ГОЛОЩЕКИНДІК ГЕНОЦИДТІҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ МЕН ҚАЗАҚ



1924-1933 жылдары 2, 5 милионнан астам қазақтың өмірін жалмаған "Голощекиндік геноцидтің" ащы шындығы мен қазақ интеллигенциясының қатал тағдыры
Дайындаған:Есеналы Аида
Тақырыбы
Фили́пп Иса́евич Голощёкин

1918 жылдың ақпанынан бастап Уральск әскери комиссары болады. Сол жылдың шілде айында Екатеринбург ақ казактар мен ақ чехтардың қоршауында қалады. Урал облыстық советінің құрамындағы солшыл ехерлер, анархистер, әсіресе, қызыл революционерлер Романовтарды құртуды талап етті. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде Урал облыстық советінің шешімі бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйінде қамалған ІІ Николай патша атылды.
Голощекин кім еді?
Ф. И. Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жылы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда) Витебск губерниясындағы Невель деген шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын отбасында дүниеге келді. Голощекин 1903 жылы Ригада РСДРП қатарына кірді. Оның бұдан кейінгі Қазан төңкерісіне дейінгі өмірі қуғын-сүргінмен өтеді. Небәрі алты жылдың ішінде жеті рет түрмеге отырып шығады.

Голощекин 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926-1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді - олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т. с. с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды;
“Кіші Қазаны” төңкерісі
Қосшы одағы жалпы алғанда қайта бөлуге қатысуда жеткілікті белсенділік көрсете қоймады, қайта бөлу төңірегіне кедейлер бұқарасын жеткілікті топтастыра алмады. Болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер қажетті белсенділік таныта алмады, қайта бөлу ауылдық кеңес аппаратында таптық бағыттың бұрмалануы орын алғанын анықтады.

Голощекин жалпы Одақ көлемінде және Қазақстанда қалыптасқан өзіне қолайлы жағдайларды ұтымды пайдалана отырып, өз қарсыластарымен күрес барысында түрлі әдістерге барды. Солардың бірі ескі (салыстырмалы түрде - М. Қ. ) революцияға дейінгі, анығырақ айтқанда, алаштық интеллигенцияға қоғамдық саяси күрестің түрлі құйтырқыларынан хабарсыз жас ұлттық интеллигенцияның келесі буынын қарсы қою болатын. Бұл әдісті 20-шы жылдардың басында жоғары билікке енді ғана араласа бастаған қазақ интеллигенттері өзара билік үшін күресте қолдана бастаған. Егер деректердің көрсетуіне сенсек, осы мезгілде толып жатқан түрлі топтар (меңдешевшілдер, сейфуллиншілдер, сәдуақасовшылдар т. б. ) біріне-бірі алашордалықтармен байланыста болды сияқты айып таққан. Олардың арасында кезінде билікке қарсы әрекеттер жасаған алаштық интеллигенцияны ғайбаттап, жаңа өкіметтің Қазақстандағы өкілдеріне жағынып, қызмет бөлісуді көздегендер де бар еді. Басқаша айтқанда, ескі патшалық тәртіп тұсындағы болыстық үшін талас, енді жаңа жағдайда өзге сипат алды, рулық бөлудің орнын таптық бөлу басты. Тек ұлттық тұтастық негізде ғана шешілуі мүмкін жалпыұлттық міндеттер тағы да кейін шегерілді.
Голощекиннің саясаты.

ГОЛОЩЕКИН ГЕНОЦИДІ
Ауылды кеңестендірудің сипаты. Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау қажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды “оңшылдар”, “солшылдар” деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 ж. Қазақстандағы ауылдық кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылды. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді. 1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады.

Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті. Өлкелік партия комитетінің 1932 жылдың қыркүйегіндегі Торғай ауданындағы уәкілі Нышанбаев мұнда әр адам басына орта есеппен алғанда 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал қалғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың қақаған, сары аяз сақылдаған уақытында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір ауылдардың қазірдің өзінде алапат аштыққа ұшырағанын, толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысовтың, Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда олардың даладағы атқұлақ пен саршұнақты дым қоймай жеп қойғанын жан түршігерліктей суреттеп жазды ол.
1932-33 жылдардағы ашаршылық.

Қазақ даласындағы ашаршылықтың жантүршігерлік көрінісін мұрағат қойнауындағы құжаттардан кездестіруге болады. Мұны Голощекин өзі жіберген жергілікті жерлердегі уәкілдері арқылы жақсы біліп, одан толық хабардар болып отырды. Міне, сондай жергілікті жағдайдан нақты да шынайы мәліметтер түсірген Ораз Жандосовтың Әулиеатаның Сарысу ауданындағы ашаршылық туралы жан түршіктірер мәлімдемесін сол қалпында келтірелік: “Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім. Бұл жағынан, тірі қалған әйелдер мен жас балаларға ешкім көмек көрсетпейді. Таңданарлықтай болса да, әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды және жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім. Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда тамақтанбаудан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді. Кейбір аңшы семьялары шошқа етін жеуде және шошқа етімен тамақтанушылар өздерінің “күнәларын” жасыруға тырысса да, мұның өзі халыққа ешқандай жағымсыз әсер ете қоймады”.

1929 ж. 13 ақпанда БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің алқасы мәжілісінде Голощекин астық дайындау мәселесінде жеке шешім қабылдауы үшін ерекше құқық беретін қаулы шығартты. Сол себепті бұл науқанның да өткізілу барысындағы кемшіліктер мен зардаптарына Голощекин тікелей жауап беруі тиіс. Астық пен ет дайындау күштеу, жазалау, қорқыту-үркіту тәсілдері арқылы жүргізілді. Әпербақан Голощекин елдің экономикалық-әлеуметтік, табиғи-географиялық даму ерекшеліктерін білмеді. Оған көңіл аударғысы да келмеді. Сондықтан да тіпті жер шаруашылығымен айналыспайтын көшпелі қазақтардың өзінің астық өткізуін талап етті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz