Мүмкіндігі шектеулі балалар



КОНСИЛИУМ - ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МАМАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Орындаған: Карим Айдана
Сағындық Қарлығаш
Нұрлан Аягөз
АНК-94

Жоспар:

Инклюзивті білім беру мен оның негізгі қағидалары, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен мектеп педагогтарының мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік, физикалық, эмоционалдық және зерде дамуын тәуелсіз қабылдап, оларға қажетті жағдай жасауды талап етеді. Дегенмен, мектеп әкімшілігі мен педагогтар алдында мынандай мәселелер туындайды: мамандар мен педагогтардың ауыртпалықты үлестірудегі таңдау; білім беру кеңістігін ұйымдастыру; сыныпта психологиялық ахуалды ұйымдастыру; сыныпта ықпалдастық пен әрекеттестікті ұйымдастыру; ата-анамен жүргізілетін жұмыс; мүмкіншілігі шектеулі балалардың жұмысын бағалау, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін арттыру үшін қолданылатын әдістер және т. б.
Жоғарда аталған мәселеледі шешу үшін алдымен инклюзивті білім берудегі әр маманның атқаратын қызметі нақтылануы қажет. Сонымен қатар, инклюзивті білім бір ғана тарапты көздемейді, ол өзіне бірнеше тарапты қосатынын ескеру қажет. Яғни, инклюзивті білім беру жүйесін өзіне, мүмкіншілігі шектеулі баланы, қалыпты бланы және ата-аналарды, инкюзивті білім беру жүйесінде қызмет атқаратын барлық мамандар мен жалпы қоғамды қосады. Кез-келген инклюзивті білім беру аймағындағы мамандар тек өз қызметі шегінде шектеліп қалмайды, ол өз қызметін инклюзивті білім беру жүйесіне сай үздіксіз қызмет атқарады. Және «маман-бала» тұрғысында жұмыс атқармай, басқа да инклюзивті білім аймағына қатысушылармен бірлестік қызметінде жұмыс жасайды. Бұл өз алдына күрделі жүйе. Осы жүйеден біз мамандардың қызметінің ауқымдала түсетінін көреміз. Бұл жүйені біз «макро жүйе» тұрғысында қарастырдық.

Бұл жүйеден мамандардың қызмет атқару шегін көруімізге болады. Жүйе алты фазадан тұрады:
1-Мүмкіндігі шектеулі балалар;
2-Қалыпты балалар;
3-Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы;
4-Қалыпты баланың ата-анасы;
5-Педагог және инклюзивті білім беру жүйесіндегі басқа да мамандар;
6-Макрожүйе (баланың достары, туыс-туғандары және жалпы қоғам кіреді) .
Бұл жүйеде әр маманның өзінің атқаратын негізгі қызметімен қоса арнайы мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіншіліктерін есекере отырып, арнайы қызметі қосылады. Арнайы қызметін инклюзивті білім беру стандартына сәйкестендіріп, спецификалық инклюзивті білім беру жүйесіндегі қызметі айқындалады.

Педагогикалық калективтің жұмысында мүмкіндігі шектеулі балалар туралы педагогтарға информациянны арттыру ұсынылады; педагогикалық позицияларды калыптастыру; педагогтарды арнайы коррекциялық жұмыстың әдістер мен тәсілдеріне консультативтік және арнайы біліктілігін артыру жүйесі арқылы оқыту. Маниторингтер ұйымдастыру. Осы жүйеде мамандардың жұмысы маңызды орынға ие. Әр маманның атқаратын қызметі жағынан әртүрлі тағайындалған, барлығының мақсаты ортақ. Ал ортақ мақсатқа жету үшін инклюзивті білім беру жүйесінде мамандар қызметтік байланыста жұмыс жасайды. Оның жүзеге асу жолында әртүрлі формалар қолданылады. Біз осы формаларды қарастыра келе, консулиумды (кеңес) тиімді деп есептейміз. Консилиум (кеңес) - әр балаға жеке ұйымдастырылатын кеңес.

Кеңес белгілі бір баланың оқу үлгерімі нашарлаған немесе басқада оқу процессінде, жеке дамыуындағы мәселелерге байланысты ұйымдастырылады. Консилиумға қатысатын мамандар төмендегідей:
Директор - координатормен кеңесіп, кеңеске мамандарды жинайды. Кеңесте оның қатысуы міндетті емес, бірақ міндетті түрде кеңестің шығарған қорытындысы мен нәтижесінен хабардар болуы қажет.
Координатор - кеңесті ұйымдастырады, кеңеске қажетті мамандарды таңдайды, баланың ата-анасына кеңес туралы ақпаратты жеткізеді.
Инклюзивті білім берудегі мамандар - дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог және қажет болған жағдайда қосымша мамандар (медбике және т. б. ) . Бұл мамандардың барлығы бірдей қатысуы міндетті емес, тек жиналып отырған кеңестегі мәселеге қатысы бар мамандар атсалысады.
Сынып жетекші немесе тьютер - міндетті түрде кеңеске қатысатын маман. Баладағы кездесетін мәселелер мен қиындықтар туралы толық ақпарат береді.
Мұғалімдер - балаға сабақ беретін пән мұғалімдері. Кеңесте баланың қай пәннен қиындықтар туындады, сол пән мұғалімі қатысады. Баладағы пәнді меңгерудегі кездесетін қиындықтардың түрлерімен, себептерін, меңгеру деңгейі туралы ақпарат береді, талқылайды.

Психологиялық-медико-педагогикалық консилиумның (ПМк) қызметін ұйымдастыру
Консилиум мәжілісінде балалар мен жасөспірімдердің мәселелерін талқылау ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ынтасы бойынша, сондай-ақ бала оқитын немесе тәрбиеленетін сыныптың (топтың) педагогының, білім беру ұйымында жұмыс істейтін басқа мамандардың да бастамалары бойынша жүзеге асырылады.
Барлық маман баланы жеке-жеке тексереді. Әрбір маманның өзінің әдістемелері, тәсілдемелері, диагностикалық кешендері болады.
Тексеру нәтижелері бойынша әрбір маман консилиум үшін бекітілген түрде өз ұсыныстарын береді.
Алынған мәліметтердің негізінде (мамандардың қорытындысы) коллегиалды түрде ППк тұжырымдамасы жасалады, баланың жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып, түзете дамыту және оқу-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруға арналған ұсынымдар әзірленеді.
Консилиум маман мүшелерінің кеңесін алған барлық балалар тіркеу және есеп журналына тіркеледі.
Консилиум жұмысына қатысқан мамандар және төрағасы тексеруден өткен балалар туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Интеграциялық оқытуда жайлы білім беру ортасын құру. «Білім беру ортасы», «түзету ортасы» пәндік -дамыту ортасы ұғымдарының мәні.
Білім беру беру ортасы дегеніміз, білім алу субъекттері өзара байланысқа түсу процесінде нақтылайтын білім беру процесінің және тұлғааралық қатынастардың материалдық факторларының жиынтығы. Бірақ, өзгерудегі жағдайларға адекватты, жаңа педагогикалық технологиялар негізінде инновациялық инклюзивті тәртіп бойынша жұмыс істейтін заманауи жалпыға білім беру мектебіне, әр оқушының білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес келетін, білім беру ортасы қажет.
Түзету және дамыту ортасы білім беру, білім беру, ынталандыру, ұйымдастырушылық, коммуникативті және түзету функцияларын орындауы керек. Пәндік-дамытушылық ортаның негізгі негізгі компоненттеріне мыналар жатады : - табиғи орта және оның объектілері;

Мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың ата-аналарымен оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектептеріне және балабақшаларға енгізу кезінде мұғалімдер мен тәрбиешілерде, мүмкіндігі шектеулі және сау балалардың ата-аналарында да даму мүмкіндігінде бұзылысы бар балалармен жұмыстанатын мамандардан білікті кеңес алуға қажеттілік пайда болады. Көмек көрсету қызметтің осындай түрін психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің мамандары, сондай-ақ аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарындағы түзету және инклюзивті білім беру кабинеттері, арнайы мектептер көрсете алады.

Бала дамуындағы ата-ананың алар орны
Адамның дене, жан саулығының қолдаушысы, амандығының қайнар көзі және кепілі - ата-аналық махаббат. Сол себепті бала тәрбиесінің алғашқы және негізгі міндеті - сәбиге оны жақсы көретіндігінің, қамқорлы екендігінің сенімін құру. Еш уақытта, қандай жағдай болмасын бала ата-аналық махаббатта күмәнді болмауы тиіс. Ата-аналық махаббат - адамның амандығын, дене және жан саулығын тілейтін періштесі және кепілі. Сол себепті бала тәрбиесінің алғашқы және негізгі міндеттерінің бірі, балада оны жақсы көретін және оған қамқор болатын сенімді құру.

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың негізгі мәселелері
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен жұмыстану тәсілдерін іздестіру кезінде, отбасының негізгі мәселелерін ескеру қажет, олар төмендегілер:
-медициналық мәселелер: баланың науқастығы және өту ерекшеліктері, болжамы, күтілетін әлеуметтік қиындықтар туралы мағлұмат алу; тілді түзетуде, медициналық ұсыныстарды орындауда тәжірибелік әдістерді меңгеру; баланың қосымша кеңес алуға, оны ауруханаға жатқызуға, шипажайға жолдама алуға және т. с. с. мүмкіндіктерін іздестіру;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz