Несеп шығару жүйесі аурулары
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Несеп шығару жүйесі аурулары
Орындаған: Сәрсенбай Ж.
Тобы:АП17-8-К1
Қабылдаған: Нуралиев С.
ЖОСПАР:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а. Нефрит
b. Нефроз
с. Цистит
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
■ Бүйректер (ren) – сыртқа шығару жүйесiнiң басты жұп ағзасы, олардың
негiзгi қызметi-организмнiң iшкi орта тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау.
Ол үшiн заттек алмасудағы ақырғы өнiмдердi (зәр), бөгде заттарды
(несепнәр, зәр қышқылы, аммиак, креатин, креатинин, бояулар, дәрiлер)
организмнен шығарады; су-тұз алмасуын, қышқыл-негiздiк тепе-
теңдiктi, қызыл тамыр қысымын; эритроциттер түзiлуiн және жетiлуiн
реттейдi.
Жануарларда бүйректердiң анатомиялық құрылысы, әрі пiшiнi әртүрлi
болады. Көптеген сүтқоректiлердің бүйректерi бөлiктенген. Олар дербес
бөлiктерден (наhан) немесе әртүрлi деңгейде қосылған бөлiктерден
(сиыр, жылқы, қой және басқа) тұруы мүмкiн.
■ Бүйректің сырты тығыз дәнекер ұлпа қабықшасымен жабылған, одан өте
жұқа қабаттар ағза iшiне тамырлар бағытымен өтедi. Бұл құрылым
бүйректің стромасын құрады. Бүйректің үлпершегiн эпителий түзедi,
оның құрылымы қан жүйесiмен тiкелей байланыста ғана өз қызметiн
атқара алады. Бүйрек шеткi-қыртысты және iшкi-милық заттардан
тұрады.
■ Нефрит. Бүйректердің паренхимасының, әсіресе шумақтардағы
қан тамырларының жарақаттанып қабынуымен сипатталатын
ауру.
■ Себептері. Организмінің жалпы резистенттілігінің төмендеуі;
физикалық ( суық тиу), химиялық ( дәрілер, улы заттар),
механикалық ( жарақаттар) факторлар; малдың күйзелуі, күйік,
адинамия, витаминдердің аз, тұздың көп болуы негізгі
себептеріне жатады.
■ Дамуы.Ауру ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен
организмнің резистенттілік қабілеттілігінің нашарлауынан
басталады. Организмде су мен тұздың шоғырлануы ісіктің пайда
болуын тудырады. Ауру бүйректе қалыптан көп түзілген ренин
қанға түсіп қан тамырларының өзегін тарылтады. Қанның
қысымы жоғарылайды, азотемия пайда болады. Қан тамырлары
көпке дейін қысылатын болса, ол салдануға апарып соғуы
мүмкін.
■Белгілері. Дене қызуы 1-1,5 0С – ға көтеріледі,
мал көңілсіз, бүйрек тұсында ауырсынғандық
байқалады. Кеуденің астыңғы жағында,
жұтқыншақтың тұсында, қабықтың астында ісік
пайда болады. Олигурия, кейде тіпті анурия
болуы да мүмкін. Несеп лай, кейде түсі ақшыл-
қызыл, не қоңыр болады. Онда белок, қан
элементтері анықталады.
■Диагноз.Ауру мал туралы жиналған деректер,
аурудың клиникалық белгілері, лабораториялық
зерттеулердің нәтижелері арқылы қойылады.
Емдеу. Аурудың себептерін жойып, малдың күтіміне, азығының
сапасына көңіл аудару керек. 1-2 күнге ашықтыру диетасын
тағайындауға болады. Белогы мен тұзы аз жеңіл қорытылатын азықтар
пайдалы. Рационға аскорбин қышқылын, ретинолды, В витаминдерді
қосып берген дұрыс. Бүйректің маңайына новокаинмен блокада
жасайды. 10 % хлоры кальций, кальций глюконат, 1 пайызды новокаин
ерітінділерін венаға жібереді. Уланудың белгісі болса, қан ағызады,
венаға 40 % глюкоза ертіндісін жібереді. Зәрдің бөлінуін удету үшін
темисал, калий ацетат, фонурит дәрілерін береді. Ауырсынғандықты
басу үшін хлоралгидрат, новокаин, пипольфенді қолданады. Жүрек
қызметін жақсартатын дәрілерді береді.
■ Нефроздар –Nephrosis. Бүйректердің өзектері мен
шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті
өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат
алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
■ Ауру барлық малдарда кездеседі. әсіресе жылқылар,
шошқалар, иттер жиі ауырады.
■ Себептері. Негізгі себептері организмде септикалық
процесті тудыратын барлық факторлар. Ауыр металл
тұздарымен, хлорорганикалық қосылыстармен, өсімдік
уларымен уланулар; анемияның гемолитикалық түрі;
кетоздар; мастит; туберкулез; плевропневмониялар;
созылмалы іріңді процестер; қотырлар; аумақты
күйіктер; ас қорыту жүйесінің аурулары аурудың
себептеріне жатады.
■ Клиникалық белгілері. Қосалқы түрінде негізгі аурулардың белгілері
анықталады. Өзінің негізгі белгілеріне несептегі өзгерістерді келтіруге болады.
Оның тығыздығы жоғарылайды, онда белок анықталады. Тұнбада гиалинді,
түйіршікті цилиндрлер, бүйрек эпителийі. Қанда эритропения, нейтрофилді
лейкоцитоз; гипо-, диспротеинемия. Уремиялық синдром бүйректердің қызметінің
жеткіліксіздігін туғызады, олигурия біртіндеп анурияға айналуы мүмкін. Ауру
малдың халі жақсара бастағанда полиурия байқалады. Созылмалы түрінде ауру
мал арықтаған; қабағында, төсінде, аяқтарында, ұманың тұсында көлемді ісіктер
пайда болады. Кілегей қабықтары, терісі бозарған. Бауырдың көлемі ұлғайған,
жүректің қызметі нашарлаған. Қанда А:Г төмендеген, азот қалдығы, хлоридтер,
холестерин, линоидтар көбейген. Аурудың барысын 3 сатыға бөлуге болады:
■ 1. Аурудын белгісіз сатысында протеинурия және аздаған хорестеринемия
аныкталады;
■ 2. Ісіну сатысы - мұнда организмнің негізгі қызметтері сақталған жалпы жағдайы
қанағатганарлық;
■ 3. Арықтау сатысында қанда азотемия, холестеринемия, гипопротеинемия
анықталады.
■ Нефроз перитонитпен, плевритпен, бронхопневмониямен аскынуы мүмкін. Ауру
мал қатты уланғанда анурия мен уремиядан өліп кетуі мүмкін. Амилоидозда ауру
жай дамиды.
Анықтау үшін ауру мал туралы мағлұматқа, негізгі клиникалық белгілеріне, қан мен несепті
лабораториялық тексерудің нәтижелеріне сүйенеді.
Ауруды емдеу жан-жақты жүргізілуге, аурудың негізгі себептерін жоюға бағытталады.
Неғүрлым тезірек организмнен уды аластау керек. Ол үшін асқазан мен ішектерді тазалайды,
антидот, сүт, жұмыртка; суды аз, белокты азықты көбірек береді. Рационға бұршақты шөп,
жем; шошқа мен иттерге мал тіндерінен жасалған азықтарды қосады. Антибиотиктер мен
сульфаниламид препараттары негізгі ережелерді сақтай отырып қолданылады.
Гормон препараттарын (тиреоидин, АКТГ, преднизолон, норадреналин) қолданудын нәтижесі
жақсы. Мәселен, тиреоидинді қолданғанда:
• организмде зат алмасу процесі жақсарады;
• тіндерден судың бөлінуі жақсарады;
• зәр шығару процесін үдетеді;
• организмде белоктың түзілуін жақсартады;
• қандағы холестеринді азайтады.
Зәр шығаруды үдететін, ацидозға қарсы әсер ететін, жүректің қызметін жақсартатын
дәрілерді қолданады. Зәр шығаруды үдету үшін калий ацетатын, теофилинді, темисалды
қолданады. Азотемия болмағанда 10 %-ды меркузал ертіндісін венаға, не тері астына
жібереді. Венаға 20-40 %-ды глюкоза ертіндісіне кофеин қосып жібереді. Анурияда қан
ағызуға болады. Ас қорыту жүйесінің ауруларын емдейді.
Аурудан сақтандыру шаралары негізгі ауруларды емдеуге, организмді улы заттардың
түсуінен қорғауға бағытталады.
Несеп шығару жүйесінің
қабынулары
■ Цистит – қуықтың кілегейлі қабығының қабынуы, тас
ауруларының асқынуынан пайда болатын, зәр бөлуші
жолдардың бактериальды иньфекциясы.
■ Бұл зәр бөлуші жолдардың кең таралған ауруы,
әртүрлі бактериялармен шақырылады. Қуық кілегей
қабығы инфекцияға төзімді, сондықтан инфекция
циститті шақырады. Егерде басқа факторлар болса,
қуықтағы процесстің бұзылуы немесе қуық қабырғасы
айналасында қан айналымының бұзылуы, организмнің
инфекцияға төтеп беру қабілетін төмендетеді. Аурудың
өтуі жіті және созылмалы болуы мүмкін. Көпшілік
жануарларда жіті цистит диагнозымен цистограмма
дұрыс нормада, қуық әдеттегіге қарағанда дөңгелек,
бұл белгі бірнеше күшейтілген тонуста.
■ Созылмалы цистит диагнозындағы иттің
құрсақ қуысының рентгенограммалық бүйірлік
проекция бейнесі; Ретроградты цистография.
Қуық қабырғасы қалыңдап, сиымдылығы
азайған.
■ Клиникалық бейнесі; жиі зәр жіберу,
жоғарғы температура, анарексия, құсу, зәр
иісі, зәр консистенциясы бойынша тұтқыр,
өткір жағымсыз иісті. Құрсақ қабырғасы
арқылы ұлғайған қуық пальпацияланды.
Созылмалы цистит балау қойылған иттің
құрсақ қуысының бүйірлік проекциясында
бүйірлік рентгенограмма;
■ Циститтің рентгенологиялық белгілері; қуық
сиымдылығының азаюы, қабырғасының
қалыңдауы, әсіресе кілегейлі бүріскен қуықта
және интерстициальды циститте қуық
сиымдылығы азайсада, оның жалпы формасы
бұрынғыдай. Мұндай қуық жиырылғанда, оның
кілегейлі жұқа қатпарлары жоғалады. Қуық
біртіндеп, созылғанда, контрасты сұйықпен
толғанда, оның контуры көрінбеуі мүмкін.
■Иттің құрсақ қуысында бүйірлік
проекция қуық ісігі диагнозында
бейнелі рентгенограмма;
Экскреторлы урография, қосымша
зерттеуге мүмкіндік береді. Несеп жолы
ісіктерін басуға, зәр пассажы бұзылуын,
гидронефроз болуын және тағы басқа
цистографияға қосымша. Қуық
сиымдылығы азаюы, қуық біртегіс
толмаған, қабырғасы ұлғайған. Ісіктің
бетін рентгенконтрасты заттар біртегіс
жапқандықтан және оның
ворсинкалары арасына енуі, жаңа
түзілімдік көлеңкені анықтауға
көмектесті. Кальцификация көлеңкесі
ісік беткейлігінде өзінде тұздар шөгуін,
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде өте кауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде
жасанды бүйрек аспабы - гемодиализатор қолданылады.
Сонымен бірге бүйрек өз қызметін мүлде атқара алмаса,
басқа бүйректі алмастырып салуға да болады.
Бүйрек гигиенасы
Бүйректің қалыпты жұмысын камтамасыз ету үшін
көптеген жағдайларды есте сақтау қажет:
Салауатты өмір сүру,өте ащы, өте тұзды тағамдарды
пайдаланбау,ішімдіктен, есірткіден, темекі тартудан аулақ
жүру,әр түрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу.Бұл
шаралардың бәрі де бүйректің қалыпты, ұзақ уақыт
жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын естен шығармаңдар.
Қолданылатын әдебиеттер
тізімі:
1. Молдағұлов М.А., т.б. “Жануарлар
ауруының клиникалық
диагностикасы” 2006 ж
2. Смирнов А.М. И др. “Клиническая
диагностика внутренних незаразных
болезней животных”1988 г
3. М.А.Молдағұлов , Ө.К.Есқожаев т.б.
“Жануарлар ішкі аурулары”
Алматы ,2009
4. Ермаханов Ә.Н, Сиябеков
С.Т.,Қамбарбеков А.Т,Қазиев Ж.І.
“Жалпы аурутану” Алматы 2007
5. Сиябеков С.Т. Дәріс жиынтығы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz