Сүйек тканінің құрылымдық ұйымдасуы



Сүйек тканінің құрылымдық ұйымдасуы

Сүйек ткані дәнекер тканінің бір түрі болып табылады және сүйектің құрылымы мен қызметін анықтайды.
Сүйек ткані өзінің биологиялық қызметіне сәйкес беріктігімен және тығыздығымен ерекшеленеді.
Бұл қасиеттер сүйектің клеткааралық затының құрамында минералды қосылыстардың көп мөлшерде болуымен байланысты.
Минералды заттардың, негізінен кальций мен фосфаттардың депосы бола отыра, сүйек ткані ағзаның ішкі ортасының гомеостазын сақтауға қатысады.

Сүйек тканінің көп бөлігі клеткааралық матрикс, ал аздаған бөлігі - клеткалық элементтер түрінде болады.
Клеткааралық матрикс органикалық және минералды қосылыстардан тұрады.
Органикалық заттар коллагенді талшықтар, альбуминдер, гликопротеиндер, ферменттер, гликоген, липидтер, органикалық қышқылдар түрінде болады.
Минералды заттар (құрғақ қалдықтың 70%) көбінесе гидроксилапатиттердің кристалдары түрінде болады, олардың құрамында кальций мен фосфаттардан басқа да элементтер бар.

Сүйек тканінің барлық компоненттері үнемі жаңарып және қайта құрылып отырады: сүйектің органикалық және минералды заттары үнемі ыдырап және синтезделіп отырады.
Бұл сүйек тканінің клеткалық элементтерінің қызметімен қамтамасыз етіледі.
Сүйек ткані клеткаларының остеобласттар және остеокласттер басым болады.
Остеобластарда клеткаларға тән барлық компоненттер болады және коллаген, гликопротеиндер мен синтезінің күшті аппаратымен ерекшеленеді.

Бұл қосылыстар (коллаген, гликопротеиндер және глюкозамингликандар)
Клеткааралық матрикске бөлінеді де, гидроксиапатиттердің кристалдары түрінде кальций фосфатының жинақталуына ықпал етеді.
Остеокластар (ірі көпядролы клеткалар) клеткааралық сүйықтықтан сүйек матриксіне кальцийдің белсенді тасымалдануын қамтамасыз етеді.
- остеокластар рН-тың, Са++ иондары мен фосфаттар концентрациясы өзгерген кезде :
Клеткааралық матрикстың гидроксиапатиттері кристалдарының резорбциясын тудырады
Кальцийдің қанға реабсорбциясын қамтамасыз етеді.

Сүйек тканінің белоктары
Сүйек тканінің құрамында сүйектің өзгешелік қызметтері мен құрылымдық ұйымдастығын қамтамасыз етуге қажетті белоктар (коллаген, альбуминдер және гликопротеиндер) бар.
Сүйек коллагеніне лизинді және оксилизинді қалдықтардың бос топтарының көп мөлшері, сонымен қатар молекулаға теріс заряд беретін моноаминодикарбонды аминқышқылдардың (глу, асп) болуы тән.
Басқа дәнекер тканінің коллагенімен салыстырғанда, сүйек коллагенінде органикалық фосфаттар болады және метаболитикалық жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бұл белсенділіктің деңгейі бауыр коллагенінің метаболитикалық белсенділігімен тең болады.

Минерализация процесінде коллаген кальцификацияның ұйытқысы қызметін атқара отыра, біріншілік кристалдардың түзілуіне қатысады.
Минералды заттардың жинақталуы тек коллагенді талшықтардың арасында ғана емес, ьікелей оның өзінде де жүреді де, гидроксилапатиттер кристалдарын түзеді және сол арқылы коллаген сүйектің механикалық қасиеттерін анықтайды.

Сүйек тканінің альбуминдері коллагенді емес белоктардың басты массасын құрайды және иммунологиялық қасиеттері бойынша қан сары суының альбуминіне ұқсас болады.
Сүйектердің альбуминдері қаннан сүйекке гормондардың, минералды және басқа заттардың жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Гликопротеидтер сүйек тканінде минерализация, сүйектің өсуі мен даму процестеріне қатысады.

, яғни простетикалық топтың мукополисахаридті құрамымен ерекшеленетін гликопротеидтердің әрбір түрінен сүйек тканінде тек сүт қоректілерге тән сиалопротеидтер болады.
Сиалопротеидтердің простетикалық тобы сиал қышқылдары түрінде болады,
Бірақ сонымен қатар галактозамин және пентозалар бар.

Сиалопротеидтердің белокты бөлігінде көп мөлшерде аспартат пен серин бар, олардың бір бөлігі фосфаттармен ковалентті байланысқан.
Сиалопротеидтердің құрылымының бұл ерекшеліктері катиондарды байланыстыру қабілетін анықтайды, бұл сүйектің органикалық матриксының қатаю процестері үшін өте маңызды болып табылады.
Сүйек тканінің жоғары биологиялық белсенділігі бар коллагенді емес белоктары, сонымен қатар сүйек тканінің иммунологиялық қасиеттерін анықтайды.

Сүйек тканінің ферменттері
Басқа тканьдерде сияқты, сүйек тканінде сүйектің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін көптеген ферменттер бар.
Сүйек тканінде Кребс циклының ферменттері, көмірсулы, белокты, энергетикалық және басқа да алмасулардың ферменттері анықталған.
Альфа-амилаза анықталған, альдолаза мен белсенділігі жоғары.
Сүйек тканінде гликогеннің ыдырауының негізгі жолы - бұл альфа-амилазаның қатысуымен жүретін гидролиз реакциялары.

Сүйек тканінде оның өзгешелік қызметтерін қамтамасыз ететін ферменттер бар:
Сілтілі және қышқыл фосфатаза,
пирофосфатаза,
аминопептидаза,
бета-глюкуронидаза,
галактозидаза,
гликозидаза,
коллагеназа,
фосфоамидаза,
нуклеотидаза және АТФ-аза.

Сілтілі фосфатаза негізінен, остеобластарда орналасқан, бұл жерде олардың белсенділігі остеокластарға қарағанда едәуір жоғары.
Сілтілі фосфатаза фосфат-ионды эфирден акцепторға - сүйек тканінің органикалық негізіне тасымалдау процестерінде маңызды рөл атқарады, яғни сүйектің кристаллизация ядросының түзілуіне қатысады.
Қан плазмасында және сүйек тканінде сілтілі фосфатазаның мөлшері остеобластардың белсенділігіне байланысты болады.
Сынықтар жазылған кезде, рахит пен гиперпаратиреоз кезінде сүйек ткані мен қанда сілтілі фосфатазаның белсенділігі артады, бұл диагностика үшін пайдаланылады.

Қышқыл фосфатаза остеокластарда орналасқан.
Ол сүйектің минералды матриксінің резорбциясына қатысып, фосфат-иондардың бөлінуімен өтетін фосфор қышқылының органикалық эфирлерінің ыдырау реакцияларын катализдейді.
Бұл фосфатаза өзінің белсенділігін қышқыл ортада көрсетеді.

Пирофосфатаза - пирофосфаттарды ыдырататын сүйек ткані үшін өзгешелік фермент.
Пирофосфаттар минерализацияны тежейді, ал пирофосфатаза - пирофосфаттарды ыдырата отыра, сүйектің минерализация процесіне бұл әсерді тоқтатады.
Сүйек тканінің резорбция процесінде лизосомалардың қышқыл гидролазасы белсенді қатысады (аминопептидаза, бета-глюкуронидаза, галактозидаза, гликозидаза, коллагеназа, фосфоамидаза, нуклеотидаза, АТФ-аза және фосфатаза) .

Сүйек тканінің көмірсулары
Сүйек тканінің көмірсуларының маңызды өкілі - гликоген, оның мөлшері 100 г сүйекте 5-8 мг.
Гликоген, қор полисахариді ретінде, сүйектің минерализация процесі үшін энергияның қайнар көзі.
Гликогеннен басқа сүйек ткані органикалық матриксінің құрамына глюкозамингликандар кіреді, олардың негізгі өкілі - хондроитинкүкірт қышқылы және гиалурон қышқылы.
Глюкозамингликандар белоктармен қосылыс түрінде ғана емес, бос күйінде болады.
Олардың су және электролиттер алмасуында, коллаген талшықтарының кальцификация, тұрақтану процестерін реттеуде физиологиялық мәні зор.

Сүйек тканінде липидтер де болады, бірақ олардың мөлшері В костной ткани содержатся и липиды, но их содержание в костнойшеміршекке қарағанда едәуір төмен.
Липидтер шеміршек минерализациясы кезінде кристаллизация ядроларының түзілуіне қатысады.
Сүйек ткані нуклеин қышқылдарына (ДНҚ және РНҚ) бай, бұл сүйек клеткаларында биосинтетикалық процестердің белсенділігін көрсетеді.

Сүйек тканінің құрамына органикалық қышқылдар кіреді, олар Кребс циклының субстраттары болып табылады,
Немесе қышқылды және сілтілі фосфатазалардың белсенділігін өзгерте отыра, сүйектің минералды матриксінің қалыптасуына қатысады.
Бұл орайда, цитраттың (лимон қышқылы) мәні өте зор, оның сүйектегі мөлшері бауырдағы концентрациясынан 230 есе көп.

Цитрат кальциймен оңай комплекс түзеді де, кальций тұздары мен фосфаттардың жинақталуына және еруіне әсер етеді
кристаллизация және минерализация басталатын деңгейге дейін немесе керісінше - гидроксиапатиттердің ыдырауына дейін олардың концентрациясының жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Сүт қышқылының мәні де осыған ұқсас деп есептеледі, ол да цитрат сияқты сүйек резорбциясы кезінде жинақталады.

Сүйек тканінің минералды заттары
Ересек адамның сүйек тканінде шамамен 1200г кальций, 530 г фосфор, 11 г магний бар.
Одан басқа 30-дан астам микроэлементтер анықталған.
Өте төмен концентрациясына (0, 001% төмен) қарамастан бұл заттар сүйек тканінің функционалдық және құрылымдық ерекшеліктеріне үлкен әсер етеді.
Сүйек тканінің негізгі минералды бөлігі гидроксиапатит кристалдары Са10(РО4) 6(ОН) 2 түрінде болады.

Бұл минералды қосылыс - гидроксиапатиттің құрылымы: Са10(РО4) 6(ОН) 2 -
Ерекшелігі, ол қоршаған тканьдік сұйықтыққа иондарды оңай береді де, сол сияқты оңай түрде оларды сіңіреді.
Сүйек тканінің минералды бөлігінің басты құрамы болып табылатын кальций, фосфордан басқа әртүрлі элементтер де көп.
Олардың бірі кристалды торда кальцийдің орнын басса, екіншілері - кристалдың немесе гидратты қабаттың бетінде адсорбцияланған.

Сүйек ткані құрылымының қалыптасуы
Сүйек тканінің қайта түзілу процесі үшін органикалық негізгі субстанция, коллагенді фибриллалар синтезделуі және олар минерализациялануы қажет.
Осы процестердің барлығында да остеобластар негізгі рөл атқарады.
Олар коллагенді, глюкозамингликандарды және гликопротеидтерді синтездейді.
Коллаген синтезі үшін С витамині болуы қажет.
С витаминінің жетіспеушілігі остеобластар пролиферациясының бәсеңдеуіне, коллаген синтезінің тоқтауына әкеледі.

Сүйек ткані минерализациясын тиреокальцитонин және кальцитриол іске қосады
Және ол мынадай процестердің өзара байланысымен сипатталады:
рН-ң сілтілі жаққа ауысуы,
Сілтілі фосфатазаның белсендірілуі,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz