Өсімдік ауруларының жаппай дамуын айқындайтын жағдайлар




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті.Агробиология факультеті.
«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы.

Эпифитотиялар. Өсімдік ауруларының
жаппай дамуын айқындайтын жағдайлар.
Бастапқы және қайталайтын инфекция

Орындаған: Ибрайханова Назерке
Тобы: ЗР-214
Қабылдаған:Жунусова Аякоз
Жоспары:
ҒҢҢМИ Т ТТТТТТРРТріспе
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Эпифитотиялар
2.2 Өсімдік ауруларын жаппай дамуын айқындайтын
жағдайлар
2.3. Бастапқы және қайталайтын инфекция

ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе

Фитопатология – гректің «phyton» - өсімдік және «patos» - ауру немесе
патология, яғни онда орын алатын өзгерістер деген сөз тіркестерінен
тұрады. Өсімдіктерде кездесетін патологиялық өзгерістердің бірнеше
себептері бар, негізінен оны екі үлкен топқа бөлуге болады.
Біріншіден, өсімдіктердің қалыпты өсіп-дамуына қоршаған ортаның
қолайсыздығынан болатын ауытқулар немесе инфекциясыз, яғни
жұқпайтын аурулар. Бұған абиотикалық әсерлер немесе
температураның қолайсыздығы, ылғал мөлшері мен қоректік
заттардың жетіспеуі, немесе шамадан тыс артық болуы, қоршаған орта
мен топырақтың өндіріс қалдықтары мен радиоактивті заттар, ауыр
металдармен ластануы және т.б. жатады.
Өсімдік ауруларының екінші себебі – бұл фитопатогенді
микроағзалардың әсерінен туындайтын патологиялық
өзгерістер немесе жұқпалы аурулар. Олардың қоздырғыштары
ретінде алғаш микроскоп арқылы көрінетін саңырауқұлақтар
белгілі болса, кейінірек бактериялар мен микоплазмалар,
вирустар мен вириондар ашылды. Осы себептен де
фитопатология ғылымы микология, микробиология және
вирусология деп аталатын бірнеше ғылым салаларымен
үзеңгілес дамыды.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Эпифитотиялар
Эпифитотиялар дегеніміз – белгілі бір уақыт
ішінде белгілі бір аймақта инфекциялық аурулардың
кең таралуы. Эфифитотий құбылысы белгілі бір
заңдылықтарға бағынады және мынандай 3
жағдайдың өзара сәйкестігінен туындайды:

Белгілі бір аумаққа ауру қоздырғыштары
қорының жинақталуы;
Үлкен аудандарда дақылдырдың нақты бір
патоген түріне төзімсіз сорттарының өсірілуі;
Патогеннің өсіп жетілуіне оңтайлы сыртқы
орта жағдайларының қалыптасуы ;
Аталған жағдайлардың маңыздылығы басқа факторларға да
байланысты. Мысалы, патоген қоры жиналғанда оның тек
саны ғана емес сапасының да маңызы бар. Сабақ татының
масақтану бір сабаққа шаққанда қоздырғыштың 50 – ден
астам жаздық споралары келсе ғана дәнің сүттеніп пісу кезінде
эфитотияға айналуы мүмкін. Потогеннің агрессивтілігі жоғары
болуы қажет. Сол сияқты өсіріліп жатқан дақыл сорттарына
патогендердің вирулентті нәсілдері сәйкес келуі қажет .
Өсімдіктердің ауруға төзімділігі агротехникалық шараларға да
байланысты.
Ауру қоздырғышы мен өсімдіктердің күйі негізінен
сыртқы орта жағдайларына байланысты. Мысалы,
бидайдың қоңыр тат ауруының қоздырғышымен залалдану
үшін міндетті түрде 15...20 температура деңгейінде
(саңырауқұлақ споралары өсуі үшін оңтайлы температура
деңгейі) 4 -8 сағат бойына өсімдік жапырағының бетінде
сұйық тамшы күйіндегі ылғал болуы қажет.

Температура мен ылғалылық сондай – ақ потогеннің инкубациялық кезеңінің, спора түзу
(саңырауқұлақтар үшін) ұзақтығын және залалдану ерекшеліктерін анықтайтын факторлар.
Кез келген эфитотий үш сатыдан тұрады:
• Әзірлік;
• Нағыз эпифотия;
• Басылу.
Дайындық сатысында инфекция қорының жинақталуы жүреді. Бұл сатының ұзақтығы едәуір
болады; моноциклдік аурулар үшін - бірнеше жылдар бойына. Екінші сатыда өсімдіктердің кеселі
ен жаппай ауыруы байқалады. Бұл кезде егістіктің түгел жарамсыз болуыда жиі кездеседі. Соңғы
сатысында – аурудың қарқындылығы біртіндеп бәсеңдейді, оның себебі потогеннің ерекшелігі
немесе қорғау шараларының нәтижесі болуы мүмкін
2.2 Өсімдік ауруларын жаппай дамуын айқындайтын жағдайлар
Ауру белгілері патоген ие – өсімдік және сыртқы орта жағдайларының
өзара әрекеттесу нәтиежесінде белгілі бір ауруға тән патологиялық
өзгерістердің туындайтынын көрсетеді. Ауру белгілері сырт көзге әрқилы
болуы мүмкін және ол ең алдымен ауру қоздырғыш түріне байланысты.
Мысалы нағыз ұнтақ ауруна шалдыққан өсімдік жапырақтарының бетінде ақ
ұнтақ тәрізді өңез түзіледі, сол сияқты тат ауруларын да бөртпелерден бірден
ажыратуға болады. Саңырауқұлақ қоздыратын жұқпалы аурулардың
инкубациялық кезеңінің соңында саңырауқұлақтың спора шашуы жиі
байқалады. Түзілген бұл споралардың көмегімен аурудың жаңадан жұғуы,
яғни потогеннің жаңа ұрпағы бастау болады.
Өсімдіктің адамдар мен жануарларға қарағанда аурудан жазылып кетуі өте
сирек кездеседі. Алайда кейбір аурулардан кейін өсімдік емдеуге келеді.
2.3. Бастапқы және қайталайтын инфекция
Бір жылдық өсімдіктер жəне көп жылдық өсімдіктердің жапырақтары
мен ағымдағы жылғы өскіндер ауруға шалдыққанда дерт вегетация басынан
басталып, маусым бойына жүреді. Бұл бастапқы немесе алғашқы
инфекция деп аталады, яғни кесел бір маусымда басталып, əдетте тек
инфекциямен залалданған өсімдіктердің бойында ғана байқалады. Алғашқы
залалдануды топырақта немесе өткен жылғы өсімдік қалдықтарында қыстап
шыққан немесе дақыл тұқымымен келген ауру қоздырғыштар туындатады.
Ауру қоздырғыш, сондай-ақ ауа ағынымен де келуі мүмкін.
Бірқатар аурулармен өсімдіктердің залалдануы бір маусымда тек бір-ақ рет болады.
Мұндай аурулар моноциклдік аурулар деп аталады. Олардың қатарына мысалы
дақылды тек гүлдеген кезде ғана залалдайтын бидайдың тозаңды қара күйе ауруын
жатқызуға болады. Басқа көптеген ауру қоздырғыштарының инкубациялық кезеңі
біткеннен соң, бір вегетация кезеңінің ішінде басқа сау өсімдіктерді залалдауға
қабілетті инфекция түзіледі (саңырауқұлақ споралары, бактерия клеткалары).
Өсімдікті залалдағаннан жаңа инфекциялық бірлікті түзгенге дейінгі мерзім генерация
кезеңі немесе генерация деп аталады. Патогеннің биологиялық ерекшелігіне, сорттың
төзімділік дəрежесіне жəне нақты қалыптасқан ауа-райы жағдайына байланысты бір
ауру қоздырғышы вегетация бойына бірнеше (кейде 8-10 тіпті одан да көп) генерация
(ұрпақ) беруі мүмкін. Мұндай аурулар полициклдік деп аталады.
Жұқпалы ауру қоздырғыштарының тарату (инфекция) көзі жəне сақталу формалары
əртүрлі болуы мүмкін. Олардың ішінде кең тарағандары:

✓ Топырақ. Топырақ – инфекцияның сақталатын жəне жинақталатын негізгі орын.
Топырақта спора түзетін бактериялар, кейбір өте тұрақты вирустар, гүлді
паразиттердің тұқымдары сақталады. Циста, ооспоралар, телиоспоралар,
хламидоспоралар, склероцийлер түріндегі саңырауқұлақтардың тыныштық күйдегі
формалары топырақ бойында сақталады. Олардың ішінде əсіресе цисталардың
тұрақтылығы өте жоғары болады: олар өз тіршілікке қабілеттілігін 10-15 жылға дейін
сақтайды. Бірқатар саңырауқұлақтар топырақта сапротрофты кезеңде болып,
топырақтағы тұрақты организмдермен бəсекеге түседі. Белгілі ауру түрлерінен
картоптың рак ауруының, астық, бұршақ жəне де басқа дақылдардың тамыр шірігінің,
күздіктердің жалған ақ ұнтақ, склеротиниоз ауруларының қоздырғыштары жəне
басқалары топырақта жақсы сақталады.
✓ Тұқым жəне тұқымдық материал.
✓ Өсімдік қалдықтары. Фитопатогенді микроорганизмдердің
Көптеген фитопатогенді барлығы да, сол сияқты гүлді өсімдік
бактерияларды, көптеген паразиттері тұқымның жəне
жартылай паразит тұқымдық материалдың бойында
саңырауқұлақтарды таратушы – сақталады. Ауру қоздырғыш түріне
өткен вегетациялық кезеңде қарай инфекция ішкі, сыртқы немесе
ауруға шалдыққан өсімдіктердің қоспа түрінде болады. Мысалы,
бидайдың шаңды қара күйе ауру
қалдықтары. Облигаттылар
қоздырғышы ұрықтық мицелий
қатарына саңырауқұлақтар түрінде дəн ұрығында, ал қатты қара
жатады. Ауру күйе ауруының қоздырғыштары
қоздырғыштарының бір тобы телиоспоралар түрінде тұқымның
өсімдік қалдықтарында топырақ бетінде сақталады. Қара бидай
астында да, бетінде де склероцийлері тұқымның құрамында
сақталады, ал кейбіреуі тек қана қоспа түрінде жүреді. Картоп
топырақ бетінде ғана сақтала ауруларының ауру қоздырғыштары
алады. көпшілігі тұқымдық материалда
болады.
✓ Өсімдіктер. Ауруға шалдыққан өсімдіктер (арамшөптер, күздіктер,
көпжылдық өсімдіктер, жылыжайларда өсірілетін дақылдар) келесі
жылы жаңа өсімдіктерді залалдайтын ауру тарату көздері болады.
Мұндай жолмен вирус, микоплазма жəне бактериялар қоздыратын
аурулар тарайды. Саңырауқұлақтардың бұл жолмен таралуы сирек
кездеседі. ✓ Кейбір фитопатогенді вирустар мен бактериялар қыс
кезінде насекомдар денесінде сақталады. Қыстан шыққан насекомдар
неғұрлым көп болса, өсімдіктерді аурулардың залалдау ықтималдығы
да соғұрлым артады.
ІІІ.Қорытынды
Қорыта келе, эпифитотиялар дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде белгілі
бір аймақта инфекциялық аурулардың кең таралуы. Мысалы, патоген
қоры жиналғанда оның тек саны ғана емес сапасының да маңызы бар.
Сабақ татының масақтану бір сабаққа шаққанда қоздырғыштың 50 – ден
астам жаздық споралары келсе ғана дәнің сүттеніп пісу кезінде эфитотияға
айналуы мүмкін. Потогеннің агрессивтілігі жоғары болуы қажет. Сол
сияқты өсіріліп жатқан дақыл сорттарына патогендердің вирулентті
нәсілдері сәйкес келуі қажет . Өсімдіктердің ауруға төзімділігі
агротехникалық шараларға да байланысты.
Ауру белгілері патоген ие – өсімдік және сыртқы орта жағдайларының
өзара әрекеттесу нәтиежесінде белгілі бір ауруға тән патологиялық
өзгерістердің туындайтынын көрсетеді. Ауру белгілері сырт көзге әрқилы
болуы мүмкін және ол ең алдымен ауру қоздырғыш түріне байланысты.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

1. Ғабдулов М.А. Ғ13 Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары:
Оқулық. Алматы, 2015. – 368 б.
2. Карбозова Р.Д. Фитопатология. Оқу құралы. – Алматы, 2002.
3. Сағитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д.
Ауыл шаруашылық фитопатологиясы, - Алматы, 2000.
4. Сағитов А.О., Назарбекова М.Х., Карбозова Р.Д. Фитопато­логия. Оқу
құралы. - Алматы, 1992.
5. Справочник по защите растений. Учебное пособие /Под ред.
Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д./. – Алматы, 2004
6. Туленгутова К.Н. Фитопатология. Оқу құралы. – Алматы, 2002.

Ұқсас жұмыстар
Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақ зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
Қызылшаның церкоспорозы
Бүлдіргеннің сұр шірігі
ЙОД. Адамның ағзасындағы жетіспеушілігі
ОҚО қиярдың селекциялық зерттеуі
Өсімдіктердің негізгі ауруларын есептеу
Өсімдік ауруларын есепке алу әдістері
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Жүрек - қантамыр ауруларды диагностикалау
Пәндер