Қозғаушы сұрыпталу



Тақырыбы: Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология факльтеті
СӨЖ
Орындаған: Пәржан Гауһар
Тобы: ББП 18-04
Қабылдаған: Калимагамбетов А

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Эволюция теориясының негізгі принциптері;
2. Табиғи сұрыпталу түрлері;
3. Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі;
4. Табиғи сұрыпталу нәтижесі;
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Чарлз Дарвин өзінің 1831-1836 жылдардағы «Бигль» кемесі- мен жер шарын айналып шыққан сапары барысында түрлерді өзгермейді деп санауға болмайтындығы туралы көптеген мәліметтер жинап қайтты. Англияға қайтып келгеннен соң ол көгершіндерді және өзге де үй жануарларын өсіру практикасын зерттеуге кірісті, бұл оны табиғи сұрыпталу идеясына алып келді. 1778 жылы дін қызметшісі Т. Мальтус «Жер халқы туралы трактат» атты еңбегін жариялады және онда халық санының еш тежеусіз өсуі неге әкеліп соғатынын көрсетті. Ч. Дарвин Мальтустың ойларын табиғатқа қатысты қолданып репродукциялық потенциалы өте жоғары болуына қарамастан популяция саны біршама тұрақты деңгейде сақталатындығына назар аударды. Ғалым, популяция ішіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында тірі қалу үшін қолайлы кез келген өзгеріс дара организмдердің нақты сыртқы орта жағдайында көбеюі және өзінен соң ұрпақ қалдыру қабілетін арттырады деген ұйғарымға келді. Бұл эволюция теориясының алғашқы негізі болды.
Чарлз Дарвин

Негізгі бөлім
Ч. Дарвин сұрыптауға ерекше көңіл бөліп, оның түрлері мен себептерін толық зерттеді. Жануарлар мен өсімдіктердің іріктемелерін шығаруда, олардың ерекше бір қасиеті мен өзгеріс белгілеріне қарайды. Өсмдіктер мен жануарларды қажет белгілеріне қарай сұрыптап, іріктеп алуды Ч. Дарвин қолдан сұрыптау деп атады. Табиғатта да, ауыл шаруашылық практикасында организмдердің жаңа формалары (жануарлардың, өсімдіктердің іріктемелері) қалай шығарылатының зерттеді. Содан соң табиғатта қандай себепшарттардың әсерінен жаңа түрлердің пайда болатының талдады. Адамның қолдан сұрыптауы мен табиғатта болатын табиғи сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар енендігін дәлелдеді. Нәтижесінде, Ч. Дарвин қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу ілімінің негізін салды. Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде адам тек өз қажетіне жарайтын пайдалы тұқымдар мен іріктемелерді шығарады. Ч. Дарвин түрлердің ішіндегі даралар морфологиясы, мінез-құлқы жағынан ерекшеленетін өзгергіштіктері болатының байқаған.

Тірі табиғат үшін эволюциялық даму - ажыратылмайтын және ерекше қасиет. Биологияда бұл тұжырымдама әр текті мамандандырылған биологиялық білімнің синтезі жүргізілетін платформа функциясына ие болды. Нәтижесінде айтарлықтай дербес білім саласы - эволюциялык биология қалыптасты.
Эволюциялық биология ғылымы тірі организмдердің өзгеруі мен даму зандылықтары, дамуға қозғаушы күштері мен себептері туралы ғылым.
Бұлар эволюция теориясының негізгі принциптері.

Табиғи сұрыпталу
Табиғи сұрыптау - тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі. Эволюция теориясы 1858 жылы Чарльз Дарвин және Альфред Рассел Уоллеспен ұсынылды.
Табиғи сұрыпталуды кейде Қозғаушы сұрыпталу деп атайды. Себебі бұл - бағыттауышы сұрыпталу, тек ғана бір бағыттағы өзгергіштікке бейім табиғи сұрыпталудың бір түрі. Қозғаушы сұрыпталу арқылы популяцияның генофоды толығымен келешек ұрпақтарының дивергенциясыз өзгереді; түрдің осындай эволюциясын Дж. Симпсон, (1944) филетикалық эволюция деп атады. Қозғаушы сұрыпталу нәтижесінде популяцияның генофондында фенотиптің бір бағытына өзгергіштік болатын мутациялар жинақталады және таралады

Табиғи сұрыпталудын, алғы шарттары




Тұрақтандырушы сұрыпталу
Тұрақтандырушы сұрыптау - іс-әрекеті орташа көрінетін белгілері бар дарақтардың пайдасына қарай орташа қалыптан қатты ауытқыған дарақтарға қарсы бағытталған табиғи сұрыпталудың бір түрі. Тұрақтандырушы сұрыптау түсінігін ғылымға енгізіп, талдаған И. И. Шмальгаузен болды.
Тұрақтандырушы сұрыпталу бұрын қалыптасқан орташа белгіні немесе қасиетті ұстап тұруға бағытталған. Мұндай белгілер мен қасиеттерге жануарлар денесінің немесе оның жекелеген бөліктерінің көлемі, өсімдіктердің көлемі мен гүлінің формасы омыртқалылардың қанындағы гормондардың немесе глюкозаның концентрациясын және т. б. жатқызуға болады. Тұрақтандырупы сұрыпталу белгі көрінуінің орташа нормадан күрт ауытқуын болдырмай, түрдің бейімделушілігін сақтайды.
Шмальгаузен Иван Иванович

Қозғаушы сұрыпталу
Табиғи сұрыпталудың қозғаушы формасы белгінің немесе қасиетінің орташа мәнінің жылжуын қамтамасыз етеді, осылайша жаңа жағдайға сәйкестілігін жоғалтқан ескі орта нормасының орнына жаңа орташа норманың пайда болуына алып келеді.
Белгінің өзгеруі оның күшеюіне, жақсы көрінуіне, сондай-ақ әлсіреуіне, тіпті толық жоғалуына қарай да жүреді. Қозғаушы сұрыптау әсерінің нәтижесі болып табылатын белгінің жоғалуына мысалдар ретінде жер астында тіршілік ететін көртышқанның немесе үңгірде тіршілік ететін жануарлар көздерінің редукциясын, құстар мен насекомдардың кейбір түрлерінде қанаттардың жойылуын, паразит-өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтарының редукциясын, таспа құрттарда асқорыту жүйесінің редукциясын және көптеген т. б. құбылыстарды келтіруге болады.

Қозғаушы сұрыпталу

Дизруптивті сұрыпталу
Дизруптивті (ажыратушы) сұрыпталу - өзгергіштіктің екі немесе бірнеше шеткі нұсқаларына (бағыттарына) қолайлы, бірақ белгінің аралық, орташа күйлеріне қолайсыз жағдайлар болатын табиғи сұрыпталудың бір түрі. Нәтижесінде бір ғана бастапқы формадан бірнеше жаңа түрлер пайда болуы мүмкін. Онысипаттаған Майер. Дизруптивті сұрыптау популяцияның полиморфизмін тудыруға және оны ұстап тұруға қабілетті. Ал кейбір жағдайларда түр түзілудің себебі ретінде қызмет атқаруы мүмкін.

Оң және теріс сұрыпталу

Жыныстық сұрыпталу
Жыныстық сұрыпталу - Түрдің көбеюі, ұрпақтарының ары қарай өсіп-өніп тіршілігін қамтамасыз ететін, тіршілік үшін күресте реңдерінің әдемілігімен, әрекеттерінің белсенділігімен, тіршілікке икемділігімен күштілерді жеңеді. Жыныстық сұрыпталудың ағзаға зиянды жері де бар. Мысалы, жұмақ құсы мен қырғауыл аталықтарының әдемі ұзын қауырсындары ұшуына кедергі жасайды, әрі оларды жаулары тез байқайды. Бұғы аталығының үлкен мүйізі қатты жүгіруіне кедергі келтіреді Жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде жетілген мүйіздері, ит тістері, иісті бөздері, жарық шығаратын мүшелері жыныстық айырмашылықтарын көрсетеді


Жасанды сұрыптау мен табиғи сұрыптаудың айырмашылығы
Қолдан сұрыптау
Белгісі Табиғи
Табиғи сұрыпталу
Адам
1. Кім жүргізеді?
Табиғат
Адамға қажетті белгісі бар дарақтар
2. Нәтижесінде қайсысы тірі қалады?
Қоршаған орта жағдайларына жақсы бейімделетін дарақтар
Төмен
3. Тіршілікке бейімділік дәрежесі
Жоғары
Бірнеше жылдан бірнеше ондаған жылдарға дейін
4. Үдеріс жылдамдығы
Жүздеген немесе мыңдаған жылдар
Жағымсыз белгілері бар бірде-бір дарақ көбеюге рұқсат етілмейді
5. Әр түрлі жылдамдықта болу себептері
Көбеюге ұзак уақыт жағымсыз белгілері бар дарақтар (оңай кездейсоқтық) қатыса алады
Әсімдіктер іріктемесі және жануарлар қолтұқымы
6. Қандай жаңа формалар түзіледі?
Жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түршелері және түрлері
Төмен. Бір түрдің әр алуан іріктемелерімен және қолтұқымдарымен арасында жұптасу (шағылысу) болады жөне тіршілікке бейім, өсімтал бұдан алынады
7. Жаңа формалардың генетикалык дербес жекеленушілігі
Жоғары. Тіпті жақын
туысты түрлер арасында жұптаса (шағылыса) алмайды немесе жұптасса (шағылысса) ұрпағы тұкым бермейді
Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дарактар
8. Сұрыптауға арналған материал
Тұқым қуалайтын өзгергіштіті бар дарактар
Бір тип
9. Сұрыпталу типтері (сақталатын белгісінің керсеткішіне тәуелді)
Үш тип

Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі

Бейімдеушілік - табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі
Бейімделушіліктің пайда болуы. Эволюция барысында пайда болған жаңа белгілер қалыптаса отырып, бейімделушілікке әкеледі.
Бұл түрлердің морфологиялық ерекшеліктеріне тең келсе, ол біртіндеп жаңа түрлер мен популяциялардың түзілуіне әрі қарай биогеоценоздың өзгеруіне бастама болады. Сыртқы орта жағдайына орай бейімделушілік белгілерінің пайда болуы - эволюцияның негізгі нәтижесі. Сондықтан эволюцияны бейімделушіліктің пайда болу әрекеті ретінде қарастыруға болады - адаптациогенез.
Бейімделушілік деп- белгілі орта жағдайларында тіршілік етіп, тұқымқуалаушылық белгілері арқылы ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін нақты морфологиялык қасиеттердің дамуы мен пайда болуын айтамыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz