Сілекей безі


Slide 1

Сілекей безі

Орындаған: Аманбай Аида

Факультет: Жалпы медицина, 101-б

Қабылдаған:Тулеева Г. Т.

Slide 2

Сілекей безі

Сілекей - ауыз қуысына бөлінетін сілекей бездерінің бөліндісі. Сілекей (лат. saliva) - мөлдір, түссіз сұйықтық. Сілекей ауыз қуысын ылғалдап, дәм сезу мүшелерінің қызметін қамтамасыз етіп, жеген тамақты ылғалдайды. Сонымен бірге, сілекейдің ауыз қуысын тазартып, тісті зақымданудан сақтайтын бактериалық қасиеті бар. Ауыз қуысындағы сілекей ферменттерінің әсерінен көмірсулардың ыдырауы жүзеге асады. Сілекейдің рН ортасы 5, 6-дан 7, 6-ға дейін болады.

Slide 3 Slide 4

Классификациясы

Сілекей бездерін кіші және үлкен сілекей бездері деп бөледі. Жұпты үлкен сілекей бездері - құлақ маны, төменгі жақ асты, тіс асты және кіші сілекей бездері - ерін, ұрт, тіл ас қорыту бездері болып табылады.

Құлақ маңы сілекей безі - үш бездің ішіндегі ең ірі без болып табылады. Безде бет нервісі өрім түзеді. Бездің шығару өзегі ауыз қуысы кіре берісінде жоғары 2 - ші азу тіс деңгейінде ашылады.

Slide 5

Құрылысы

Сілекей безі құрылысы жағынан күрделі альвеолярлы без болып табылады. Ауыз қуысына бөлінетін серозды секреттің құрамы күрделі. Құлақ маңы сілекей бездерінің клеткалары шығару қызметін атқаратындықтан, организмнен дәрілік заттар мен токсиндерді бөліп шығарады.

Құлақ маңы сілекей безі ішкі секреция безі болып табылады (паротин минералды және белокты алмасуға әсер етеді) . Құлақ маңы бездері жыныс, қалқанша, қалқанша маңы бездерімен, гипофизбен, бүйрек үсті бездерімен гистофункционалдық байланыста.

Төменгі жақ асты сілекей бездер - серозды кілегейлі секрет бөліп шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады. Иек асты және тіл артериялары салдарынан қанмен қамтамасыз етіледі. Төменгі жақ асты сілекей бездері жақ асты нерв түйінінің бұтақтарымен инервацияланады.

Slide 6

Тіл асты сілекей бездері - аралас болып табылады және серозды - кілегейлі секрет болып шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады.

Кіші сілекей бездері - барлық кілегей қабаттарда орналасады. Таңдай бездері артқы бөлімде көп және жұмсақ таңдайдың бағыты бойынша олардың саны көбейеді. Тілдің түбірінде, валик тәрізді еміздікшеде серозды бездер, ал басқа жерлерде - кілегей бездер орналасады.

Slide 7

Сілекей бөлінуі

Сілекейдің бөлінуі - күрделі процесс. Ұсақ сілекей бездері кілегей қабаты ылғалдап, үзіліссіз секрет болып шығарады. Ірі сілекей бездерінен сілекейдің бөлінуі табиғатынан рефлекторлы, тағамның шартты тітіркендіргіштеріне байланысты (түріне, иісіне) және тағам факторлары кілегей қабаттың рецепторларына әсер етіп күшейеді. сілекей бездерінің регуляциясы бас миында орналасқан жүйке орталығымен байланысты. Клиникада науқастарды емдеу кезінде сілекей бөлінуге тән өзгерістер туғызу мүмкіндігі ең маңызды болып табылады.

Slide 8

Қызметі

Сілекейдің қызметі организмнің өмірге қажеттілігі үшін маңызды болып табылады. Гипосаливация басталғанда әсіресе, ксеростомия (сілекейдің болмауы) кезінде ауыз қуысы кілегей ауруларының тез арада дамитыны белгілі, ал 3 - 6 ай өткен соң, тістердің кариеспен зақымдануы басталады. Сонымен қатар тағамды шайнап, жұтқан кезде қиындықтар туады.

Slide 9

Қорғаныш қызметі

Қорғаныш қызметі - ылғалдануы мен кілегей қабатпен (муциннің) жабылуы оны кебуден, жарылулардың түзілуінен және механикалық тітіркендіргіщтердің әсерінен сақтайды. Сонымен бірге тіс беттері мен кілегей қабаттарды микроорганизмдер мен тағам қалдықтарынан тазарту қызметін атқарады. Сілекейдің қорғаныш қызметінде маңызды рольді оларды плазма ұйытқыш және фибринолитикалық бейімділігі атқарады. Сілекейде тромбопластин, антигрепаринді субстанция, проромбин және фибринолиздің активаторы мен ингибиторы бар. Осы заттар гемокоагуляциялайтын және фибринолитикалық белсенділікті меңгереді. Жергілікті гомеостазды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады және зақымданған тіндердің регенерация процесін жақсартады. Ауыз қуысы сұйықтығы тіс эмалі құрамын ұстап тұруда маңызды роль атқарады.

Slide 10

Ас қорыту қызметі

Ас қорыту қызметі - тағам түйіндері қалыптасып оны жұтқан кезде сілекейдің ас қорыту қызметі жүреді. Сілекейде еріген тағам өнімдері дәм сезу анализаторына әсер етіп, ас қорыту жолдарының қызметін тудырады. Осы себепті сілекей күрделі орта болып табылады. Сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығы лабильді орта және оның санды, сапалы құрамына әр түрлі факторлар мен организмнің жалпы жағдайы әсер етеді. Адамның жасына қарай құлақ маңы сілекей безінің қызметі төмендейді, ал оның құрамында хлордың саны азайып, кальций құрамы аздап көбейеді. Аурулар кезінде сілекей бөлінудің өзгерістері басталады.

Slide 11

Сілекей құрамы

Сілекей - сілекей бездерінен ауыз қуысына бөлінетін секрет. Сілекей шығару өзектерінен алынған сілекей, аралас сілекей немесе ауыз қуысы сұйықтығы деп бөлінеді. Соңғысының айырмашылығы, секркттен басқа, құрамында олардың өмірге қажетті өнімдері, десквамирленген эпителий, сілекей денешіктері (лейкоциттер) қызыл иек эпителиіне бекуі арқылы ауыз қуысын мигрирлейтін микроорганизмдер болады. Сонымен қатар, онда тағам қалдықтары болуы мүмкін. Бірақ секреция жылдамдығы әр түрлі факторлардың әсеріне байланысты бірдей мөлшерде емес: ересек жаста (55 - 60 жастан кейін сілекейдің бөлінбеуі баяулайды), нерв қоздырғыштары, тағам тітіркендіргіштері. Сілекей бөлінбеудің жылдамдығы тістердің кариеспен зақымдануымен байланысты: сілекей қаншалықты көп бөлінсе, тістер соншалықты кариеспен зақымданады. Сілекей тұтқырлығы жоғары адамдарда тістерінің кариеспен зақымдануы интенсивті.

Slide 12

Сілекей құрамындағы органикалық заттар

Сілекейге қан сарысуынан түсетін (аминоқышқылдар, мочевина) ;

Бездермен синтезделетін (амилаза, гликопротеидтер, муцин, А классының иммуноглобулині және т. б. ) .

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық
СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ҚАБЫНУ
Сілекей бездері
Асқорыту бездерінің гормондары
Аңдардың асқорыту жүйесі
Безді эпителийі
Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы
АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Вегетативті жүйке жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz