Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының заңдылықтары және жас кезеңдері


Slide 1

Балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары

Орындаған:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Slide 2

Өсу дегеніміз не?

Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды.

Өсу - бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сипаттайды.

Slide 3

Бойы

Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:

03

Салмағы

01

02

Кеуде шеңберінің өсумен қатар организмде даму жүріп жатады

Slide 4

Даму

Д а м у - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы - деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық жоне функциялық дамуы.

Slide 5

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.

Slide 6

Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады

3. КЕМЕЛДЕНУ

АДАМ

1. ӨСІП ДАМУ

4. ҚАРТАЮ

2. ЖЕТІЛУ

Slide 7

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт) .

Slide 8

Өсу кезінде адам 3 рет күшейеды

1. Туғаннан З жасқа дейін.

2. 3-7 жас арасында.

3. Жыныстық жетілу кезеңінде.

Slide 9

Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2, 5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г) . 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады.

Slide 10

Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.

Slide 11

Өсу мен дамудың белгілері бар:

Slide 12

1. Жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-80 жылдары Алматыда туған нәрестелер 1950-1955 жылдары туған сәбилерден 3-4 см ұзын, 0, 4-0, 5 кг ауыр) ; белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы (жоғарыда жазылған 1976 жылғы мөліметті қараңыз) ; ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1, 5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы, қыздардың етек кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің өсуі)

Slide 13

2. Баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі:баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері ерте пайда болады, мандай еңбегі ерте жабылады. Қазіргі кезде нәрестенің мандай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі) ; жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу

Slide 14

3. Адам жасының кезеңдері. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді, яғни әртүрлі жастағы балаларды бір топқа қосады. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу қажеттілігі пайда болады.

Slide 15

Өзгеру мезгілі

Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте көп. Ғалымдар алға қойған мақсаттарына байланысты белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп, адамның көптеген жас кезеңдерін ұсынды. Олардың кейбіреуі ескіріп, қазіргі жағдайларға сай келмейді, кейбіреулері бір жақты болып, жан-жақты түсінік бермейді. Физиологиялық түрғыдан алғанда үсынылып отырған Мәкеулік 1965 жылғы топтастыру ғылыми негізделген және организмнің ерекшеліктеріне сәйкес деуге болады Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын өзгеру м е з гі л і немесе ауысу мерзімі деп атайды.

Slide 16

Жас кезендерінің уақыт шектері (хронологиясы) болсын, оның жеке функциялық көрсеткіштері болсын әлеуметтік жағдайларға байланысты екенін ұмытпаған жөн. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адамның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адамның денсаулығына, тұрмыс жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, қарай әртүрлі болады.

Slide 17

Назарларыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының физиологиялық заңдылықтары және жас кезеңдері
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары және жас кезеңдері
Организмнің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары, жас кезеңдері және биологиялық жасты бағалау критерийлері
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы: балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен мектептік ортаның талаптары
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар және антропометриялық бағалау
Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Жас ерекшеліктері психологиясы: бала дамуының заңдылықтары, зерттеу әдістері және этикалық мәселелері
Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану теориясы: құрам, нормалар және режим
Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі мен шынығуының физикалық-гигиеналық негіздері
Балалар психологиясы: пәні, міндеттері, теориялары және жас кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz