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіндіру.

Slide 13

Еңбек тәрбиесі психологиясы - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. Еңбек тәрбиесі психологиясының басты міндеттері: Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға баулудың басты заңдылықтарын ашу; Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруға бейімдеудегі негізгі жүктемелерді, психологиялық реттілікті айқындау;

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясы
Балалар психологиясына кіріспе
Балалар психологиясының даму тарихы,теориялар туралы негізгі түсініктер
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер
Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz