Жиырылу аппараты


Slide 1

Бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері мен функциялары

SSMUofficial

www. ssmu. kz

ЛҚалыптҚқққыққ

Лектор - қалыпты физиология кафедрасы

доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовна.

Slide 2

Тірек-қимыл аппараты

Slide 3

Бұлшық еттер түрлері:

Қаңқаның көлденең жолақты бұлшық еттері;

Жүректің бұлшық еттері;

Бірыңғай салалы бұлшық еттер.

Slide 4 Slide 5

Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуы қамтамасыз етеді:

1. Ағзаның кеңістікте қозғалуы

2. Дене мүшелерінің қозғалуы

3. Позаны ұстап тұру

4. Жылу өндіру

Slide 6

Бұлшықет элементтері

Трофикалық аппарат

Энергетикалық (қуаттық) аппарат

Арнамалы аппарат

Жиырылу аппараты

Slide 7

Бұлшықеттің трофикалық аппараты

Оны ядролар мен органеллалар құрайды. Жиырылу белоктарының синтезін қамтамасыз етеді.

Бұлшықеттің қуаттық аппараты

Оларды АТФ түзетін митохондриялар құрайды.

Slide 8

Бұлшықеттің арнамалы аппараты

Т-жүйесі, триада құрайды. Ол беткей мембрананың вертикальды өсінділерінен және құрамында кальций ионы бар саркоплазмалық ретикулумның екі бүйірлік цистерналарынан түзілген.

Slide 9

Бұлшықеттердің жиырылғыш аппараты

Оны құрайды:

1. жиырылу белоктары: актин және миозин;

2. модуляторлы белоктар: тропонин және

тропомиозин

Slide 10

Қаңқа бұлшықетінің құрылымы

Қаңқа бұлшықетінің құрылымдық бірлігі-бұлшықет талшығы.

Қаңқа бұлшықетінің функциялық бірлігі-нейромоторлы немесе қозғалтқыш бірлік.

Қозғалтқыш бірлік-мотонейрон мен оның иннервациялайтын бұлшықет талшықтары тобынан құралады.

Slide 11

ҚҚрл Қозғалтқыш бірлікікҚҚ

Қозғалтқыш бірлік құрамына енетін бұлшықет талшықтарының саны әр түрлі болады және ол бұлшықеттің атқаратын қызметіне тәуелді.

Бүтін бұлшықет бірнеше мотонейрондармен иннервацияланады.

Бір бұлшықет талшығы әр түрлі мотонейрондардан иннервация алады.

Slide 12

Қозғалтқыш бірліктің құрылымы

Жұлын

Мотонейрон

Бұлшықет талшықтары

Бұлшықет

Қозғалтқыш бірліктер

Slide 13

Бұлшықет талшықтарының функциялық жіктелуі

Қаңқалық

Жүректік

Бірыыңғай салалы

Тонустық

(Толыққанды ӘП қамтамасыз ете алмайды)

Фазалық (Толыққанды ӘП қамтамасыз етеді)

(тез және баяу)

Интрафузальды талшықтар бұлшықет ұршығының ішінде орналасқан

Экстрафузалды талшықтар (барлық басқа талшықтар)

Тонустық (базальды тонус)

Фазалық-тонустық:

Автоматияға қабілетті және автоматияға қабілетсіз

Slide 14

Қаңқа бұлшықет талшықтарының жіктелуі

Тотықтандырғыш сипатты баяу фазалық талшықтар :

талшықтары осы топқа жататын бұлшықеттер қою қызыл түсті болады (қызыл бұлшықеттер) ;

көп мөлшерлі миоглобин белогі бар, ол оттегіні қосып ала алады;

адамның қалпын сақтау қызметін атқарады;

қатты қажу өте баяу туындайды (миоглобин мен митохондрийлардың көп болуынан) ;

қажудан кейін қызметін тез қалпына келтіреді;

бұл бұлшықеттердің қозғалтқыш бірліктері көптеген бұлшықет талшықтарынан тұрады.

Slide 15

Қаңқа бұлшықет талшықтарының жіктелуі

Тотықтандырғыш сипатты жылдам фазалық талшықтар :

митохондрийлардың көп мөлшері;

тотығу фосфорлану арқылы АТФ түзуге қабілетті;

жылдам, жігерлі қимылдарды орындайды;

айтарлықтай шаршамай жылдам жиырылуды жүзеге асырады;

қозғалтқыш бірлігіндегі талшықтардың саны баяу фазалық талшықтарға қарағанда аз.

Slide 16

Қаңқа бұлшықет талшықтарының жіктелуі

Гликолитикалық тотығу түрі бар жылдам фазалық талшықтар:

миоглобин жоқ (ақ бұлшықеттер) ;

олардағы АТФ гликолизге байланысты түзіледі;

құрамында тотықтандырғыш типіндегі жылдам фазалық талшықтарға қарағанда митохондриялар аз болады;

бұндай талшықты бұлшықеттер тез және күшті жиырылуды дамытады;

бұлшықеттер салыстырмалы тез қажиды

Slide 17

Қаңқа бұлшықет талшықтарының жіктелуі

Тонустық талшықтар:

баяу жиырылады (миозин АТФ азасының белсенділігі төмен ) ;

баяу босаңсиды;

бұл типтегі талшықтар ӘП өндірмейді;

" барынша немесе ештеңе емес» заңына бағынбайды ;

дара импульс айтарлықтай жиырылу тудырмайды;

бірнеше импульстер талшықтың біртіндеп өсетін деполяризациясын тудырады;

адамда осы типтегі бұлшықет талшықтары көздің сыртқы бұлшықеттерінің құрамына енеді.

Slide 18

Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері

1. Қозғыштық - бұлшық еттің тітіркендіргіш әсеріне қозу потенциалын түзе отырып жауап бере алу қабілеті;

2. Өткізгіштік - бұлшық еттің ұзына бойы мен ішіне терең бойлай қозуды өткізе алу қабілеті;

3. Жиырылғыштық - бұлшық еттің қозу кезінде ұзындығын немесе кернеуін өзгерте алу қабілеті;

4. Эластикалық (созылғыш) - тартқан кезде бұлшық еттің кернеу өндіре алу қабілеті;

5. Тонустық - бұлшық ет тыныштық, жұмыссыз күйде толығымен босаңсып тұра алмайды, ол белгілі бір кернеуді ұстап тұрады, ол тонус деп аталады. Оның сырт белгісі белгілі бір дәрежеде бұлшық еттердің шымыр (серпімді) болуымен көрініс береді.

Slide 19

Қозғыштық

Бұлшықет талшықтарының мембраналық тыныштық потенциалының мәні шамамен --90 мВ құрайды

ӘП амплитудасы =120-130мВ

ӘП ұзақтығы= 1-3мс

Таралу жылдамдығы = 3-5м / с

Slide 20

Қанқа бұлшықеттеріндегі биоэлектрлік құбылыстар

Тыныштық

потенциалы

Калийлі табиғаты бар.

Көлемі - 60 - 90 мВ.

Әрекет

потенциалы

Шың тәрізді.

Амплитудасы 120 -130 мВ.

Ұзақтығы:

Көз бұлшық еттерінде

шамамен 1 мс

Тұлға бұлшық еттерінде- 2 - 3 мс

Бұлшықет талшығы бойымен ӘП таралу жылдамдығы 3-5 м / с

Slide 21

Өткізгіштігі

Бұлшықет талшығының өткізгіш жүйесіне мыналар жатады:

плазмалық мембрананың беткей қабаты

көлденең түтіктер жүйесі - (Т-жүйесі)

саркоплазмалық ретикулумның бойлық түтікшелер жүйесі

Slide 22

Қозуды өткізу жылдамдығы:

-көлденең жолақты қаңқа бұлшық еттері - 3, 5-14 м/сек;

-жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшық еттері - 0, 5-1м/сек;

-ішкі дене мүшелері, қан тамырлары мен терінің бірыңғай салалы бұлшық еттері- 0, 5мм - 5-10см/сек.

Slide 23

Бірыңғай салалы бұлшықет функциялары

Қуыс мүшелер қабырғаларының бірыңғай салалы бұлшықеттерінің баяу, ырғақты жиырылуы осы қуыс мүшелер ішіндегілердің қозғалысын және олардан шығарылуын қамтамасыз етеді;


Ұқсас жұмыстар
Жүрек ырғағы
БҰЛШЫҚЕТ ЖИЫРЫЛУЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жүрек қантамырлар механизмімен, қызыметімен танысу
Бұлшықет пен оның механикасы жайлы қысқаша ақпарат беріп, жалпы түсінік қалыптастыру
Бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық еттердің жиырылу түрлері
Бұлшықет биомеханикасы
Жүректің қақпақшалық аппараты
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Жасанды мүшелер туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz