Көне түркі жазба ескерткіштері


Slide 1

12) Тарихи жадының сақталуы - тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде.

Орындаған: Тойчибаева Дилфуза

Қабылдаған: Амандоссова Мадина

Slide 2

12. 1 1997 жыл - Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы. 1998 жыл - Ұлттық тарих жылы. Ресей империясының Қазақстанды жаулап алу тарихын зерттеудегі жаңа тәсілдер.

1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы баскалар.

1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корейлік отбасы, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері жер аударылды. Елімізге өз еріктерінен тыс крым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге де ұлт өкілдері келді. Жалпы, осы жылдар аралығында барлығы 1 млн. 500 мың адам жер аударылды.

Халықтық ішкі істер комиссариатының (ХІІК) ерекше жарлығымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Ешқандай айыбы жоқ әйелдері мен кейде апалары, тіпті аналары да жазаланды.

Slide 3

Лагерлер

Карлаг жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде құрылды. Жалпы, Қазақстан аумағында сол кезде кеңестік тоталитарлық жүйе адам тағдырын ойыншыққа айналдырған өзгеде лагерьлер көптеп болды. Алайда Карлаг өзінің ауқымы мен маңыздылығы жағынан ең ірісі еді.

Карлагта әлемге әйгілі ғалымдар, дәрігерлер, әскери басшылар, мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер, діни атағы бар азаматтер болды. Атап айтар болсақ, А. Чижевский, профессор, ботаник Л. Пельцих, селекционер Б. Фортунатов, P. Цион, А. Диомидов, А. Ланина, Л. Василец, В. Пустовойт (болашақ академик, Екі рет социалистік еңбек ері атанған), А. Симорин, Д. Новогрудский, жазушы М. Зуев-Ордынец, А. Корнилов және тағы басқалар болды.

Slide 4

АЛЖИР - ең ірі лагерь, онда отанына опасыздық жасағандардың отбасы мүшелері қамалған. Талайлардың тағдырын тәлкек еткен мекеме ХІІҢК бұйрығымен 1937 жылы 15 тамызда Ақмола қаласынан оңтістік-батысқа қарай Төңкеріс (Малиновка) елдімекенінде құрылды. «АЛЖИР» лагері 30 га жерді алып жатты. Тарихшылардың айтуы бойынша оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болган

Slide 5

АЛЖИР-ге әйелдерді әлемнің түкпір-түкпірінен әкеліп жатты - Мәскеу, Ленинград, Украина, Грузия, Армения, ОРта Азия. АЛЖИР музейінің мәліметтеріне сәйкес, абақтыда әйелдер үшін орындар жетіспеді. Қақаған суықта, үскірік аяз бен жауын шашынға қарамастан олар өздеріне өздері барақтар салды. Лагерьге түскен адам нәсілінен, атынан, азаматтық мамандығынан айырылып жатты. Олардың барлығына ортақ «Отанға опасыз жасағандар» деген атау болды. Қатал саясат, жаппай ату жазасына кесу, ашашылық пен жер аудару ел арасында үлкен құрбандыққа әкеліп жатты.

Қазақстанда орналасқан барлық лагерьлерде өлім көрсеткіші өте жоғары болды. Сонымен, 1940 жылдан бастап 1950 жылға дейін Карлагта 10 000 тұтқын көз жұмды. Тіпті, 1943 жылы өлім көрсеткіші өте жоғары болды, бұл жылы әр ай сайын өте ауыр жағдайларда жүздеген адам жан тапсырды.

Slide 6 Slide 7

Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы

XIX ғасырдың ортасына карай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа және Ресей арасындағы талас күшейе түсті. Ресей үкіметімен болған 1840 жылғы келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің Жем, Ырғыз және Торғай бойына дейін жететіндігін айтты. Сырдарияның төменгі жағасына орыс және қоқан қолдарын жібермеу мақсатында хан мұнда бекіністер салдырады. Бірақ Хиуа ханының бұл әрекеттеріне қарамастан, оларды Қоқан қолдары, кейін жақсы қаруланған Ресей әскерлері ығыстыра бастайды.

Жыл өткен сайын тереңдей түскен орыс билігіне қарсылық туғызу мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара бірлікке шақырады. Тура осындай әдіс-айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан хандығы да көшеді. Өйткені Хиуа мен Қоқанның алым-салық жинаушыларының өктемдігі мен қатыгездігін көріп қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да құтылуға әзір болды.

Осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде араласа бастайды. Оның мынадай себептері бартын. Біріншіден, XIX ғасырдың орта тұсынан бастап қарқынды даму жолына түскен Ресей өнеркәсібіне түркістандық рынок аса қажет. Қазақ тұтынушылары орыс көпестерінен ұн, түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған бұйымдарды көп мөлшерде ала бастайды.

Бұхара мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан жасалуан бұйымдарды, қант және басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге Түркістан өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс-жидек, арзан бағаға мындаған қой, ірі қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда, Түркістанмен тұрақты сауда қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері Түркістан арқылы Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады. Бұл уақытқа дейін Орталық Азияға көз тіккен Англияның емеуріні Ресейді Қазақстан жерін өзіне қосып алу әрекетін біржола аяқтауға итермеледі.

Slide 8

Ресей үкіметінің бұл әскер күшімен іске асырылған әрекеті екі бағытта жүрді. Бірі батыстан, яғни Орынбор және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы, ал екіншісі шығыстан, яғни Омбы - Семей - Жетісу арқылы. Орынбор генерал-губернаторлары орыс билігінің Түркістан өлкесіне тереңдеп енуіне кедергі жасаушы Хиуа хандығы деп тауып, 1839 жылы бес мың қолдан тұрған Хиуа жорығын ұйымдастырды.

Бұл жорық ешқандай нәтижесіз аяқталды. 1847 жылы генерал-губернатор В. А. Обручев бұл өңірдегі аса ықпалды тұлға Жанқожа батырмен катынас орнатып, Райым (кейінірек Арал аталған) бекінісін салуға қол жеткізді. Орыс билігімен одаққа бару Жанқожа батырға бұл өңірдегі Хиуа және Қоқан тегікісінен құтылу үшін керек болған еді.

1850 жылы Жанқожа Райым бекінісіндегі орыс қолының көмегімен Сыр бойы қазақтарына шабуыл жасаған қоқандықтарды ойсырата жеңіп, олардың Қошқорған бекінісін алады

1853 жылы губернатор Перовский бастаған 2170 адамнан тұрған орыс әскері Сырдың бойындағы Қоқан хандығының басты бекінісі Ақмешітті өзіне қаратып, оның атын өзгертіп, "форт Перовский" деп қойды. Осылайша Түркістан өлкесіне жол ашуға тиіс болған Сырдария бекінісі өмірге келеді.

Осымен бір мезгілде Қапалда орыс приставтығы мен Жетісу облысының кеңсесі ашылды. Оған жергілікті халықпен байланыс орнату, еппен оның сеніміне кіріп, сол аркылы Қоқан және қытай ықпалынан шығарып, орыс билігіне тарту міндеті жүктелді.

1846 жылы Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс әскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бұл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін салуды, Ұлы жүз қазақтарын өз кұрамына қосып алуды, сондай-ақ Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісімшарт жасасуды көздеді.

Slide 9

Бір-екі жылдың ішінде мұнда Сібір қазақ-әскерінің 132 отбасы және 200 орыс шаруалары келіп орналасты. Содан кейін-ақ Алматыға Сібір қазақ-әскерінің оныншы полкын енгізу жөніндегі патша Жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай Жетісу әскери губернаторы Колпаковский Семейден егінші татарларды және Воронежден (Ресей) орыс шаруаларын шақыртады. Осылайша Ресейдің Орталық Азияға енуіне жол ашуға тиіс болған Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі әкімшілік орталығына және қалаға айнала бастайды.

Бұл кезде Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей 1856 жылы енді негізгі назарын Түркістанға аударып, сонда орнығуға күш салады. Ал мұндағы Хиуа, Бүхар және Қоқан хандықтары арасындағы өзара тынымсыз қақтығыстар Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып, 1864 жылғы көктемде ол екі бағытта әскери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария бекіністер тізбегі тарапынан, яғни Перовскіден (Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан басталды.

Осы жылдың жазында бұл екі әскер қолдарының бірі Түркістанды ал екіншісі Әулиеатаны алды. Бұдан кейін екі қол бірігіп, Шымкентке бет түзейді. Орыс әскеріне бұл бекіністі алу жеңілге түспеді, оны қоқандықтардың жаяу және атты әскері, артиллериясы қарсы алады. Бір ескерерлік жағдай - екі жақтың да әскер күштерінің қатарында қазақ қолдары болды. Мәселен, Қоқан әскері құрамындағы қазақ колын Кенесары ханның ұлы Садық сұлтан, ал орыс әскері құрамындағы қазақ жігіттерін Сұраншы батыр басқарған еді.

Сондай- ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс барысында екі жақтың өзара келіссөзге шығарған елшіліктерінің бір жағында Садық сұлтан жүрген болса, екінші, яғни орыс елшілігінің құрамында Шоқан Уәлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз бұрын-ақ байқалған көзқарастық жіктеліс орыс-қоқан соғыс қимылдары тұсында да анық байқалды.

Екінші шабуылдан соң, 1865 жылы орыс әскері Түркістан өңірінің ірі сауда және саяси орталықтарының бірі Ташкентті алады. Өзара феодалдық қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық және ұйымдық тұрғыдан жоғары тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан бүтіндей Ресей империясы құрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында жаңа кезең - отарлық тәуелділік кезеңі басталды

Slide 10

12. 2 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Slide 11

Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іске асады: - ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; - археологиялық зерттеулер; - қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; - ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.

Slide 12

2004 жылдан - бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден - бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) - 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

2004-2005 жылдары бұл бағдарламаның жүзеге асуына республикалық бюджет қаражатынан 1 391, 0 млн. жұмсалды, соның ішінде 2004 жылы 641, 6 млн. және 2005 жылы 749, 4 млн. Бағдарламаның 2007 жылғы іс-шараларына респ. Бюджеттен 1 873, 6 млн. тенге бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғыртуға 1 381, 1 млн. тенге, археологиялық зерттеулерге 106, 0 млн. Тенге, қолданбалы ғылыми зерттеулерге 123, 3 млн. тенге, кітап серияларын шығаруға 262, 9 млн. тенге қарастырылған. Берел обасынан табылған алтын бұйымдардың ұсақ бөліктерін жинау, тазалау және олардың паспорттарын құрастыру жұмыстары жүргізілді. Табылған 75 дана археологиялық бұйымдар жаңғыртылды. Олар ат әбзелдерінің бөліктері және Берел көсемінің табытына арналған ағашының кесіндісі.

Slide 13

12. 3-12. 4. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу.

Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Тілдің жалпы сипаттамасы
Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ
Орхон ескерткіштері
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ - Енисей өзені бойында табылған, ежелгі түркі сына жазуымен жазылған ескерткіштер
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,ДАМУ ТАРИХЫ
Қыпшақтар мекендеген ұлан байтақ территория
Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүрі
Таалс жазбалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz