Ауыз аппараттары


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті. Агробиология факультеті. «Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы.

Қабылдаған: Мамбаева Алтынай

Орындаған: Ибрайханова Назерке

Тобы: ЗР-214

Бөжектердің морфологиясы:Денесі. Бас және оның қосалқы мүшелері, ауыз аппараттары және мұртшаларының түрлері.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Денесінің жалпы құрылысы.

Негізгі бөлім

1. Бас және оның қосалқы мүшелері.

2. Ауыз аппараттары.

3. Мұртшалардың түрлері

Қорытынды

Slide 3

Бөжектердің денесінің жалпы құрылысы

Бөжектердің сыртқы жабыны(кутикуласы) қатты. Денесі екі қырлы симметрия бойынша құрылған. Бөжектердің денесі бас, кеуде және құрсақ, - деп аталатын 3 бөлімнен, ал олардың әрқайсысы әр түрлі қосалқы мүшелермен жабдықталған бірнеше бунақтардан тұрады. Бөжек денесінің барлық жақтарынан қарастырғанда, дене бөліктерге немесе сегменттерге бөлінгені көрініп тұрады.

Slide 4

Бөжектердің денесінің жалпы көрінісі:

А -басы, В - кеудесі, С - құрсақ. 1 - мұртшасы, 2 - күрделі көз, 3 - саны, 4 - қанаттары, 5 - жіліншік, 6 - табаны, 7 - тырнақ, 8 - ауыз аппараты, 9 - алдыңғы кеуде, 10 - ортаңғы кеуде, 11 - артқы кеуде, 12 - құрсақ стерниттері, 13 - пигидий

Slide 5

Бас және оның қосалқы мүшелері

Бас - ұлпалары тығыздалған және мидың сауыты болып есептеледі. Онда симметриялы орналасқан 1 жұп күрделі көз, қарапайым көздер (1-3) және қозғалмалы мұртшалар мен ауыз аппараттары болады.

Бас сауытының өзі бір-бірімен тігіс арқылы ажырайтын бірнеше бөлшектерден құралады. Бастың алдыңғы жағындағы кеңірек келген маңдай бөлігі үстіңгі жағына қарай төбе, одан соң желке (шүйде), - деп аталатын бөлімдерден жалғасады. Бет жоғарғы жақпен жалғасады.

Баста мұртшалар, ауыз мүшелері, күрделі көздер, қарапайым көздер, немесе көзшелер орналасқан. Бөжектердің басының денеге орналасуы жағынан әртүрлі болады. Бастың денеге орналасуы типтері: прогнатикалық, гипогнатикалық және опистогнатикалық болып табылады.

Slide 6

Бастың денеге орналасуы типтері: 1 - прогнатикалық, 2 -гипогнатикалық, 3 - опистогнатикалық

Бастың прогнатикалық типінде ауыз бөлігі алға бағытталған, осындай орналасу типі негізінен жыртқыш бөжектерге тән (барылдақ қоңыздар),

гипогнаттық - ауыз аппараты төмен қараған, олар фитофагтарға тән (шегірткелер, қоңыздар және т. б),

ал опистогнаттық ауыз аппараты артқа қарай көлбеу орналасқан, бұлар өсімдік шырынымен қоректенетін шаншып сорғыш ауыз аппараты бар бөжектерге тән. (секіртпелер, жапырақ бүргелері, биттер, сымырлар және т. б) .

Slide 7

Бөжектің басының алдыңғы бет бөлігінде маңдай орналасқан, ол өзінің жоғары бөлігінде төбе бөлігіне, ары қарай артқы - шүйдеге өтеді. Маңдайдың астыңғы шегіне жоғарғы ауыз мүшелерін жабатын, қозғалмалы жоғары ерін ілінген немесе жалпақтау пластинка - маңдайша немесе клипеус тұтасады. Бастың қыр бөлімдері белгілі бір айқын шекарасыз, көздерінің үстінде және беттері мен көздерінің үсті мен астында орналасқан самайларға бөлінген. Маңдай төбеден эпикраниалді тігіспен, ал маңдайшадан - фронтоклипеалді тігіспен бөлінген, бірақ бұл тігістер көп жағдайда жойылып кетеді. Төменгі сатыдағы бөжектердің шүйдесі маңдай төбеден шүйде тігісімен бөлінген, ал кейде оның артында шүйде артқы тігісі де дамыған. Бас капсуласының артқы қабырғасында үлкен шүйде кетігі орналасқан.

Slide 8

Ауыз аппараттары.

Қоректенудің түрлі тәсілдеріне және сұйықтық немесе қатты заттармен қоректенуіне байланысты бөжектердің ауыз мүшелерінің құрылымы алуантүрлі. Өз негізінде, ауыз аппаратты жұпсыз жоғары ерін және төменгі ерін мен жұтқыншақтан, жұпты болып келетін кертуші жоғарғы жақ немесе мандибула мен шайнаушы төменгі жақтан немесе максилладан және жұпты болып келетін төменгі ерін мен төменгі жақ қармалауыштарынан тұрады. Ауыз бөлімдерінің толық жиынтығынан тұратын, ауыз мүшелерінің бастапқы типі кеміргіш болып табылады. Ол тікқанаттылар топтастарының өкілдеріне ( тарақандарға, шегірткелерге) және көбелектердің, жарғаққанатылардың жұлдызқұрттарына тән, сондықтан да ауыз аппаратының бұл типі жиі ортоптероидті деп аталады. Кеміргіш ауыз аппараты, шығу тегі бойынша алғашқы немесе байырғы ауыз аппараты болып табылады.

Slide 9

Ауыз аппараттарының 6 түрі ерекшеленеді:

1. Кеміргіш

2. Кеміре-жалағыш

3. Шаншып сорғыш

4. Кесіп-сорғыш

5. Сорғыш

6. Жалағыш

Slide 10

Мұртшалардың түрлері.

Бөжектердің басында негізінен иіс және дәм сезу мүшелері болып табылатын, жұпты мұртшалар болады. Мұртшалар маңдайдың екі жағында, көз аралығында орналасқан бірнеше буыннан тұрады. Олар бастың алдыңғы бөлігінде, маңдайдың екі жағындағы көздердің арасында немесе олардың алдында, айқын көрінетін мұртша ойықтарында орналасқан. Мұртша түрлі бөліктерден тұрады: бірінші бөлігі - тұғырдан, немесе скапус, келесі қылбұрау тұғыры немесе педицелл, үшінші бөлігі - қылбұрау деп аталады. Қылбұрау азды-көпті бір-біріне ұқсас тізбектерден тұрады.

1 - Тұғыр немесе скапус;

2 - қыл бұрау тұғыры немесе педицелл;

3 - қылбұрау (флагеллум) .

Slide 11

Мұртшалардың негізгі типтері:

1. Қылтәрізді мұртшалар. Қылтізбектері цилиндр пішіндес, жіңішке, бір-біріне азды көпті ұқсас болады және ұшына қарай біртіндеп жіңішкереді. Тұғырынан жоғарыға қарай мұртшалар айқын сүйірленеді. Ондай мұртшалар тарақандар, шегірткелер, шілделіктерде кездеседі

2. Жіптәрізді мұртшалар. Барлық қылтізбектері азды-көпті мөлшерде қалыңдықтары бірдей, цилиндр тәрізді (кейде ішінара қабысқан болып келеді) ; бірінші үш тізбектері біршама қалың болып келуі мүмкін, мысалы: шегірткелерде, кейбір көбелектерде, қарыс көбелектер мен откөбелектер

3. Таспиық мұртшалар. Қысқа және қалың жақсы ерекшеленген тізбектерінің шеттері дөңгелек. Тұғыр тізбегі бір-бірінен ерекшеленетіндей тартылулар түрінде болатындай тарылған, мысалы: қараденелі қоңыздарда

4. Аратәрізді мұртшалар. Қылтізбектері бір жағына қарай үшкір бұрыштарымен созылған, ұшбұрыш формасындағы тізбектердің жиынтығы ара тістерін еске түсіреді, мысалы: шыртылдақ және зерқоңыздарда

5. Жалтәрізді мұртшалар. Мұртшалардың бұл типі ара тәрізді мұртшаларға ұқсас, бірақ тізбектерінің үшкір бұрыштары бір жағына бағытталып сап құрайды, үлкен өсінділер болып созыған, мысалы: шыртылдақ қоңыздар тұқымдасына жататын түрлерінде.

Slide 12

6. Түйреуіштәрізді мұртшалар. Тізбектерінің жоғары жағында соңғы тізбектері толық немесе жалпақтау түйреуіш тәрізді болып келеді, мысалы: күндізгі ақ көбелектер, нимфалид және т. б

7. Шоқпартәрізді мұртшалар. Мұртшаның пішіні шоқпарды еске түсіреді, бірақ бұл типтегі мұртшаларда шоқпарлы бұрау қалған тізбектерінде күрт бөлектелінген, мысалы өлексеқоңыздарда.

8. Ұршықтәрізді мұртшалар. Мұртшаның орта бөлімі толықтау және тұғыры мен жоғары жағына қарай жіңішке болып келеді, мысалы: алақанатты көбелектерде, ұшқыр көбелектерде.


Ұқсас жұмыстар
Бунақденелілердің классификациясы
Жаңақорған шипажайы
ҚОЙМАҒА ЕНУ ЖОЛДАРЫ ЖОСПАР
Тағам өндірісінің үрдістері мен аппараттары
Станциялы байланыс аппараттары
Ауыз қуысындағы ауруларды анықтау
Булану аппараттары
Энтомология пәніне қысқаша шолу.Орман зиянкестері
ЖТБ желілерін құру принциптері
Адамзаттың Ғарышты игеру жетістіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz