Баланың физикалық дамуын бағалау әдісі


Slide 1

М. Өтесімов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті”

Тақырыбы: Антропологиялық өлшемдер. Баланың физикалық

дамуын бағалау әдісі . Центильді кестелер.

Соматограмма.

Орындаған: Қайруллаев Н. Ж.

Тобы: ҚТӘ-13

Қабылдаған: Кабаева С. М.

Slide 2

Балалардың және жасөспірімдердің физикалық дамуы

1) Бұл ағзаның морфологиялық және функционалдық қасиеттерінің бірлесуі, ағзаның өсуі және дамуымен көрінеді.

2) Ағзаның морфологиялық және функционалдық қасиеттерінің жеке тұлғаның даму барысында өзгеруі.

*Балалардың және жасөспірімдердің физикалық дамуының көрсеткіштері бұл халықтың тұрмыс жағдайын көрсетеді және балалар мен жасөспірімдердің денсаулыңын бағалаудың обьективті критерийі, ол физикалық күш қорын, төзімділігін және жұмысқа қабілеттілігін көрсетеді.

Slide 3

Физикалық даму мыналардан құралады:

Биологиялық даму;

Бойының өсуі;

Дене бітімі;

Бұлшық ет күші;

Жұмысқа қабілеттілігі;

Шел май қабатының дамуы;

Қозғалыстың дамуы;

Салмағы;

Әлеуметтік жағдайы;

Тамақтануы;

Қоршаған орта;

Тұқымқуалаушылық;

Медико-санитарлық көмек;

Slide 4

Физикалық даму заңдары:

Ағза қанша жас болса, оның өсуі мен дамуы сонша интенсивті болады;

Өсу және даму процесстері біркелкі болмайды, себебі әрбір жасқа арнайы анатома - физиологиялық ерекшеліктер тән;

Жыныс белгілеріне байланысты өсу мен даму.

Slide 5

Физикалық даму заңдылығы

Эндогенділік (өсу және даму тұқымқуалайтын бағдарлама бойынша жүзеге асады)

Қайтымсыздығы

Реттілік(өсудің қарқынды болу кезеңі және өсудің тежелу кезеңі)

Біртіндеп даму

Синхрондылық (өсу және қартайю салыстырмалы бір уақытта жүріп отырады)

Slide 6

антропометриялық көрсеткіштерді зерттеу ( АРОН-СЛАВИЦКи)

Зерттуді тәуліктің алғашқы жартысында жүргізу;

Арнайы құрал жабдықты қолданып өлшеу;

Зерттеуде қолданылатын әдістің біркелкі болуы;

Антрапометриялық нүктелерді сақтап отыра өлшеу;

Жағымды климаттық жағдай болуы;

Slide 7

Балалардың және жасөспірімдердің физикалық дамуын бағалауда қолданылатын көрсеткіштер:

1) Соматометриялық-дене ұзындығы, бойы, салмағы, кеуде қуысы айналасы;

2) Соматоскопиялық- көзге көрінетін шырышты қабат пен тері жабындысын қарау, шел май қабатының даму дәрежесі, тірек қимыл аппаратының жағдайы, жыныстық жетілу дәрежесі;

3) Физиометрия- өкпе сыйымдылығы, бұлшық ет күші, пульс жиілігі, АҚ;

4) Денсаулық жағдайы;

Slide 8

Соматометриялық белгілер.

Бойды өлшеу:

Ағаш бой өлшегіш;

Металлдан жаалған антропометр;

Бойды өлшеген кездегі қате 0. 5 см аспауы керек;

Медициналық таразы

*ашқарынға, киім және аяқ киімсіз өлшейді

Slide 9

Соматометриялық әдіс: бас, кеуде қуысы, иық, мықын, табанды өлшеу;

Жез рулетка

Сантиметрлік лента

*Кеуде қуысы айналасын тыныштық жағдайда, максимальды дем шығару және максимальды дем алу кезінде өлшенеді.

Slide 10

Соматоскопиялық белгілер:

Май қабаты:

Қалың циркуль;

Шел май қабатын іш қыртысынан және жауырынын астынан өлшеу;

Май жиналды деп есептелінеді егер қыртыс қалыңдығы 1 ден 2 см болса.

Slide 11

Соматоскопиялық белгілер:

Сүйектің 3 типі бар:

1) жіңішке(тар иық және кеуде қуысы, қол саусақтарының өлшемінің кіші болуы)

2) талпақ (кең иық және кеуде қуысы, қол саусақтары үлкен)

3) аралық

Slide 12

Соматоскопиялық белгілер:

Кеуде сарайы пішіні:

1) цилиндрлік(жоғарғы және төменгі бөлімдері бірдей дамығын, төсасты бқрышы дөңгелек пішінді және үлкендігі бойынша 90 градусқа жақын, алдыңғы төс сызығы дөңгеленген. )

2) коникалық(жоғарғы бөліктің тарылуы, төменгі бөліктің кеңеюі, төменгі бөлік жоғарғыға қарағанда кең және алға қарай шығып тұрады және үлкендігі бойынша 90 градустан жоғары, алдыңғы төс сызығы жоғарыдан тік, төменнен дөңгеленген, қабырғалар горизонтальды қалыпта) .

3) жалпақ (созылыңқы және тегістеңкіреу, төс асты бұрышы тарылған, 90 градустан төмен, қабырғалар төмен орналасқан, алдыңғы төс сызығы тік.

4) аралас

5) рахиттік

6) бөшке тәріздес

Notes: при

Slide 13

Соматоскопиялық белгілер:

Омыртқа:

1) Қалыпты

2) Лордоздық ( аз мойындық және айқын белдік бүгілу, іші шығыңқы, дененің жоғарғы бөлігі артқа қарай иілген)

3) Кифоздық(мойын және бел иілімінің улкеюі, арқасы дөңгелек, иықтары түскен, басы алға иілген )

4) Бүкір (мойын иірімінің үлкен болуы, бел иірілімі тегістеледі, басы алға иілген және иықтары төмен түскен)

5) Тікірейген (екі иірілімнің тегістелуі)

Қалыпты омыртқа s тәрізді пішінге ие.

Мойын және бел иірілімі алға еңкейген, кеуде артқа.

Slide 14

Соматоскопиялық белгілер:

Омыртқа:

Деформацияларға жатады:

Оң және сол жақтық әртүрлі дәрежедегі сколиоздар:

1 дәреже - аз білінетін иық, жауырын ассиметриясы.

2 дәреже - нық оңға немесе солға майысу, компенсаторлы бұлшық еттік білікшенің болуы.

3 дәреже - терең майысулар, кеуде сарайының деформациясымен бірге;

Notes: И вле

Slide 15

Соматоскопиялық белгілер:

Аяқ пішіні:

1) Қалыпты

2) Х-тәріздес(вальвустық)

3) О-тәріздес (варустық)

Slide 16

Табан пішіні яралов-яралянц екі сызық әдісі

Әдісі:

А. Өкше ортасы

В. Үлкен саусақ негізінің ортасы

С. Үлкен саусақ пен екінші саусақ арасы

2 сызық арасы

1. А мен В арасы

2. А мен С арасы

Бағалау :

1. Егер екі сызық таңбадан аспасы -қалыпты табан;

2. Егер латеральды сзық таңба жанынан, медиальды жері тегістелген- тегістелген табан;

3. Егер екі сызық таңбада орналасса жалпақ табан.

Slide 17

Метод штриттера

Плантография

1) Қалыпты (мойыншығы 50%)

2) Тегістелген(мойыншығы 50-60%)

3) Жалпақ табан(более 60 %)

Slide 18

Физикалық дамуды зерттеу әдістері

Генерализденген (популяцияның көлденең қимиасы )

Үлкен топтағы балаларды қысқа уақыт арасында физикалық тексеруден өткізу;

Медициналық қарау(медосмотр)

Мәліметтерді статистикалық өңдеу арқылы әрбір топқа жататын балардың физикалық дамуын бақылап, сол арқылы бала жасына сәйкес стандартты физикалық даму көрсеткішін анықтайды.

Жекешеленген

(популяцияның тігінен қимасы)

Ұзақ уақыт бойы жеке тұлғаларды бақылау;

Индивидумның өсуі мен дамуын арнайы өмір жағдайына байланысты бақылайды (тамақтану тәртібі, басынан өткізген аурулары) және барлық өсу кезеңі бойында соматикалық дамуын зерттеу;

Slide 19

Физикалық дамуды зерттеу әдістері

Профильдың физикалық дамуын графикалық суреттеумен сигмальды ауытқулар әдісі;

Регрессия шкаласы әдісі;

Цинтильды әдіс;

Физикалық дамуды комплексті бағалау;

Денсаулық жағдайын комплексті бағалау;

Slide 20

Сигмальды ауытқулар әдісі


Ұқсас жұмыстар
Баланың физикалық даму көрсеткіштерінің жас ерекшеліктеріне байланысты көрсеткішт
НӘРЕСТЕГЕ ҮЙІНДЕ ПАТРОНАЖ ЖАСАУ
Баланың физикалық дамуы
Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері
Баланы курациялау, оның нерв- психикалық дене дамуын бағалау
Нәрестенің физикалық дамуын бағалау
Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы
Емдік шынықтырулар
Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары
Гинекологиялық УДЗ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz