Жаңа заман мәдениеті




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ-2

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы : " Қ А Й Т А Ө РЛ Е У М Ә Д Е Н И Е Т І Н І Ң Д А М У
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : СА Р С Е Н Ғ А Л И Е ВА С . Б . 6 B 0 1 6 0 1 - ТА Р И Х
Т Е К С Е Р Г Е Н : С АУ Р Б А Е В А Р. С .
Қайта өрлеу-бұл ортағасырдан жаңа дәуірге өту барысындағы мәдени төңкеріс.

Қайта өрлеу-бұл ортағасырдан жаңа дәуірге өту
барысындағы мәдени төңкеріс.
Ренессанс ұғымы,даму тарихы

Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы
буржуазиялық мәдениеті – XIV ғасыр аяғында XV ғасырдың
басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени
төңкеріс Венецияда басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта
өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда:
Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Венгрия, Англия, Балқан
елдері және т.б бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғам
Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени
мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.
Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне
байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт
талабына сай мазмұны жасаған байи түсті, жаңа стильдер
қалыптасты.
Жаңа заман мәдениеті

Қайта өрлеу мәдениеті (фр. Renaissance, итал.
Rinascimento; «ri» — «қайта» немесе «қайта
туылған») —Батыс және Орталық Еуропа елдері
мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық
мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі.
Кезеңнің хронологиялық шегі шамамен XIV ғасырдың
басы мен XVI ғасырдың соңғы ширегі, кей
жағдайларда XVII ғасырдың алғашқы онжылдығы
(мысалы, Англияда, әсіресе, Испанияда).
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетті

Қайта өрлеу дәуірі мәдениеттің
зайырлы қасиеті мен оның
антропоцентризмімен ( яғни,
назарға бірінші кезекте адам
және оның қызметі алынуымен)
ерекшеленеді. "Қайта өрлеу деген
термин Италияда XV ғасырда
пайда болды, алғаш рет бұл
түсінік жазушы және суретші
Джорджо Вазари еңбектерінде,
әсіресе оның "Ең атақты
суретшілер, сәулетшілер және
мүсіншілер" (XVI ғасыр) атты
төрт томдық кітабында
қолданыла бастады.
Қайта өрлеу мәдениеті

Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының
үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау
емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жағынан
байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу
дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде
сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді
зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері
анатомия, математика, философиямен тереңдей
шұғылданды. Сондықтан да ренессанс шеберлері
көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін,
болашақ ұрпақтарға тарту етті.
Дүниежүзілік мәдениет

Орта ғасырлар тарихы
деп аталатын дәуірде
дүниежүзілік мәдениет
пен өнер тарихында
жаңа кезең басталды.
Бұл кезең — "Қайта
өрлеу мәдениеті" деген
атпен тарихқа енді.
Қайта өрлеу дәуірінің
алғаш дамыған жері
Италия елі болды.
Қайта өрлеу дәуірінің

Қайта өрлеу дәуірінің
мәдениетінің негізгі ерекшеліктері
– шынайылық, дүниетаным, көне
мәдени мұраларға ден қою, оны
қайта «көркейту». Қайта өрлеу
адамдарына шіркеулік мораль,
феодалдық қатынастар, орта
ғасырлық дәстүрлер тарлық ете
бастады. Олар өздерін қоршаған
табиғат дүниесін басқаша
көретін болды, оны пайымдап
бағалауы, эстетикалық талғамы,
шындық пен өткенге деген
көзқарасы өзгерді.
Қайта жаңғыру даналары

Қайта жаңғыру даналарының басты назарында
Платон сияқты көне
заман ойшылдарының ілімдерінің болды.
Платон ілімі

Көне заманның неоплатонизмі
Платон ілімін қайта қарай
отырып, рухтың табиғатын,
заттар қозғалысын, космостық
айналыстың ақиқаттығын
космологиялық тұрғыдан
түсіндіруге әрекет жасаса, орта
ғасырлық неоплатонизм табиғат
пен дүниеден жоғары өмір
сүретін, жоқтан болмыс
тудыратын абсолюттік жан
теориясына негізделді.
Қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері

А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми
тұжырым жасап, бұл жағдайды
неоплатонизммен байланыстырды.
Оның пікірінше, Қайта жаңғыру
дәуірінің өкілдері мәдениетті орта
ғасырлық догматтан тазартты, оны
қайта қарау арқылы қайта
жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол
мәдениет тарихындағы
неоплатонизмнің үш түрін атап
көрсетті. Олардың біріншісі — көне
замандық — космологиялық, екіншісі —
орта ғасырлық — теологиялық,
үшіншісі — жаңғырған —
антроцентристік неоплатонизм.
Жаңа заман мәдениеті

Ерекше атап өтетін бір жайт, итальян тарихшыларының
гуманистерге деген көзқарастары әртүрлі болып келеді. Италияның
өткен тарихына көз жүгіртетін болсақ, Ренессанс дәуірі бұл елдің
өзара қақтығыстар мен соғыстарға толы кезеңімен сайма-сай келеді.
Тарихи деректерге жүгінсек, дүние жүзіне атағы шыққан кейбір
гуманистер Италияның бостандығын тұншықтырушы мейірімсіз
билеушілерге қызмет еткен, тіпті шетел басқыншылығы кезінде
патриоттық сезімін көрсете алмай дәрменсіздік танытқан. Бірақ бұл
келеңсіз көріністерге қарап біржақты көзқарас тумауы керек, өйткені
дүниежүзілік көлемде гуманистер жаңа қоғамдық күш болды.
Олардың табиғи дарыны, ұшқыр ойлары текке кеткен жоқ, өйткені
осы бір ұлы ойшыл даналардың арқасында ғана Қайта жаңғыру
дәуірінің мәдениеті Жаңа заман мәдениетінің жаршысы, бастамасы
болды.
Көркем өнер туындылары

Қайта өрлеу дәуірі
өнерінің алғашқы
суретшілерінің бірі — ұлы
суретші Джотто (1267—
1337) болды. Ол Римдегі
антикалық өнермен жан-
жақты танысты және
сонда жүріп "Новичелла"
(қосымшадағы 1-сурет)
атты мозаикалық
шығармасын жазды.
Қайта жаңғыру дәуірі

Қайта жаңғыру дәуірі — мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы
ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде
Еуропаның
көптеген елдерінде бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену, мәдени
қозғалыс басталды. Дін өктемдігінен, оның құрсауынан босанудың
арқасында өмірдің сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани
жағынан толық қанағаттандыратын шығармалар өмірге келді. Бұл
дәуірде
адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді.
Қайта жаңғыру дәуірі

Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол
дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең
мен жарық дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін
өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлға —
Леонардо да Винчи (1456—1519 жылдары). Өз заманында
ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің
бірде-бір саласы болмаған. Ол — әрі мүсінші, әрі суретші,
әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі
ақын, әрі физик т.б. болған. Сегіз қырлы, бір сырлы
Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатын, токарь
станогының жобаларын жасады.
Қорытынды

Қайта өрлеу дәуірінде тұңғыш рет Еуропа діни идеялар
негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар
рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат
тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан
кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және
мәдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында
— бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың
алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен
бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау
заманы, соғыстар заманы болды. Саясат саласында —
тәуелсіздік үшін күрес заманы болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ғабитов Т.Х. «Мәдениеттану» А. 2003.

2.Любимов Л. «Батыс Еуропа өнері» Алматы:

Өнер,1982.
3.Төлебиев С.К. «Өнер өрісі». А. 1987.

4. «Мировая художественная культура» Под ред.

Б.А.Энергросс. –М.:Высш.шк.2001.
5.Лосев А.Ф. «Эстетика Возрождения» М.:1978.
Назарларыңызға рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Еуропалық қайта өрлеу және жаңа заман кезеңіндегі мәдениет
ҚАЗІРГІ ЗАМАН МӘДЕНИЕТІ
Қайта өрлеу мәдениеті
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ҚА ЗАҚ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСТІ НДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Антикалық мәдениет
Мәдениет туралы түсініктердің тарихи эволюциясы
Мұғалімнің зерттеушілік қабілеті. Оқу-тәрбие үдерісі,нәтижесінің шарты
Жаһандану ұғымы
Гомер дәуірінің мәдениеті
Пәндер