Сезім түрлері


Slide 1

Тақырыбы: Эмоция, сезім, ерік

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Орындаған: Есмырза Ақперзент

Тексерген: Қайратова Іңкәр Қайратқызы

Slide 2

Кіріспе

«Эмоция» ұғымының төркіні - «емовера» деген латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні - тітіркендіру, толқу. Бұл - жан дүние-сінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынық көрініс беруі.

Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.

Slide 3

Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың айналасындағы ақиқатқа жэне адамдарға нақты эмоционалды қатынасты қалыптастыруды болжайды.

В. К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан - қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан - эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.

Slide 4

Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және жіктеліп дамудың ұзақ жолынан өтеді. Адамның эмоционалды аймағында төмендегідей негізгі жағымды өзгерістер болады:

1

жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы;

2

жаманға мойынсынбауы;

Slide 5

П. Я. Якобсон өз уақытында сезімдер, көніл-күй, аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналган эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сьңары болып табылады.

А. Г. Ковалев сезімдерге жеке түлганың нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат жэне жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім-тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция - сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер - нақты жағдайлардың жалпылану нэтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.

А. Н. Леонтьев, Л. И. Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

Slide 6

Сезім

Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Slide 7

Сезім түрлері

Slide 8 Slide 9

Сезім қызметтері

Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды.

Slide 10

Ерік

Ерік - адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе, - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл - адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Сезім және эмоция
ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ СЕЗІМ
Эмоция мәнерлі
ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІМДЕР
Психологиялық тренинг
Психикалық құбылыстардың түрлері
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ЖАЙЛЫ
ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ИЛЛЮЗИЯ ЖӘНЕ ГАЛЛЮЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯҒА ӘСЕРІ ТУРАЛЫ
Эмоцияның түрлері
Сезімнің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz