БОСАНУДАН КЕЙІНГІ СЕПТИКАЛЫҚ АУРУЛАР


Slide 1

Босанудан кейінгі септикалық аурулар

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

Босанудан кейінгі 1, 2 кезеңдер

Босанудан кейінгі 3, 4 кезеңдер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар акушериядағы жиі кездесетін асқыну. Ол ана өліміне, мүгедектікке немесе созылмалы ауруларға әкелетін, күрделі мәселердің бірі.

Инфекция қоздырғыштары жарақаттанған жұмсақ туу жолдары немесе жатыр мойны каналы арқылы әйелдің ағзасына еніп таралған жағдайда, босанудан кейінгі септикалық аурулардың дамуы мүмкін.

Slide 4

Босанудан кейінгі септикалық аурулардың А. В. Бартельс және С. Б. Сазонов бойынша жіктелуі:

I кезең - инфекциялық үдеріс босанғаннан кейінгі жарамен

шектелген, оларға босанғаннан кейінгі ойық жара, эндометрит жатады.

II кезең - инфекциялық үдеріс бірінші ошақтан шыққан, бірақ әлі жергілікті, кіші жамбас қуысымен шектелген: метрит, метротромбофлебит, параметрит, тромбофлебит, сальпингоофорит, пельвиоперитонит.

IV кезең - жайылмалы инфекция (жалпы септикалык аурулар) : септицемия, септикопиемия

III кезең - жайылған (диффузды) перитонит, асқындап кеткен тромбофлебит, септикалық шок.

Slide 5

Босанудан кейінгі септикалық аурулардың клиникалык белгілері

Дене температурасының жоғарылауы.

қалтырау. Көбінесе септицемияда және септикопиемияда болады.

Тамыр соғысының жиілеуі.

Орталык жүйке жүйесіндегі өзгерістер.

Босанудан кейінгі септикалык аурулардың ауыр түрлерінде жүрек-қан тамыр, ас қорыту және зәр шығару жүйелері тарапынан патологиялық өзгерістер байқалады, зат алмасу бұзылыстарымен өтуі.

септикалық аурулардың ауыр түрлерінде салмақтың азаюы, тері бозғылт, сүр, сарғыш түсті болады және қызғылт бөртпелер пайда болуы мүмкін.

Қанда болатын өзгерістер: эритроциттердің және гемоглобиннің мөлшері төмендейді, ЭТЖ, лейкоцитоз жоғарылайды, өте ауыр жағдайда лейкопения байқалады.

Slide 6

Босанудан кейінгі ойық жара - іріңді қабыну үдерісі босанудан кейін 3-4 күнде, жатыр мойнының, қынаптың, аралықтың, сыртқы жыныс мүшелерінің жарақаттанған жерінде пайда болады. Дене қызуы көтеріледі, жалпы әлсіздік, сыртқы жыныс мүшелердің жаракаттанған жерінде, аралықта ауырсыну, қызару, ісіну пайда болады, жара іріңді өңезбен қапталады. 4-5 күннен соң жара тазаланады, тыртықпен жазылады.

Slide 7 Slide 8

Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың II кезеңі

Метрит - жатырдың миометрийінің қабынуы, сальпингоофорит - жатыр қосалқыларының кабынуы, параметрит - жатыр аймағы клетчаткасының қабынуы, пельвиоперитонит - кіші жамбас қуысының іш пердесінің қабынуы, тромбофлебит - көктамыр кабырғаларының қабынуы және сол жерде тромбтардың байлануы. Метротромбофлебит (жатыр тромбофлебиті метро-эндометриттен кейін пайда болады) санның тромбофлебиті жатады.

Slide 9

ПАРАМЕТРИТ

САЛЬПИНГООФОРИТ

ПЕЛЬВИОПЕРИТОНИТ

Slide 10

Емі. Метрит, параметрит, сальпингоофорит, пельвиоперитонит емдері төмендегі жалпы принциптерге негізделген

1. Қатаң түрдегі төсекті режим белгіленеді.

2. Күтім және дұрыс тамақтану керек.

3. Аурудың жедел кезеңінде іштің төменгі жағына мұз қапшық қояды, ауырсыну белгісін жеңілдететін балауыз қолданылады.

4. Қабыну процесіне қарсы ем беріледі, антибиотиктер тағайындалады, ол дәрігердің тағайындауы бойынша әйел ағзасының антибиотиктерге сезімталдығын анықтау қорытындысы бойынша жүргізіледі.

5. Жалпы нығайту емі (аутогемотерапия, дәрумендер, глюкоза ерітіндісі) жүргізіледі

Slide 11

Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі

жайылған (диффузды) перитонит - жайылмалы септикалык инфекция, асқынып кеткен тромбофлебит - көктамыр қабырғаларының қабынуымен тоқтамай тамыр жолдарымен таралуы, септикалық (бактериялық) шок - септикалық инфекцияның өте ауыр көрінісі.

Slide 12

Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың IV кезеңі: жайылмалы инфекция (жалпы септикалык аурулар) екі түрінде болады: септицемия және септикопиемия. Септицемия - жалпы септикалык ауыр сырқат, қанға түскен микробтар қанның ішінде көбейіп бүкіл ағзаға таралады, микроб уыттары жүрек, қантамыр, бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйесін зақымдайды; септикопиемия - метостазды сепсис, бұл да ауыр жалпы септикалық ауру, микробтар қан арқылы бүкіл ағзаға таралып, мүшелер мен ұлпаларда жаңа іріңді ошақтарды құрайды (абсцесс) .

Slide 13 Slide 14

Емі: Септицемия және септикопиемия ауруларын емдеудің негізгі принциптері: А) науқастың инфекцияға қарсы күресу күштерін көтеру; Б) қоздырғыштарға әсер ету (әлсірету, өсуін тоқтату) ;

1) Науқасқа күтім жасаудың маңызы зор. Дұрыс күтім ағзаның инфекцияға қарсы күресу күшін көтеруге әсер етеді және ем нәтижесін анықтайды. Науқас жатқан бөлмені үнемі желдетіп, таза ұстау керек. Науқастың жатқан төсегін және іш киімдерін жиі ауыстырып отырады

2) Дұрыс тамақтану ағзаның ауруға қарсы күресу күшін көтеретін ең маңызды жағдай болып табылады.

3) Глюкоза ерітіндісі, дәрумендер А, В, С, Д топтары, 09%-500 мл физиологиялық ерітінді құйылады. Тромбофлебит ауруында көк қан тамырына дәрілер құюға болмайды. Аз мөлшерде қан құюға болады.

4) Антибиотиктер, сульфаниламидтер қолданылады, алғашқы күні 1 гр-нан әр 4 сағат сайын, сосын біртіндеп төмендетеді.

Slide 15

Мастит - сүт безінің қабынуы.

Түрлері: серозды, инфильтративті, іріңді (абсцесс), флегмонозды, гангренозды.


Ұқсас жұмыстар
Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі
Септикалық шок
Сепсис сипаттамасы
Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
АКУШЕРЛІК ҚАН КЕТУ
ЖИТС және жүктілік
Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары
Стафилококктардың жіктелуі
Саз құндыз шаруашылығы
БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz