Реактивті кадр саясаты




Презентация қосу
«Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасы

Кәсіпкерлік қызметтегі кадрлармен
қамтамасыз ету

Орындаған:Бекбаева Гульзат ИС 20-1
Жоспар:
1. Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарының
қалыптасуы
2. Кәсіпорын персоналы мен оның құрылымы
3. Персоналды бағалау мен басқару әдістемесі
4. Кадр саясаты және оның түрлері
5. Кәсіпкерлік қызметте еңбекакы төлеуді
ұйымдастыру

1. Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарының қалыптасуы

Еңбек ресурстары деп еңбек қызметіне қатысу үшін қажетті
физикалық және интеллектуалдық қабілеттерді иеленетін
халықты айтамыз. Еңбек ресурстрының көп бөлігін еңбекке
жарамды жастағы халық құрайды.

Еңбекке жарамды жастағы халық- әрбір елдің
экономикалық сипатын өлшеу мақсатында белгіленген
белгілі бір жасқа жеткен адамдар. Қазақстанда еңбекке
жарамды жастағы адамдарға 16 жастан 63 жасқа дейінгі
ерлерді және
әйелдерді жатқызамыз.
1. Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарының қалыптасуы

Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын қалыптастыру
мынадай 4 кезеңнен тұрады :

• Еңбек ресурстарын жоспарлау;
• Персоналдарды қабылдау;
• Персоналдарды іріктеу;
• Еңбек қатынастары бойынша келісім жасау.
1. Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарының қалыптасуы

Еңбек ресурстарын жоспарлау:

• Қанша жұмыскер , қандай біліктілікте, қашан және қай
жерде қажет болады;
• Қажетті жұмыскерлерді қалай тартуға және артық
персоналды пайдалануды қалай оңтайландыруға немесе
қысқартуға болады;
• Персоналды қабілеттіліктеріне, кәсіби құзыреттіліктері
мен ішкі мотивациясына сәйкес қалайша тиімді
пайдалануға болады;
• Персоналды дамытуға қажетті жағдайларды қалай
қамтамасыз етуге болады;
• Жоспарланған іс-шараларға қанша шығын жұмсалады
2. Кәсіпорын персоналы мен оның құрылымы
3. Персоналды бағалау мен басқару әдістемесі

Персоналды бағалаудың көптеген әдістері бар.

Қызметкерлерді жеке дара бағалау әдістері – жеке
қасиеттерді зерттеуге негізделген әдістер.
Топтық бағалау әдістері
Комбинирленген (аралас) әдістер
Салыстырмалы бағалау әдісі қызметтердің жұмыстағы ең
жақсы жетістіктері мен ең жаман қателіктерін анықтайды.
Рейтингтік әдіс - бірнеше басшылар қызметкерлердің
рейтингін жасайды.
Аттестаттау әдісі.
3. Персоналды бағалау мен басқару әдістемесі

Персоналды басқару – персаналға мақсатты әсер етуге
бағытталған қағидалар, әдістер мен құралдар жиынтығы.
Ол кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және
талап етілетін сапардағы кадрлармен қамтамасыз ету,
оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру мәселесін
қарастырады.

Персоналды басқарудың негізгі функцияларына
төмендегілерді жатқызуға болады:

• персоналды жоспарлау;
• персоналдарды іздеу және іріктеу;
• персоналдар санын реттеу;
• жаңадан қабылданған қызметкерлерді бейімдеу;
• персоналдардың кәсіби маңызды қасиеттері мен
біліктілігін бағалау;
• оқыту мен дамытуды ұйымдастыру;
• еңбек нәтижелерін бағалау;
• еңбек ақы жүесін қалыптастыру;
• қолайлы әлеуметтік – психологиялық климатты қолдау
және т.б.
4. Кадр саясаты және оның түрлері

Кадр саясаты деп персоналмен жұмыс жасаудың негізгі
бағыттарын анықтайтын қағидалардың, талаптардың,
идеялардың, теориялық көзқарастардың жүйесін айтамыз.

Кадр саясатының келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады :
пассивті( енжар), реактивті, превентивті, активті (белсенді).
• Пассивті (енжар) кадр саясаты. Мұнда кәсіпорын басшылығының
персоналға қатысты нақты бағдарламасы жоқ және кадрлармен жұмыс
кадр жағдайының диагностикасы, персоналды бағалау арқылы негативті
салдарларды жоюға бағыттылады.

• Реактивті кадр саясаты. Бұл саясат басшылық дағдарыстың даму
жағдайын білген кезде, жоғары өнімділікті еңбекке мотивация болмағанда,
сондай-ақ , персонал жұмысындағы негативті жағдайдың туындау
себептеріне бақылау жасай алған кезде жүргізіледі.

• Превентивті кадр саясаты. Мұндай саясат кәсіпорын басшылығы
қалыптасқан жағдайды дамытудың негізделген болжамдарын иеленген
кезде ғана қолданылады.

• Активті ( белсенді) кадр саясаты. Мұндай саясат басшылықты тек болжам
ғана емес, сондай- ақ қалыптасқан жағдайға әсер ету құралдары болса, ал
кадрлар кызметінің кадрларды дамытудың мақсатты бағдарламаларын
жасап шығаруға, жағдайдың тұрақты мониторингін өткізуге, сыртқы және
ішкі факторларды ескере отырып бағдарламалардың орындалуына
түзетулер енгізуге мүмкіндігі болған кезде қолданылады.
4. Кадр саясаты және оның түрлері

Кадр саясатын қалыптастыру кезінде сыртқы ортаға қатысты
ашықтық дәрежесіне және персоналға бағытталуына
байланысты ашық және жабық кадр саясатын бөліп
қөрсетеді.

Ашық кадр саясаты. Мұндай кадр саясаты кәсіпорын
кезкелген деңгейде әлеуетті қызметкерлер үшін ашық боған
кезде қолданылады.

Жабық саясатында кәсіпорын жаңа персоналды төменгі
лауазымдық денгейден ғана қабылдайды, ал бос
лауазымдарға тек өзінің қызметкерлерінің ішінен ғана
орналастырады.
4. Кадр саясаты және оның түрлері

Кадр саясатын қалыптастыру келесідей кезектілікпен іске
асырылуы тиіс :

• кадр саясатының жалпы қағидаларын әзірлеу, басым
мақсаттарды анықтау;
• персоналға қажеттілікті жоспарлау , кадрлар резервін
жасау, құрылымы мен штатан қалыптастыру;
• кадрлық ақпараттар жүесін ұйымдастыру және қолдау,
кадрлық контролингті жүргізу;
• қаражаттарды бөлу қағидаларын қалыптастыру, еңбекті
ынталандырудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету
Кәсіпкерліктегі кадр саясаты
Кадр басқарудағы тұжырымдамалар
Кадрларды дайындау
Ұйым персоналын басқару
ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру
ЖОО БАСҚАРУ
Басшылық, адамдарды және топтарды басқару
ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер