Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері
Презентация қосу
Сөйлем ішіне
қойылатын тыныс
белгілері
ОРЫНДАҒАН: БЕКТУҒАН АРУЖАН МҰРАТҚЫЗЫ
Сөйлем құрамында кездесетін тыныс белгілері сөйлем ішіндегі кей
сөздердің мағынасын, қызметін, қолданылу себебін даралап,
ерекшелеп көрсету қызметін атқарады. Ойдың кімге
бағытталғандығын немесе автордың
көзқарасын, белгілі жайтты санамалап, дәлелдеп, түсіндіре
отырып жеткізу мақсатын көздейді. Оларға үтір (,), сызықша (-), нүк
телі үтір (;), қос нүкте (:), жақша ( ), тырнақша (“”)
жатады.
ҮТІР
Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі – үтір. Ол бірыңғай
мүшелердіңарасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер м
ен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.
Үтірді қойғанда, тыныс белгілерін қолданудың үш принципін
(грамматикалық, мағыналық, интонациялық) толық есте ұстау керек. Олай
болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып, оқ
ушысына, тығдаушысына жетпейді. Мысалы:
-Ендеше, тыңда, Абылай! Оның шешуі, мен білсем, былай болады, - деп,
біркелкі қоңыр дауыспен жырлай жөнелді. Тағатсыздана таусыла сөйлеген
Сұлтанға Абылай айтты (Қ. Жұмаділов).
Сызықшаның қолданылатын жерлері
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен немесе заттанған басқа
сөз таптарынан болғанда, араларына сызықша қойылады. Мұндайда олар кейде
тәуелденіп те, көптік жалғауын жалғап та келе беруі мүмкін.
Қарқаралы деген округтің әміршісі – Құнанбай мен осы Майыр. Ортадағы түлкі
тымақты, күрең төбел атты – Бөжей.
Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен бір тіркесте ұғынылып, сөйлемнің басқа мүшесі
болып кететіндей жағдайда да, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Бұл – Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны еді. Отыз – алтыға қалдықсыз
бөлінеді.
Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады:
Ортасында: Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар – бәрі бар.
Сүйіндік, Жексен, Сүгір – үшеуің де алдыма түс.
Қос нүктенің қолданылатын жерлері
Бірыңғай мүшелердің алдында тұрған жалпылауыш сөзден кейін
қойылады:
Біздің үйдегі адамдар мыналар: әкем, шешем, әкемнің әке-шешесі мен
менің інілерімм – Таңатар, Түнқатар.
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің алдыңғы предикатив
сыңарынан кейін қойылады: Абай біледі: Қарқаралыға келгелі семіз
қой, ту бие, қысырдың тайы сияқты сойыс малы бұл топқа жан-
жақтан “Құнекеңнің сыбағасы” деген атпен күн санап келіп жататын.
Себептес салаластың себеп мәнді сыңары кейін келгенде оның
алдынан қос нүкте қойылады: Шәкен қалай шошымасын: “Қосшы”
ұйымы, партия осында ғой.
Жақша
Жақша тек қана бөлуші тыныс белгісі қызметінде
жұмсалады.
Сөйлемді не ондағы бір мүшені түсіндіріп,
айқындап көрсету үшін жұмсалатын сөздер мен
сөйлемдер бар. Олар берілген сөйлем желісінен
оқшау қолданылады, жазуда жақша арқылы
ерекше бөлініп көрсетіледі. Мысалы: Мен сенімен
тіл емес, мынаумен сөйлесемін (Кулаков қамшысын
көрсетті), оданда айт шыныңды.
Тырнақша
Бөлуші қызметінде ғана жұмсалатын тыныс
белгілерінің бірі – т ы р н а қ-ш а.
Мысалы: “Биыл қар қалың жауды – егін де мол
өнім беруге тиіс”, – деді қарт агроном.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz