Жүрек ақаулары



Тақырыбы:Кардиология бөлімшесі мейіргерінің міндеттері

Жоспар
Кіріспе:
●Кардиология бөлімі
Негізгі бөлім:
●Жүрек ақаулары
●Жүрек ақауымен сырқаттанатын пациенттің күтімі. ●Стенокардия ауруымен сырқаттанатын пациенттің күтімі.
●ЖИА ауруы кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:

Кардиология бөлімінде көрсетілетін медициналық қызметтер
Зерттеудің және емдеудің инвазивті әдістері,
Коронарлық артериялардың коронарографиясы және и стенттеу,
Аортография және вентрикулография, ішкі ағзалардың барлық артерияларының артериографиясы және стенттеу,
Жатыр артериялары мен іш қуысы мүшелерінің артерияларының эмболизациясы,
«Қақпан» немесе кава сүзгілерін имплантациялау,
Эндоваскулярлық тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу,
Дәрілік терапияға төзімді гипертониядағы бүйрек артериясының денервациясы,
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде мультипотентті мезенхималық аутологиялық сүйек кемігінің жасушаларын трансплантациялау сол қарыншаның фракциясының айқын төмендеуімен.
Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Кардиология бөлімі жансақтау бөлімін және кардиохирургиялық операциядан кейін науқастарды оңалту бөлімін біріктірді.
Бөлім жедел коронарлық синдромы бар науқастарға аптасына 7 күн бойы шұғыл көмек көрсетеді, тері астына коронарлық интервенциялар, жедел миокард реваскуляризациясы, коронарлық артерияға жедел және кешіктірілген егу жұмыстарын жүргізеді.

Жүрек ақаулары
Жүректің қақпақша аппаратының ақауы, жүрекше аралық немесе қарынша аралық перде бүтіндігінің бұзылуы.
Туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауы болып бөлінеді.
Туа біткен жүрек ақауларына жатады:
Боталлов ағымының дұрыс жетілмеуі (өкпе артериясының және аортаның аралығының бітпеуі) .
Қарынша аралық перденің бітпеуі.
Жүрекшелер аралық перденің бітпеуі.
Жүре пайда болған жүрек ақауларының түрлері:
Стеноз (жүрекше-қарыншааралық тесігінің тарылуы) .
Жетіспеушілік (қақпақтардың бүрісіуінен, қысқарған қақпақтың тесікті толық жаппауы) .
Қақпақтардың зақымдануына байланысты түрлері :
біріккен (жұптасқан) - бір қақпақта жетіспеушілік пен стеноз дамиды.
қосарланған - екі қақпақ зақымданады.
Жүре пайда болған жүрек ақауларының себептері - ревматизм, сепсис, атеросклероз, мерез (сифилис), эндокардит.

Жүрек ақауымен сырқаттанатын пациенттің күтімі.
1. Жүрек ақауымен сырқаттанатын пациенттің күтімі ақаудың түріне, компенсация дәрежесіне, ақауға әкеліп соқтырған негізгі ауруға байланысты болады.
2. Пациент жатқан бөлме таза, жарық, құрғақ, ауасы үнемі таза-рып тұратын және төсегі ыңғайлы, жұмсақ болу керек.
3. Егер пациент тершең болса, оның денесін үнемі ылғалды сүл-гімен сүртіп, әтір сеуіп, жиі төсегін және іш киімін ауыстыру керек. Әсіресе табиғи бүрмелерге назар аудару керек, өйткені осы жерлерде күтім жеткіліксіз болса тері бөртпелер пайда болуы мүмкін. 4. Буындарда ауырсыну болса болжамды жарақаттарды алдын алу керек. Дәрігер тағайындауы бойынша ауыратын буындарға компресстер қойылады (құрғақ, спирттік) .
5. Дәрілер қабылдауын бақылау қажет (пациентке дәрілерді қа-шан, қалай және немен ішу керектігін есіне салу, дәрілерді парентералды егу) . Емнің кері әсерлері дамыса дәрігерді уақы-тылы хабардар ету керек.
6. Тамақты күніне 5-6 рет аз порциямен қабылдау керек. Тұзды тәулігіне 5-6 грамға дейін және жеңіл сіңірілетін көмірсутегілер-ді (қант, тәтті жемістер, кондитерлік тағамдар) шектеу қа-жет. Пациент денесінде ісік болмаса сұйықтық шектелмейді, егер ісік синдромы болса ішкен сұйықтық мөлшері алдынғы күннің тәуліктік диурезінен 200-300 мл-дан аспау керек. Ремис-сия кезінде пациент рационы дені сау адамның рационына сәй-кес болады (егер ауру асқынбаса), тамағы витаминге бай, күніне 4-5рет тамақтану қажет.
7. Пациенттің физиологиялық бөлінулерін бақылау керек (тәу-ліктік диурезін есептеу, қатпа болса тазалау клизма жасау) . Төсек тартып жатқан пациенттерді әр дефекациядан кейін дәрет алдыру керек.
8. Ремиссия кезінде салқын, ылғалды жерде жұмыс істеуге, түнгі кезекшілікке шығуға, ұзақ уақыт сәт сапарға баруға, ауыр заттар көтеруге, психикалық күш түсіруге болмайтындығын пациентке түсіндіру керек.
9. Ауру рецидивтерін алдын алу үшін ремиссия кезінде созыл-малы инфекцияларының ошақтарын тауып, санация жүргізу қажет (тіс жегі, тонзиллит, пиелонефрит, холецистит және т. б. ) .
10. Жедел ревматикалық қызбамен сырқаттанатын пациент тера-певт және ревматолог дәрігерлердің диспансерлік есебінде тұ-рады. Пациенттің дәрігерге көріну және анализдердің тапсыру жиілігін, рецидивке қарсы ем жүргізуін (жылына 2 рет) бақы-лап тұруының маңызы зор.

Стенокардия ауруымен сырқаттанатын пациенттің күтімі.
1. Стенокардия ауруымен сырқаттанатын пациентке дәрілік пре-параттарды қабылдау ережелерін түсіндіру керек. Валидол per os емес тек тіл астына салынады деп медбике пациентке айту керек. Кейбір препараттардан кейін бастың ауруы, айналуы және бас ішінде шулау болуы мүмкін екендігі туралы пациент білу керек. Егер пациент нитроглицеринді валидолмен бірге ішсе одан кері әсерлер болмайды. Егер нитроглицериннің 2-3 тб ішкен соң ауырсыну басылмаса дәрігер шақыру керек. ЖИА өмір бойы ем қажет ететіне пациентті сендіру керек.
2. Рационалды тамақтану және ағзаға мөлшерлеп физикалық күш түсіру жүрек бұлшықетінің қан айналымын жақсартып, ЖИА клиникалық белгілері азаюына әкелетіні туралы пациент білу керек. Стенокардия ұстамаларын алдын алу үшін пациент өз өзін ұстап, психоэмоционалдық стрестен сақ болу, стенокардия-ның функционалдық класына қарай ағзаға физикалық күш түсі-ру мөлшерін есептеп отыру керек.
3. ЖИА емінің негізгі элементі атеросклерозға қарсы диета болу керек (диета № 10) . Диетаның негізгі принциптері: май, холесте-ринге, қанық май қышқылдарға (жануар майлары, жұмыртқа, қаймақ) бай тағамдарды шектеу, тамақты даярлағанда сары майды өсімдік майға ауыстыру, жеміс- жидектерді, қанықпаған май қышқылдарға бай тағамдарды (балық, құс еті, теңіз тағам-дар) көбейту, тұзды тәулігіне 3-5 гр дейін азайту.
4. Стенокардия ұстамаларының жиілігі мен ұзақтығын байқауға пациент назарын аудару. Егер ұстамалар жиі болса, уақыты ұзарса, шамалы күш түскенде немесе жай отырғанда дамыса, нитроглицериннен қайтпаса -ол коронарлық жетіспеушілік үдеуінің, миокард инфарктісі даму қауіпі жоғарлағанының белгісі. Бұл жағдайда пациент шұғыл түрде дәрігерге көрініп, ауруханаға жатқызылуы тиіс.
5. Медбике стенокардия ұстамасы кезінде көмек көрсету ереже-сін толық білуі тиіс:
а) тыныштық сақтау, пациентті отыруға немесе жатуға көмек көрсету, таза ауамен қамтамасыз ету, қысып тұрған киімін босату (көйлек түймелерін ағыту, галстукты, белбеуды босату ) .
б) тіл астына нитроглицерин таблеткасын беру (немесе нитро-глицерин ерітіндісінің 1-2 тамшысын қантқа тамызып беру немесе тіл астына салу) .
в) егер нитроглицерин болмаса валидол беру.
г) жүрек тұсына және арқасына қыша қою, қол- аяғына ыстық ванна жасау немесе табаны мен қолдарына жылытқыш қою.
д) ЖИА сырқаттанатын пациенттер өмір бойы учаскелік және кардиолог дәрігерлерінде диспансерлік бақылауында болады.

ЖИА ауруы кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
I этап. Медбикелік тексеру
Медбике пациентті тілектестікпен тұрмыс жағдайы, проблема-лары, өмірлік қажеттілігінің бұзылыстары туралы сұрайды. Жүрек тұсындағы ауырсыну жайлы мұқият мәліметтер жинай-ды: түрі, орналасатын жері, таралу бағыты, пайда болу жағдайы және неден басылады. Әдеттегідей жүрек тұсындағы ауырсыну басқа симптомдармен қосарласады: бастың ауруы, бастың айна-луы, ентігу, қызба, әлсіздік және т. б.
Обьективтік тексеруде анықталады: АҚҚ көтерілуі немесе төмендеуі, тамыр соғуының әлсіздігі немесе кернеулігі, цианоз, ентігу, терінің ылғалдығы (салқын тер басу), олигурия.
II этап. Пациент проблемаларын анықтау
Пациент проблемалары анықталады немесе медбикелік диагноздар қойылады:
Коронарлық қан ағысынын бұзылуынан төс артында өткір ауырсынуы;
Жүректегі ауырсынудан немесе тұншығудан өлімнен қорқу сезімі;
Қатты әлсіздік, терінің бозаруы, терлегіштік, жіп тәрізді пульс және төмен АҚҚ;
Жүректің толық көлденен блокадасынан есінен тану;
Физикалық белсенділіктің шектелуінен ыңғайсыздықтың болуы (миокард инфарктында қатаң төсек тәртібі) .

Медбикелік арала-сулардың мақсаты
Медбикелік араласулардың жоспары
30 минуттан кейін пациент жүрегінде ауырсыну сезімі болмайды
1. Пациентті ыңғайлы етіп, жатқызу;
2. Тіл астына 1 тб нитроглицерин беру (егер АҚҚ 100 мм сын. бағ. жоғары болса беріледі), 5 минуттан кейін қайталау;
3. Сол қолын ваннаға 10 минутқа салу (45 ºС) ;
4. Егер ауырсыну қайтпаса дәрігер шақыру;
5. Жүрек тұсына қыша қағазын қою;
6. Инъекция жасау үшін дайындау:
1мл 10% трамадол, 1мл 1% промедол, 1мл 0, 005% фентанил, 10мл 0, 25% дроперидол ерітінділерін;
7. Ацетилсалицил қышқылының ½ тб шайнату.
Пациентте 20 минуттан кейн қорқу сезімі болмайды

Пациентте 20 минуттан кейн қорқу сезімі болмайды
1. Пациентпен ауру туралы, оның қолайлы нәтижесі жайлы сұхбаттасу;
2. Пациенттің сауығып келе жатқан па-циенттермен қарым-қатынасты қамта-масыз ету;
3. Валериана тұңбасының 30-40 тамшы-сын беру;
4. Дәрігер тағайындауы бойынша 2 мл 0, 5% диазепам (реланиум, седуксен, сибазон) ерітіндісін дайындау;
5. Пациент туысқандарымен қарым-қатынас сипаты жайлы сұхбаттасу.
1 сағаттан кейін пациентте әлсіздік, қолайсыздық сезім болмайды

1. Пациентті ыңғайлы, кеудесін көтерің-кі етіп, жылы, құрғақ төсекке жатқызу;
2. Пациентті жылыту: аяқ-қолдарына жылытқыш қою, ыстық шай беру;
3. Уақытылы іш киімін ауыстыру;
4. Палатаны таза ауамен қамтамасыз ету, ал пациентке оттегі жастығынан оттегі беру;
5. АҚҚ өлшеу, пульсті бағалау, дәрігер шақыру;
6. Дәрігер нұсқауы бойынша дайындау: 2мл кордиамин, 1мл 1% димедрол, 1мл 0, 025% строфантин ерітінділерін, тамыр ішіне тамшылатып енгізетін поляризациялаушы қоспаны, преднизолон ампуласын (по 30мг), 2мл 1% лидокаин ерітіндісін.
7. Сағат сайын диурезді есептеу, АҚҚ өлшеу, 10 минут сайын пульсті бағалау.
Бірнеше минуттан кейін пациент санасы қалпына келеді

7. Сағат сайын диурезді есептеу, АҚҚ өлшеу, 10 минут сайын пульсті бағалау.
Бірнеше минуттан кейін пациент санасы қалпына келеді
1. Пульсті бағалау (1 минутта 40 реттен төмен болуы мүмкін) ;
2. Пациентті горизонтальды жатқызу;
3. Дәрігер шақыру;
4. Инъекцияға дайындау: 1мл 0, 1% атро-пин, 10мл 2, 4% эуфиллин ерітіндісі.
Пациент 1-2 күннен кейін қозғалыс шектеуілінен ыңғайсыздық сезбейді
1. Қатаң төсек тәртібінің қажеттілігі жайлы сұхбат жүргізу;
2. Егер пациентке арқасына жату ыңғайсыз болса, қатаң төсек тәртібіне сәйкес оң қырына жатқызу;
3. Пациентті ыңғайсыздық 1 тәуліктен кейін жойылатынына сендіру;
4. Туысқандарына пациент ойын аурухана тәртібінен алаң қылу үшін кітап оқу, сұхбаттасу қажеттілігі туралы айту.

IY этап. Медбикелік араласулар жоспарын іске асыру. Медбищшрке реттілікті сақтап медбикелік араласулардың жоспарын іске асырады.
Y этап. Медбикелік араласулар әсерін бағалау
Медбикелік араласулардың оң әсерін бағалап, мақсатқа жеткеніне көзі жетіп, медбике пациентті бақылауды (АҚҚ, пульсін, физиологиялық бөлінулерді, дене қызуын) жалғастырады. Жаңа проблемалар туындауы мүмкін:
тәбеттің болмауы
ауыздың құрғауы
олигурия
іш қатпасы
ентігу
Медбике жаңа проблемалардың шешу жолдарын тауып, медби-келік араласулар жоспарын құрады, оны іске асырады. Медбике-лік араласулардың іске асыру жұмыстары және тиімділігін баға-лау туралы барлық мәліметтерді медбике медбикелік ауру тарихына жазады.

Созылмалы жүрек жетіспеушілі кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
I этап. Медбикелік тексер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz