Меншікке салынатын салықтар


Slide 1

НУРУМОВ А. А. -э. ғ. д., профессор Меншікке салынатын салықтар

Жер салығы

*

Slide 2

Сабақтың мақсаты

Жер салығының экономикалық мазмұны, есептеу және төлеу тәртібі және жер салығы бойынша салық есептілігін құру немесе тапсыру тәртібін оқып үйрену

*

Slide 3

Қарастырылатын сұрақтар:

Жер салығының мәні мен мазмұны, қалыптасуы

Салық объектілері мен салық төлеушілері

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салу тәртібі

Елді мекенді жерлерге салық салу механизмі

Өнеркәсіптік жерлерге салық салу механизмі

Салықты есептеу мен төлеу мерзімі, тәртібі

*

Slide 4

Тарихтан белгілі мемлекеттің дамуы мен қалыптасу кезеңдерінде оның негізгі кіріс көздері үш түрге топтастырылған:

Домен (жер, орман сияқты мемлекеттің меншігіндегі қозғалмайтын мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдер)

Регалии немесе монополия (арнайы тауарлардың бағасынан үстеме алу үшін тұз, темекі бұйымдарынан алынатын төлемдер)

Соғыстан түсетін олжа немесе жеңілгендерден алынатын алым салық

*

Slide 5

Жер салығы

Алғаш қалыптасқан салықтардың қатарына жатады (Ежелгі даму кезеңіндегі Рим империясында жер салығы жериеленушілердің табысының он бөлгендегі бір бөлігін құраған, “ондық” деп аталған)

Мойсейдің бесінші кітабында айтылғандай, жердегі әрбір оныншы дән, ағаштағы әрбір оныншы жеміс құдайға тиеселі.

Рим мемлекеті жаңа жерлерге ие болған кезде салық ставкалары, жауланған жерлердің қалай жеңілгеніне байланысты өзгеріп тұрған.

Ежелгі Мысырда жер салығы салынып, ол өз кезегінде жоғары дәлдікпен өлшенген.

*

Slide 6

Жер салығы

Татар-моңғол шапқыншылығынан кейін Русьтегі негізгі салықтардың бірі “соқа” (жерге салынатын тікелей салық)

Егіндік жерге салынатын ауылдық “соқа”

Дворяндарға салынатын “соқа”;

Шіркеулерге салынатын “соқа”;

Шаруалармен өңделетін “қара” жерлерге салынатын “соқа”.

*

Slide 7

Жер салығы

Меншікке салынатын салықтарды, оның ішінде жер салығын сауықтыру салығы деп атайды, өйткені аталған салық жердің қаншалықты тиімді қолдануына байланыссыз алынады.

Жергілікті бюджетке түсетін болғандықтан жергілікті салық деп аталады

*

Slide 8

Жер салығының мақсаты:

экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жерді үнемді пайдалану болып табылады және ол жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру, жер құрамын жетілдіру, жерді құнарландыру, оны қорғау шараларын жүргізу, сонымен қатар аумақтарды әлеуметтік-мәдени дамыту үшін қолданылады.

*

Slide 9

Салық салу мақсатында жер мынандай санаттарға бөлінеді

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

елдi мекендер жерлерiне;

өнеркәсiп жерлерi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

жерлері;

орман қорының жерлерi;

су қорының жерлерi;

босалқы жерлер.

*

Slide 10

Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:

тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi;

тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

*

Slide 11

Жер салығы мынандай деректердің негізінде есептеледі

меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебi.

*

Slide 12

Жер салығын төлеушілер болып:

жеке меншiк құқығындағы;

тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

*

Slide 13

Салық төлеушілер болып табылмайтындарға мыналар жатады

шаруа немесе фермер қожалықтары пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;

мемлекеттік мекемелер;

уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқарудағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

*

Slide 14

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар;

тылдағы еңбегi, мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeyi төмендегідей жер учаскелері бойынша салықтан босатылады:

*

Slide 15

тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi;

өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;

гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;

*

Slide 16

«Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар мынандай жер учаскелері бойынша босатылады:

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi.

*

Slide 17

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша - жеке тұратын зейнеткерлер;

дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.

*

Slide 18

Ескерту:

Қылмыстық түзету орнының мемлекеттік мекемелері және діни бірлестіктер жер учаскесін табыс табу мақсатында пайдалануға немесе жалға беретін болса, онда салық төлеуден босатылмайды

*

Slide 19

Жер салығының

Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектісі болып табылады.

Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.

*

Slide 20

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салу механизмі:

Салық ставкасы бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады

Топырақтың сапасы, топырақтың құнарлылығы бойынша саралау балл бонитет деп аталады.

Салық салу мақсатында АШ жерлері екіге бөлінеді: далалық, шөлейтті шөлді жерлер.

*

Slide 21

Далалық, қуаң далалық жерлердің балл бонитетіне бара бар салық ставкалары төмендегідей:

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

0, 48

0, 67

0, 87

1, 06

1, 25

1, 45

1, 68

1, 93

2, 16

2, 41

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

91

92

93

94

95

96

97

98

99

100

100-ден жоғары

149, 57

154, 40

159, 22

164, 05

168, 87

173, 70

178, 52

183, 35

188, 171

93, 00

202, 65

*

Slide 22

Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi жерлердің салық ставкалары төмендегідей:

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

91

92

93

94

95

96

97

98

99

100

100-ден жоғары

42, 18

43, 39

44, 00

44, 62

45, 20

45, 84

46, 38

47, 03

47, 61

48, 25

50, 18

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

0, 48

0, 54

0, 58

0, 62

0, 67

0, 73

0, 77

0, 81

0, 87

0, 96

*

Slide 23

Жеке тұлғалардың ауылшаруашылығы жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары

көлемi 0, 50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0, 01 гектар үшiн 20 теңге;

көлемi 0, 50 гектардан асатын алаңға - 0, 01 гектар үшiн 100 теңге.

*

Slide 24

Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мынадай мөлшерде белгiленедi:

Елді мекеннің түрі

Тұрғын үй қоры алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары (теңге)

Тұрғын үй қоры алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

Алматы Астана Ақтау

Ақтөбе Атырау

28, 95

19, 30

9, 65

6, 75

8, 20

0, 96

0, 96

0, 58

0, 58

0, 58

*

Slide 25

Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары

1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0, 20 теңге;

көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 6, 00 теңге.

2) қалған елдi мекендер үшiн:

көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0, 20 теңге;

көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 1, 00 теңге.

*

Slide 26

Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгiленедi:

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

0

48, 25

1

91, 67

2

135, 10

3

178, 52

4

221, 95

5

265, 37

6

308, 80

7

352, 22

*

Slide 27

Ескету ! Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне тұрғын үй қорын қоспағандағы елді мекенді жерлерге белгiленген (СК 381-бап) базалық ставкалар бойынша салық салынады

*

Slide 28

Ескерту !

Елдi мекендердiң автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары, казинолар үшiн бөлiнген жерлерi тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

*

Slide 29

Базалық салық ставкаларын түзету

1. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, жер салығының базалық ставкаларының 50 процентінен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

*

Slide 30

Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0, 1 коэффициенттi қолданады:

балаларды сауықтыру мекемелерi

Әлеуметтік ұйымдар

Коммерциялық емес ұйымдар

қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру мақсатындағы мем. кәсіпорындар

балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;

ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;


Ұқсас жұмыстар
Мүлікке салық
Салық және салық салу курсы
Салық және салық түрлері
Қазақстан Республикасының салық жүйесiн құру кезеңдері мен бүгiнгi жағдайына сипаттама
ҚР Қаржы министрлігінің салықтық түсімдердің түсуі бойынша есебін талдау
МҮЛЕККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Құқық негіздері
Францияның функционалдық қаржы негізі
Салықтың жіктелуі
САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz