Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру және басқару


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру және басқару

ОРЫНДАҒАН: МӘДИҚЫЗЫ М

ТОБЫ: МС 18-14К

ҚАБЫЛДАҒАН: ТӨЛЕГЕНОВА К

Slide 2

Үдерістік тұрғыдан келу кезінде басқару бытыраңқы әрекеттер сериясы емес, ұйымдастыруға әсер ететін біртұтас үдеріс ретінде қарастырылады. Олардың әрбірі өзінше үдеріс болып саналатын бұл әрекеттер ұйымының табысқа жетуі үшін өте маңызды. Бұл әрекеттер басқару функциялары болып аталады. Осы функциялардың жалпы жиыны басқару үдерісін білдіреді.

Басшы осындай функцияларды дәйекті орындауға міндетті. Жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау сияқты функциялар қазіргі уақытта ортақ және барлық ұйымдарға қолдануға қолайлы деп есептеледі. Басқарудың осы аталған төрт функциясы коммуникациялардың байланыстырушы үдерістерімен және шешімдер қабылдаумен жеткілікті (көшбасшылық) дербес қызмет ретінде қарастырылады.

Жоспарлау - бұл функция ұйымның мақсаты қандай болуы тиіс және осы мақсаттарға жету үшін ұйымның мүшелері не істеуі тиіс екені туралы шешімді болжайды. Жоспарлау функциясын орындай отырып, басшылық, өз кезегінде, ұйымның барлық мүшелері үшін мақсаттардың бірлігін қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау мен күш жұмылдырудың негізгі бағыттарын белгілейді.

Ұйым - ұйымдастыру - яғни қандай бір болсын құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарларын орындай алатындай құрылымдауды жүзеге асыру қажет көптеген элементтер қолданылады. Жұмыс, нақты тапсырма (мысалы, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі бойынша қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету) осы элементтердің бірі болып саналады. Әрбір нақты тапсырманы атап айтқанда кімнің орындайтынын анықтау ұйымдастыру функцияларының өзге бір маңызды аспектісі болып саналады.

Slide 3

Мотивация. Ұйым мүшелерінің жоспарларды орындай отырып, жұмысты өздеріне берілген міндеттерге сәйкес орындауы, осы функцияның міндеті болып табылады. Қазіргі уақытта, өз жұмыскерлерін тиімді мотивациялау үшін, басшы, сол жұмыскерлердің қажеттіліктері қандай екенін білуі және жақсы жұмыс арқылы жұмыскерлердің осы қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәсілді қамтамасыз етуі қажет.

Бақылау - бұл ұйым іс жүзінде қол жеткізетін өз мақсаттарын қамтамасыз ету үдерісі. Басшы белгілі бір уақытта мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлайды. Осы кезең ішінде ұйымның өзінде, сол сияқты одан сыртқары көп нәрсе өзгеруі, сондай-ақ адамдар қателіктер жасауы мүмкін. Басшылық бастапқы жоспарлардан ауытқуларды тауып, оны түзетуге қабілетті болуы қажет, бұл айтылғандар ең алдымен ұйымға елеулі шығын келтіруі мүмкін. Ұйымның жоспарын өзгертуге әкелетін жағдайлар туындайтын кездер де болады. Сондықтан да бақылау жоспарлауға әкеледі. Бұл, басқару үдерісінің басқарудың өзарабайланысты функцияларының үдерісін білдіретінін растайды.

Басқару функциясы екі жалпы сипаттамаға ие: олардың барлығы шешімдер қабылдауды талап етеді және бүкілі үшін коммуникация қажет.

Slide 4

Жүйелік тұрғыдан келу жаңа сапалар мен функцияларға ие белгілі бір тұтас жүйе түріндегі бүкіл үдерістер мен құбылыстарды қарастырады.

Бүкіл жүйелер орнықты ішкі құрылымға ие және өзарабайланысты элементтерден (ішкі жүйелерден) тұрады. Жүйелер жабық және ашық болып бөлінеді. Жабық жүйелер сыртқы өзгерістерге қатыссыз жұмыс істейді, ал ашық жүйелер сыртқы әлеммен байланысты. Бүкіл ұйымдар ашық жүйелер болып саналады. Жай (қарапайым) жүйе бір мақсатқа жетуге бағдарланған. Күрделі жүйе бірнеше өзарабайланысты мақсаттарға жетуге ұмтылады. Егер ұйым ішіндегі қайта құрулар (жаңарулар) үдерісінде тұтынылатын ресурстардың саны мен сапасының арақатынасы ұлғаятын болса, жүйелі басқару тиімді болады.

Қазіргі уақытта жүйелік тұрғыдан келуді, оның негізі - ұйымның сыртқы және ішкі ортасындағы бүкіл құбылыстарды бірлікте қарастыратын ойлау қалпын қалыптастыратын, менеджменттің әмбебап методологиясы деп есептеуге болады. Басқаруға жүйелік тұрғыдан келудің маңызы - біртұтас ретінде бүкіл құбылысты ойша қамту, оларды объективті бағалау, ішкі өзгергіш ұйымдарды ескере отырып бүкіл жүйенің дамуын қамтамасыз ету, қабылданатын басқару шешімдерінің оң және теріс салдарларын алдын ала көре білу.

Slide 5

Басқаруға жағдайлық тұрғыдан келу жүйелік тұрғыдан келу сияқты, нақты әрекеттер жиынына қарағанда, оңтайлы ойлау тәсілі болып саналады. Ол факторлардың арақатынасына қатысты, оңтайлы шешім қабылдауды талап етеді. Жағдай, яғни аталған нақты уақытта ұйымдастыруға күшті әсер ететін мән-жағдайлардың нақты жиыны жағдайлық тұрғыдан келудің негізгі бір кезеңі болып саналады.

Жағдайлық тұрғыдан келу методологиясы 4 кезеңдік үдеріс ретінде қарастырылады. басшы өзінің тиімділігін дәлелдеген кәсіби басқару құралдарымен таныс болуы тиіс; басшы аталған әдістемені немесе тұжырымдаманы қолданудан болатын ықтимал оң және теріс зардаптарды алдын ала көре білуі тиіс; басшы жағдайды дұрыс түсіндіре білуі қажет; басшы тигізетін кері әсері аз нақты тәсілдерді байланыстыра білуі тиіс.

Жағдайлық тұрғыдан келудің табысты болуы 3 кезеңге, яғни аталған жағдайда қандай факторлар неғұрлым маңызды болып саналатынын және қандай ықтимал эффекті бір немесе бірнеше өзгермелілерді өзгертуге әкелуі мүмкін екенін басшының қаншалықты дұрыс анықтағандығына қатысты болады.

Егер басшы жағдайда дұрыс талдау жасаған болса, онда ұйымдастыру проблемаларының неғұрлым соған дәл келетін шешімін анықтау үшін, оның болжалдарға немесе сынама және қателік әдісіне жүгінуінің қажеті жоқ болады.

Slide 6

«Ұйым» ұғымы ұйымдық ғылымның жетекші категорияларының қатарына жатады. Ұйым (латынша - дұрыс құрылған түрді хабарлаймын, ұйымдастырамын) - бұл кейбір ортақ мақсатты бірлесіп іске асыратын және белгілі бір принциптер мен ережелер негізінде әрекет ететін әлеуметтік жүйелердің бір түрі, адамдардың бірлестіктері. Ұйымдар - бұл мемлекеттік мекемелер, фирмалар, қоғамдық ұйымдар. Ұйым бұл қоғамдық жүйелердің элементі, адам қауымдастығының аса кең таралған формасы, қоғамның (социумның) бастауыш ұйымы. Ол қоғамсыз өмір сүре алмайды және қоғам өзінің өмір сүруі үшін құратын ұйымсыз өмір сүре алмайды. Сонымен бірге, ұйым қоғамның дербес ішкі жүйесі болып саналады, өзінің сипаттамасы, мүдделері, құндылықтары бар, қоғамға өз қызметінің өнімдерін ұсынады, өз қызметін көрсетеді және қоғамға белгілі бір талаптар қояды.

Честер Барнардтың берген анықтамасы бойынша (ХХ ғасырдың 30-40 жылдары) : ұйым - бұл ортақ мақсаттарға немесе мақсаттарға жету үшін қызметі саналы түрде үйлестірілетін, екі немесе одан да көп адамдардан тұратын адамдар тобы.

Ұйымдық теория бойынша профессор Ричард Дафт келесі анықтаманы ұсынады: ұйым - бұл кейбір мақсатқа бағытталған, арнайы құрылымданған және үйлестірілген жүйе ретінде құрылған, кейбір қызмет үшін арналған және қоршаған ортамен байланысты әлеуметтік тұтастық.

Ұйымдарды адамдар және олардың бір-бірімен өзарақатынастары құрады. Ұйым, мақсатқа жету үшін адамдар өзара іс-қимыл жасаған кезде өмір сүреді.

Басқару теориясындағы қазіргі үдерістер адам ресурстарының маңыздылығын атап көрсетеді және жаңа тәсілдердің басым көпшілігі, олардың үйренуге деген ынтасын ояту және ортақ іске өз күштерін жұмсау үшін жұмыскерлерге барынша кең мүмкіндіктер беруге негізделген, өйткені олардың барлығы ортақ мақсатқа жету үшін бірге еңбек етеді.

Бізге белгілідей, әлеуметтік жұмыс практикалық қызметтегі жаңа бағыт болып саналады. Ресейде 90-шы жылдардың ортасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызмет сияқты ұйым түрі қалыптасты. 1995 жылғы 10 желтоқсандағы «Ресей Федерациясындағы халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің негіздері туралы» Федералдық Заңға сәйкес меншік түріне қатыссыз әлеуметтік қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен мекемелер, сондай-ақ заңды тұлға болып құрылусыз халыққа әлеуметтік қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар әлеуметтік қызмет болып түсіндіріледі. Келесі ұйымдық-құқықтық формаларда: мемлекеттік, коммерциялық, аралас, қайырымдылық, діни және қоғамдық арнайы қызметтер құрылады.

Slide 7

Тұтастай алғанда олар мынадай әлеуметтік қызметтер көрсетеді: материалдық көмек; үйге барып көмек көрсету; стационарлық жағдайда тұрақты қызмет көрсету;

уақытша баспана беру; әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде күндіз болуды ұйымдастыру; консультациялық көмек көрсету; отбасыларын, балаларды әлеуметтік қамқорлық аясына алу; әлеуметтік оңалту және бейімдеу.

Әлеуметтік қызметтің әртүрлі типтері құрылады: халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік-оңалту орталығы, отбасылары мен балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығы, ардагерлер үшін интернат-үйі, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту орталығы, жедел әлеуметтік көмек көрсету орталығы, тұрғылықты жері белгісіз тұлғалар үшін оңалту орталығы, әлеуметтік баспана (приют), дағдарыс орталығы, төтенше психологиялық көмек орталығы және т. б.

Slide 8

Сонымен, егер адамдар, алдыға қойған мақсаттарға немесе мақсаттарға жетуге қажет белгілі бір әрекеттерді орындау үшін өзара іс-қимыл жасайтын болса, онда ұйым өмір сүретін болады.

Бірде-бір ұйым өндірілетін өнімдердің тұтынушыларымен, қызмет көрсетілетін клиенттермен, ресурстармен жабдықтаушылармен және сыртқы қоршаған ортаның өзге де элементтері мен өзара іс-қимыл жасаусыз өмір сүре алмайды.

Тұтастай түрдегі ұйымның не екендігін түсіну үшін, оны жүйе ретінде қарастыру қажет. Жүйе - бұл қоршаған ортадан кейбір бастапқы деректер алатын, оларды трансформациялайтын және қоршаған ортаға өзінен шығатын деректерді беретін өзара іс-қимыл жасайтын элементтердің жиыны.

Сыртқы әлемнен ресурстарды алу және сыртқы әлемге әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттілігі қоршаған ортаға тәуелділікті көрсетеді. Ұйымдар туралы ғылым жабық және ашық жүйелер арасындағы айырмашылықты анықтады. Жабық жүйе қоршаған ортаға тәуелді емес, ол автономиялы, қоршаған ортамен өзара әрекет етпейді және одан бөлектенген. Қоршаған орта тұрақты, алдын ала болжап білуге болатындай, ұйымның ісіне араласпайтындай және проблемалар туғызбайтындай болған кезде, жабық жүйені басқару да барынша қарапайым болады. Менеджменттің ертеректегі тұжырымдамасы (атап айтқанда, ғылыми менеджмент) ұйымды жабық жүйе ретінде қарастырды.

Ол сыртқы ортаның ресурстарын пайдаланады және оған өз ресурстарын береді. Ұйым үнемі қоршаған ортаға бейімделеді: ол өзіне қажетті ресурстарды табуы, иеленуі, сыртқы ортаның өзгеруін қабылдауы және оған әрекет ете білуі, қоршаған ортаға өз қызметтерін көрсете білуі, сондай-ақ белгісіздік (айқын еместік) пен сыртқы орта факторларының өзгеру әсері алдындағы өзінің ішкі қызметін бақылауы және үйлестіруі тиіс. Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қызметі әрқашанда әлеуметтік жағдайларға қатысты болады және бірмезгілде, елімізде кездесетін бүкіл әлеуметтік құбылысқа (жұмыссыздыққа, көші-қонға, жетімдікке, мүгедектікке, маскүнемдікке, нашақорлыққа, кедейшілікке және т. б. ) әсер етеді.

Ұйымдастыру жүйесінің деректеріне қызметкерлер (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар мен әлеуметтік қызметкерлер), ақпараттық, материалдық және қаржылық ресурстар кіреді. Әр түрлі әлеуметтік технологияларды (әлеуметтік жұмыстар технологиялары) қолдану нәтижесінде бұл деректер, клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімге және көрсетілетін қызметтерге айналады. Клиентке әлеуметтік қызмет көрсету ұйымның көмегін көрсету жөніндегі әрекет әлеуметтік қызметтер көрсету болып түсіндіріледі. Өмірлік қиынжағдайда қалған азамат, өз кезегінде, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының клиенті болып саналады.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Басқару әдістері
Менеджмент туралы ғылымды қалыптастыру және дамыту
Әкімшілік - құқықтық нысандар мен басқару әдістер ұғымы
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау
Өзін - өзі сезіну құрылымы
Реактивті кадр саясаты
Этноортадағы әлеуметтік жұмыстың мәні
Ұйымдық өзгерістер
Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламалар
КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz