Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі


Slide 1

Босанудан кейінгі септикалық аурулар

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

Босанудан кейінгі 1, 2 кезеңдер

Босанудан кейінгі 3, 4 кезеңдер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар акушериядағы жиі кездесетін асқыну. Ол ана өліміне, мүгедектікке немесе созылмалы ауруларға әкелетін, күрделі мәселердің бірі.

Инфекция қоздырғыштары жарақаттанған жұмсақ туу жолдары немесе жатыр мойны каналы арқылы әйелдің ағзасына еніп таралған жағдайда, босанудан кейінгі септикалық аурулардың дамуы мүмкін.

Slide 4

Босанудан кейінгі септикалық аурулардың А. В. Бартельс және С. Б. Сазонов бойынша жіктелуі:

I кезең - инфекциялық үдеріс босанғаннан кейінгі жарамен

шектелген, оларға босанғаннан кейінгі ойық жара, эндометрит жатады.

II кезең - инфекциялық үдеріс бірінші ошақтан шыққан, бірақ әлі жергілікті, кіші жамбас қуысымен шектелген: метрит, метротромбофлебит, параметрит, тромбофлебит, сальпингоофорит, пельвиоперитонит.

IV кезең - жайылмалы инфекция (жалпы септикалык аурулар) : септицемия, септикопиемия

III кезең - жайылған (диффузды) перитонит, асқындап кеткен тромбофлебит, септикалық шок.

Slide 5

Босанудан кейінгі септикалық аурулардың клиникалык белгілері

1. Дене температурасының жоғарылауы.

2. Қалтырау. Көбінесе септицемияда және септикопиемияда болады.

3. Тамыр соғысының жиілеуі.

4. Орталык жүйке жүйесіндегі өзгерістер.

5. Босанудан кейінгі септикалык аурулардың ауыр түрлерінде жүрек-қан тамыр, ас қорыту және зәр шығару жүйелері тарапынан патологиялық өзгерістер байқалады, зат алмасу бұзылыстарымен өтуі.

6. Септикалық аурулардың ауыр түрлерінде салмақтың азаюы, тері бозғылт, сүр, сарғыш түсті болады және қызғылт бөртпелер пайда болуы мүмкін.

7. Қанда болатын өзгерістер: эритроциттердің және гемоглобиннің мөлшері төмендейді, ЭТЖ, лейкоцитоз жоғарылайды, өте ауыр жағдайда лейкопения байқалады.

Slide 6

Емі Төсек тәртібін сақтау, әйелді обсервация бөліміне ауыстыру. Жалпы ем: сульфаниламидтер, керекті жағдайда антибиотиктер, жергілікті күтім

Салыстырмалы түрде кеш басталуы (босанғаннан кейін 5-12 тәулік)

дене қызуының 38-38, 5°С - қа дейін жоғарылауы

Жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді

Жатыр сәл ұлғаяды, лохиялардың сипаты ұзақ уақытқа дейін қан аралас болады

ЖҚА: ЭТЖ жоғарылауы (30-35 мм/сағ), лейкоцитоз 9-12 *109/л, лейкоцитарлық формуланың шамалы солға жылжуы.

1 - саты Босанғаннан кейінгі эндометрит (endometritis) - жатырдың шырышты қабатының қабынуы

Slide 7 Slide 8

Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың II кезеңі

Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың II кезеңіне: метрит - жатырдың миометрийінің қабынуы, сальпингоофорит - жатыр қосалқыларының кабынуы, параметрит - жатыр аймағы клетчаткасының қабынуы, пельвиоперитонит - кіші жамбас қуысының іш пердесінің қабынуы, тромбофлебит - көктамыр кабырғаларының қабынуы және сол жерде тромбтардың байлануы. Метротромбофлебит (жатыр тромбофлебиті метро-эндометриттен кейін пайда болады) санның тромбофлебиті жатады.

Slide 9

ПАРАМЕТРИТ

САЛЬПИНГООФОРИТ

ПЕЛЬВИОПЕРИТОНИТ

Slide 10

Емі. Метрит, параметрит, сальпингоофорит, пельвиоперитонит емдері төмендегі жалпы принциптерге негізделген

1. Қатаң түрдегі төсекті режим белгіленеді.

2. Күтім және дұрыс тамақтану керек.

3. Аурудың жедел кезеңінде іштің төменгі жағына мұз қапшық қояды, ауырсыну белгісін жеңілдететін балауыз қолданылады.

4. Қабыну процесіне қарсы ем беріледі, антибиотиктер тағайындалады, ол дәрігердің тағайындауы бойынша әйел ағзасының антибиотиктерге сезімталдығын анықтау қорытындысы бойынша жүргізіледі.

5. Жалпы нығайту емі (аутогемотерапия, дәрумендер, глюкоза ерітіндісі) жүргізіледі.

6. Инфильтрат іріңдеуінде хирургиялық ем жасалады, іріңдікті қынаптың артқы күмбезі арқылы (кольпотомия) немесе іштің алдыңғы қабырғасы арқылы жарады.

Slide 11

Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі

Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі: жайылған (диффузды) перитонит - жайылмалы септикалык инфекция, асқынып кеткен тромбофлебит - көктамыр қабырғаларының қабынуымен тоқтамай тамыр жолдарымен таралуы, септикалық (бактериялық) шок - септикалық инфекцияның өте ауыр көрінісі.

Емі: жедел түрдегі жайылған перитонит және күшейген тромбофлебиттің емдеу әдістері жалпы сепсис инфекциясының емдеу әдістерімен бірдей.

Slide 12

Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың IV кезеңі: жайылмалы инфекция (жалпы септикалык аурулар) екі түрінде болады: септицемия және септикопиемия. Септицемия - жалпы септикалык ауыр сырқат, қанға түскен микробтар қанның ішінде көбейіп бүкіл ағзаға таралады, микроб уыттары жүрек, қантамыр, бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйесін зақымдайды; септикопиемия - метостазды сепсис, бұл да ауыр жалпы септикалық ауру, микробтар қан арқылы бүкіл ағзаға таралып, мүшелер мен ұлпаларда жаңа іріңді ошақтарды құрайды (абсцесс) .

Slide 13 Slide 14

Емі: Септицемия және септикопиемия ауруларын емдеудің негізгі принциптері: А) науқастың инфекцияға қарсы күресу күштерін көтеру; Б) қоздырғыштарға әсер ету (әлсірету, өсуін тоқтату) ;

1) Науқасқа күтім жасаудың маңызы зор. Дұрыс күтім ағзаның инфекцияға қарсы күресу күшін көтеруге әсер етеді және ем нәтижесін анықтайды. Науқас жатқан бөлмені үнемі желдетіп, таза ұстау керек. Науқастың жатқан төсегін және іш киімдерін жиі ауыстырып отырады

2) Дұрыс тамақтану ағзаның ауруға қарсы күресу күшін көтеретін ең маңызды жағдай болып табылады.

3) Глюкоза ерітіндісі, дәрумендер А, В, С, Д топтары, 09%-500 мл физиологиялық ерітінді құйылады. Тромбофлебит ауруында көк қан тамырына дәрілер құюға болмайды. Аз мөлшерде қан құюға болады.

4) Антибиотиктер, сульфаниламидтер қолданылады, алғашқы күні 1 гр-нан әр 4 сағат сайын, сосын біртіндеп төмендетеді.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
БОСАНУДАН КЕЙІНГІ СЕПТИКАЛЫҚ АУРУЛАР
Септикалық шок
Лабораториялық тексеру
Босану жарақаты
Көп ұрықты жүктілік
Акушерлік - гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Аяқты қайшылау
БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер
Туылу кезіндегі жарақаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz