Адам және мәдениет




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Адам және мәдениет.

Дайындаған: Асан Мөлдір.
Тексерген: Дабылтаева Мақпал.

Алматы 2021 ж.
Мәдениет.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық
ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі
ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің
жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы
мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала
кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы
адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте,
мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес
әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау
нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары,
түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени
қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық
қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын
табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы
басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық)
табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік
ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника
мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың
білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау
ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар)
жатады.
Мазмұны:
Мәдениет тарихы;
Қоғам және мәдениет:
Адамды қалыптастыру қызметі
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік
қызметі.
Танымдық қызметі
Реттеу қызметі
Коммуникативтік, қарым-қатынастық
қызмет;
Мәдениет және өркениет.
Қоғам және мәдениет
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық.
Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық,
үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық,
айырмашылықты естен шығармаған жөн.
Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру
жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың,
топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары.
Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның
ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді
әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның
белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады.
Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы
мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:
Адамды калыптастыру қызметі.
Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және
оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде
құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек,
адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке
адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» [3]. Маугли —
көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік
қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік
пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен
азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз.
Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет
үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз
дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары
бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.

» Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл
адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты.
Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық
тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда
ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны
шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар
— салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер,
білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде
мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.

ЛУЧШЕЕ для вас 7
КОМПАНИЯ, ЗАНИМАЮЩАЯСЯ
ОРГАНИЧЕСКОЙ ПРОДУКЦИЕЙ
Танымдық қызметі

» Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне
аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (
Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады.
Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі
«интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді.
Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет
атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты
міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени
диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек» [4]. Яғни білімділік
мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі
айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы,
шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде
мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра
алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық
таным арқылы — жақсылық пен жамандықты айырамыз.

ЛУЧШЕЕ для вас 8
КОМПАНИЯ, ЗАНИМАЮЩАЯСЯ
ОРГАНИЧЕСКОЙ ПРОДУКЦИЕЙ
Реттеу қызметі

» Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен
басқару» атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі
ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке,
қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз. Айталық,
Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты
деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және
рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі. Алайда солай екен-ау
деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз.
Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік
ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге
көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар
басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты
белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол — білімі
ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның
адамгершілік талаптарына сай адам.
ЛУЧШЕЕ для вас 9
КОМПАНИЯ, ЗАНИМАЮЩАЯСЯ
ОРГАНИЧЕСКОЙ ПРОДУКЦИЕЙ
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет.
» Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер
сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас
өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен
қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық,
шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас
нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық
қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.
» Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа
негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп
мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және
тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл
болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени
айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол
—жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз. Мәдени
болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да
қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық тағыда
басқа түрлерін атайды.
ЛУЧШЕЕ для вас 10
КОМПАНИЯ, ЗАНИМАЮЩАЯСЯ
ОРГАНИЧЕСКОЙ ПРОДУКЦИЕЙ
Мәдениет пен өркениет
» Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір
басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге
бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан
алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл
ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден
айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың
түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген
басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

ЛУЧШЕЕ для вас 11
КОМПАНИЯ, ЗАНИМАЮЩАЯСЯ
ОРГАНИЧЕСКОЙ ПРОДУКЦИЕЙ
Дереккөздер
» ↑ И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252
» ↑ Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет
» ↑ (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет)
» ↑ Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8-бет
» ↑ Нуржанов Б. Мир как игра. Игра языка в концепции Деррида. Ex libris, И. —
Алматы, 1996. — С. 3
» ↑ Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8

ЛУЧШЕЕ для вас 12
КОМПАНИЯ, ЗАНИМАЮЩАЯСЯ
ОРГАНИЧЕСКОЙ ПРОДУКЦИЕЙ
Назарларыңызға рақмет!

ЛУЧШЕЕ для вас 13
КОМПАНИЯ, ЗАНИМАЮЩАЯСЯ
ОРГАНИЧЕСКОЙ ПРОДУКЦИЕЙ

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет ұғымы
Материалдық және рухани мәдениет
Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР
Мәдениет – адам жасаған екінші табиғат
МӘДЕНИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мәдениеттану
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
Мәдениет ұғымы және оның құрылымы, функциясы
Мәдениет адам жасаған әлем сияқты екінші табиғат
Пәндер