Жастық жыры




Презентация қосу
Жамбыл Жабаевтың
175 жылдығы
Өмірбаяны
Жабаев Жамбыл (1846-1945) –
қазақ халық поэзиясының әйгілі
тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі,
жырау, жыршы. Туған жері –
Жамбыл облысындағы Жамбыл
тауының етегі. Топырақ бұйырған
жері – Алматы облысының
Ұзынағаш елді мекені. Шыққан
тегі – Ұлы жүз Шапырашты
тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер
айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған
айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу,
оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар.
Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел
ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу
алабы әзірше қағаберісте еді. Екншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге
жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша
биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың
келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың
келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен
Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен
олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына
байланысты еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас
кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән
мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.
Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың
дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып
батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол
кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян
Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен
айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес
қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек,
Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың
көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай
түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы»,
«Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық
жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан,
Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын
әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым»,
«Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді
бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық
жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі
тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық
көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның
даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына
қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында
шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс
пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт
көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып
ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы
биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның
тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір
бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін
бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы
аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровиза-
циялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік
жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының
қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл
- жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай,
қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген
шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып
дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын
алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім
дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің
барлық түрінде, барша жанрында шабытпен
бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін
әйгіледі. 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние
салды. 1946 жылы февральда Қазақстан
жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын
салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай
ақынның таңдамалы шығармаларының
академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде
басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин
орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет
белгісі» ордендерімен наградталған.
Жылдар бойынша хронология
• 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың шығармашылық қызметінің жетпіс бес
жылдығын аталып өтілді. Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат
қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар алды.
• 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде
Жамбыл өзінің өлеңдерінде Кеңес Социо-листік Республикалар халқын Отанды
қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, КСРО
халықтарының мызғымас достығын жыр етті.
• 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар
жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді.
• 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың
қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда,
• 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл қайтыс болған.
• 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын
салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақын-ның таңдамалы шығармаларының
академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев
Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Шығармалары Өлеңдер
• Атаның әлдиі
• Балаларға
• Балама хат
• Бесік жыры
• Жастық жыры
• Жаңа жыл
• Жаңа жыл сәлемі
• Жеңіс жырын сайраңдар
• Жүз жасаған жүректен
• Ленин
Айтыстар • Ленинградтық өренім
Жамбыл мен Айкүміс • Шәкірт балаларға
Жамбыл мен Құлманбет • Октябрь толғауы
Жамбыл мен Шашубай • Сәлем саған комсомол
Жамбыл мен Досмағанбет • Сыйлық
• Туысқан ел
• Чапай
Дастандар
• Халық туысқандығы
Өтеген батыр
• Өнердің өсуі есік жыры
Сұраншы батыр
Көрұғлы
Бақ, дәулет, ақыл
Сараң бай мен жомарт кедей
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанға.
Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.
Ең болмаса, айранға тойғызса деп,
Жатса, тұрса, тілейді «а, құдайлап».
Сараң байдың үйіне қонақ келсе,
Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап.
Кедей жомарт үйіне мейман келсе,
Жалғыз қойдың тұрады басын байлап.
Бай жалтаң, кедей калтаң, халық дархан,
Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң.
Елімнің азаматын таныс қылған,
От жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!
Ленинградтық өренім
1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буынымның шегелерін,
Сыпырып тұла бойдан күшімді алды» деп кәрілікке мойын бере бастаған ақын 15
республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан
шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл
тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім
мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым»,
«Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық»,
«Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат»,
«Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір
өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты
жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып
майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі
қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес
жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен
«Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін…
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі! —
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі;
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі!
Ата-бабаң баяғы
Аян еді Жамбылға;
Қарсы аттанды жауға жұрт,
Көтерілді қалың ел.
Жау батпаны жатыр деп,
Қайысқан жоқ біздің бел.
Келген жауды түйіліп.
Жеңген едің бұрын да
Жау сүйегі үйіліп
Қалған өзен, қырында.
Уа, қаһарман, өренім,
Мақтанышым, беделім!..
Қаласындағы Лениннің
Сайып қыран, өренім!

Ұқсас жұмыстар
БЕСІК ЖЫРЫ МЕН ТҰСАУ КЕСУ
Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие
ЖАМБЫЛ ЖАБАЙҰЛЫ
Оқуға құштар мектеп
Халима Өзақанова және Әзілхан Нұршайықов
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
Тәрбие дәстүрлері
Отпен аластау
Жамбыл Жабаев туралы
Кәмшат қыз
Пәндер