Монополиялық бәсекелестік



Монополиялық бәсекелестік және олигополиялық фирманың іс-әрекеті

Монополиялық бәсекелестік
Монополиялық бәсекелестік теориясы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында ағылшын экономистер Дж. Роббинсон мен Э. Чемберленмен әзірленген.
Бұл нарық түрі нағыз бәсекелестік және монополиямен бірдей сипатты бола тұра, қазіргі заманда ең таралған болып табылады.

Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері

сипаттамасы
Нарық үлгісі
Таза бәсекелестік
Монопольдік бәсекелестік
Олигополия
Таза монополия
Фирма саны
Өте көп
көп
бірнеше
бір
Өнім типі
біртекті
Әр түрлі
Біртекті немесе әр түрлі
ерекше
Баға бақылауы
жоқ
катаң емес
Өзара байланысуға байланысты
Бағаны бақылайды

сипаттамасы
Нарық үлгісі
Таза бәсекелестік
Монопольдік бәсекелестік
Олигополия
Таза монополия
Салаға кіру
Кедергі жоқ
жеңіл
Кедергілер бар
шектеулі
Бағалық емес бәсекелестік
жоқ
Жарнамаға көңіл бөлу
Әртарапты өнім жағдайында
Фирманың беделін арттыру
мысалы
Шаруа қожалықтары
Киім, аяқ-киім өндіру
Автокөлік, тұрмыстық техника өндіру
Қоғамдық көлік, темір жол

Қысқа мерзім кезеңіндегі монополиялық бәсекелес фирма
Монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз сегментінде ғана монополист болып есептеледі :
Біріншіден, оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.
Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі басқа нарықтық құрылымдардағы сияқты МБ фирма пайдасын мейлінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады:
МС = MR.

Сурет 9. 1 Қысқа мерзімде монополиялық бәсеке фирмасының пайданы максимизациялауы
Сурет 9. 2. Монополиялық бәсеке фирмасының шығындары
Фирманың сұраныс қисығы төмен бағытталған, бірақ тік болып табылатын шекті табыстың қисығымен жанаспайды (сурет 9. 1) . Фирманың белгілі бір монополиялық билігі болғандықтан, ол фирма-монополист сияқты тауарларға және қызметтерге баға мен өндіріс көлемін орната бастайды.
Фирма шекті табысы шекті шығындарға тең, бірақ бағасы шекті шығындардан көп болатын өндіріс көлемін таңдайды. Фирма Р1 Р2 С В пайдаларын табады.
Қысқа мерзімде сатушы тек қана пайда ғана алмай, сонымен бірге шығындарға да ұшырайды (сурет 9. 2) .

Монополиялық бәсекедегі ұзақмерзімді тепе-теңдік
Ұзақ мерзімде қалыпты пайда алу тенденциясы бар немесе монополиялық бәсеке жағдайында әрекет ететін фирмалардың зиянсыздығына алып келеді. Егер қысқа мерзімде пайданы алатын болса, экономикалық пайдалар салаға жаңа бәсекелестерді тарта бастайды, өйткені нарыққа кіру оңай әрі жеңіл болып табылады.
Көптеген фирмалар қысқа мерзімде шығындарға ұшырайтын болса, ұзақмерзімде осы фирмалар саладан жаппай шыға бастайды. Салада қалған фирмалар олардың шығындары уақыт өткен сайын қалыпты пайдаға айналғанын көре бастайды.
Сурет 9. 3. Монополиялық бәсекенің ұзақмерзімді
тепе-теңдігі
Ұзақмерзімде қысқамерзімді ауытқулар теңеледі және сұраныс қисығы орташа шығындар қисығына жанама болған кезде тепе-теңдік орнатылады (сурет 9. 3) .

Монополиялық бәсеке нарығындағы жарнама және сатуды ынталандыру
Жарнама артықшылықтарын келесідей аргументтер арқылы келтіруге болады:
Жарнама тұтынушыларға дұрыс тағдау жасауға көмектесетін ақпарат береді. Өзгеріп отырған экономикада тұтынушының қызметтер өндірісін ұлғайтатын жаңа фирмалармен жақын түрде танысудың үлкен қажеттілігі бар.
Жарнама байланыстың ұлттық жүйесін қолдайды.
Жарнама өнімнің өзгеруін ынталандырады. Яғни, жарнама саласында бәсекеге қабілетті болу үшін фирма көрсететін қызметтер сапасын жақсартуы міндетті.
Ойдағыдай жүргізілген жарнамаға байланысты фирма өзінің өндірісін ұлғайта алады және сол арқылы үлкен әсер алуы мүмкін (сурет 9. 4) . Графикте көрсетілгендей, жарнама әсерінен фирманың сұраныс қисығының оңға жылжуы арқылы өндіріс Q1- ден Q2-ге дейін өседі. Жарнамаға кететін шығындар фирманың орташа шығындар қисығының жоғары қарай жылжуына алып келсе де, бір данаға кеткен шығындар азая бастайды. Масштаб әсерімен шартталған үлкен өндірістік тиімділік жарнама үшін бір өнім данасына кеткен шығындарды орынға келтіреді. Сондықтан тұтынушылар жарнаманың бар болуы жағдайында қызметтерді төмен бағамен сатып алады.
Жарнама бәсекелестікті қолдайды. Қызметтердің кең ауқымды түрлері туралы ақпаратты бере отырып, жарнама монополиялық билікті бәсеңдетеді.
Жарнама тұтынушылық шығындардың жоғары деңгейін ынталандырады. Жарнама мен сатуды ынталандыру бойынша шаралар көмегімен тұтынушыларды белгілі бір тауарды сатып алуға сендіруге, олардың қызметтерге деген берілгендігін қолдауға болады
Монополиялық бәсеке жағдайында өндіруші жарнама және сатуды ынталандырудың басқа да тәсілдері көмегімен уақытша артықшылықтарға қол жеткізе алады. Фирма өзінің нарықтық үлесін ұлғайтуға сенім білдіреді және өзінің әртараптандырылған тауарларға тұтынушылардың ниетін күшейтеді.

Олигополия нарығы
Олигополия нарығына тән белгілер
Олигополия(oligopoly) -нарық құрылымының түрі. Мұнда сату көлемінің қомақты бөлігін бірнеше ірі фирмалар жасайды және олардың әрқайсысы нарықтық бағаға әсер ете алады.
Өндірістің техникалық күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия, автомобиль құрылысы, электроника, кеме мен ұшақ құрылысы және т. б. нарық құрылымының осы түріне жатады.
Олигополия нарығы онда сатудағы маңызды нарықтық үлестері бар бірнеше бәсекелес өндірушілер жұмыс істейді, сондықтан жекелеген фирманың баға өзгерісі және шығару көлемі қарсыластың пайдасына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты олигополиялық фирмалардың өндірістік шешімдері тек тұтынушылар әрекеттерінен ғана емес, сонымен қатар бәсекелестер әрекетінен де және олардың стратегиялық тәртібінен де байланысты болады. Олигополиялық нарықтың басты айырмашылығы: баға соншалықты жиі өзгермейді, ал егер өзгерсе, онда айтарлықтай шамада өзгереді.

Олигополияның ерекшеліктері:
1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.
2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады.
3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады.
4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты-фирмалар бір-бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелді.
5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.

Курно моделі
Екі олигополистің іс әрекетін зерттейтін модельді алғаш рет 1838 жылы француз экономисі Огюстен Курно ұсынды. Екі фирма іс-әрекет жүргізетін олигополия-дуополия деп, ал модель-Курно дуополиясы деп аталады.
Екі фирма (А және Б) бірдей тауар шығарады және бұл тауардың сұраныс қисығын біледі. Әрбір фирма қанша өнім шығару керек екенін шешуі қажет, және екі фирма да бір - біріне тәуелсіз шешім қабылдайды. Шешім қабылдау кезінде екі фирманың әрқайсысы оның бәсекелесі өндіріс көлемі мен соңғы баға екі фирманың жиынтық өндіріс көлеміне байланысты болатынын ескере отырып, қабылдайды. Модельдің талабы болып шығару көлемі туралы шешім қабылдау негізінде бәсекелес өндірісінің тұрақты көлемі туралы болжам табылады.



Бағалық қақтығыс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz