Қазақтардың ұлттық киімі


Slide 1

18-20 ғасырдағы қазақ мәдениеті

Жасаған: Алдашева Жанат

Қабылдаған: Өтеулі мақсат

Slide 2

Жоспар

1. Материалдық мәдениеті

2. Қазақтардың ұлттық киімі.

3. Тұрмыс - салт мәдениетінің дәстүрлері.

4. Қазақ халқының тұрғын үйі

5. Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары

Slide 3

Материалдық мәдениет

Қазақтардың XVIII - XIX ғ. ғ. материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы ьасты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.

Slide 4

Ұлттық киімі

Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір -қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Еркектердің сыртқы киімінің ең таралған түрі шапан болды, ол көп жағдайларда фабрикалық маталардан тігілетін. Ал ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұхара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып бөлінді.

Қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер болды. XVIIIғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік, тұмсығы қайқы келген. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында олар сирек кездесетін еді. Барлық жастағы еркектердің қыста киетін негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты саптама етік болды.

Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған.

Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі мен кебісболатын. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз болмаған.

Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері да ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі-сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы металдармен, асыл тастармен, аң терілерімен барынша сәнделетін еді.

Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі-кимешек ақ матадан дайындалған

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Тұрмыс салт мәдени дәстүрі

Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын. “Аспан өз әрекеттерінде еркін болды, -деп жазды Ш. Уәлиханов, - ол әрі жарылқады, әрі жазалады. Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. “Тәңірі жарылқасын”, “көк соққан”және “көк соққыр” деген ұғымдар, олардың шамандардан шыққанын көрсетеді”.

Қазақтардың түсінігі бойынша, көшпелі мал шаруашылығына байланысты кейбір заттардың бұрынғы қожайынының “құтын” алып кететін ерекше күші болған.

Slide 8

Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейлінше мол сақталған. Оларда ертедегі дәстүрлердің - топтық некенің, рулық экзогамияның, полигамияның, үлкен патриархаттық отбасының қалыңмал және енші берудің және т. б. ғұрыптардың белгілері жақсы көрініс тапқан.

Қазақтар арасында үлкендер ерекше құрметтелді. Оны бұзушыларға айып салынды. Қазақ әйелдері күйеуінің жасы үлкен туыстарын құрметтеді. Келін атасының және қайын ағаларының алдынан өтпеу ғұрпын қатаң сақтады, оларды өз атымен атамады.

Қазақтар 22 наурыздағы көктемнің күн мен түн теңесетін күніне тұстас келетін Жаңа жылдың келуін жыл сайын ежелден көңілді мейрам ретінде атап өткен. Әйелдер дәстүрлі рәсімдік тағам - “наурыз көже” дайындап, оны келген қонаққа берген.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Қазақ халықының тұрғын үйі

материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып алуға ыңғайлы киіз үйлерде, қыста - тұрақты: “ағаш үй”, “жер үй”, “қара там” деп аталатын үйлерде тұрды.

Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жихаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін - отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана емес тіпті бір атқа тиеліп тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық қажеттерге пайдаланылатын үйлер болды.

Slide 12 Slide 13

Мал шаруашылығы


Ұқсас жұмыстар
Материалдық мәдениеті
Дәстүрлі киім үлгілері
Қазақ ұлттық киімдері
Садақ - жебемен ататын қару
Қырғыз халқының халқы, тілі жайлы
Ұлттық киімдер
"Ұлттық кіим түрлері" жобасы
Қазақ халқының ұлттық киімі
Сырт киім
Қазақ халқының ұлттық бас киім және аяқ киімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz