Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі
Презентация қосу
«Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасы
КӘСІПКЕРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Орындаған:Бекбаева Гульзат ИС 20-1
Жоспар:
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдаудың мәні және қажеттілігі
2. Кәсіпкерлік қызмет
инфрақұрылымының
институттары . Шағын бизнес
орталықтарының құрылуы мен
қалыптасуы.
3. Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық ,
қамтамасыз ету
1,
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні
және қажеттілігі
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және
қажеттілігі Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік тұрғыдан
қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді . Бұл
тұрғыдан алғанда мемлекет тарапынан
қабылданатын іс - шаралардың негізгі мақсаты
кәсіпкерліктің дамуы үшін құқықтық және
экономикалық жағдайларды қалыптастыру ,
кәсіпорындаудың тұрақты дамуы мен қызмет
жасауына қолайлы әріптестік қатынастарды
орнату , бәсекелік ортаны қорғау , қабылданатын
экономикалық шешімдердің кәсіпкерліктің
дамуына ықпал жасау тұрғысынан жүргізілуін
қадағалау т. б .
Мемлекеттiк қолдаудың негізгі бағыттары , нысандары ,
масштабтары республикадағы кәсіпкерліктің даму
аясында пайда болатын экономикалық және әлеуметтік
мәселелердің сипаты мен өзектілігімен анықталады .
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
оны колдау мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларында қарастырылған . Алғаш рет бұл
мәселелер 1990 жылы қабылданған Қазақстан
Республикасының « Қазақ КСР - дағы шаруашылык
қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы »
Заңында көрініс тапты . 1992 жылы кәсіпкерлік қызмет
нәтижесінде пайда болатын мәселелерді шешу
мақсатында « Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы »
Заң қабылданды . 1992-2010 жж , 1992-1994 жж . , 1994-
1996жж . , 1996-1998 жж . , 1999-2000 жж . , 2001-2003
жж . , 2004-2006 жж . , 2007 2009 жж . және т.б.
жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту
бағдарламалары мен іс - шаралар жүйесі жүзеге
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудағы іс -
шаралар негізінде келесідей жағымды өзгерістерді атауға болады :
- несиелер алу үшін жеңілдік беретін жағдайлар жасау ;
- екінші деңгейдегі барлық банктермен шағын кәсіпкерлік
субъектілерін несиелендірудің минималды мөлшерін орнату ( банктің
негізгі қарызынан 10 % төмен емес деңгейде ) ;
- өндірістік объектілер мен алаңдарды , кеңсе орындарын сатып алуда
оның құнын белгілі бір уақыт аралығында бөліп төлеу , сонымен қатар
оларды жалға беру немесе сенімді басқаруға беру бойынша
заңнламалық жеңілдіктер беру ;
- қызмет түрлерін анықтау , атап айтқанда импорт - ты алмастыратын
халық тұтынатын тауарларды өндіретін кәсіпорындарды құру мен
жұмыс істеп тұрғандарын дамыту және агроөнеркәсіптік кешен
өнімдерін тереңдетіп өңдеу бойынша өндістік жүйені дамыту ;
-кәсіпкерлер мен жеке кәсіпорындарды құру және тіркеу , Сонымен
қатар екінші деңгейлі банктерде олардың шотын ашу процедураларын
жеңілдету ;
- бақылаушы және инспекциялық мемлекеттік органдар санын және
олармен көрсетілетін ақылы қызметтер санын қысқарту .
« Қазақстан - 2030 » Стратегиясы , « Қазақстан
Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған
үдемелі индустриялық - инновациялық дамауының
мемлекеттік бағдарламасында » , « Бизнестің
картасы - 2020 » бағдарламасында Қазақстанның
экономикасын дамытудағы кәсіпкерлік аяны ары
қарай күшейтудің негізгі бағыттары анықталған .
Бұл тұрғыда басты мақсат индустриялық -
инновациялық және технологиялық даму негізінде
ұлттық экономиканы әртараптандыруды жүзеге
асыруға жетекші рөл берілген . Сондықтан да
Қазақстанныңын ұлттық экономикасының
құрылымдық аясын жақсарту , сала аралық және
аймақтық деңгейде кәсiпкерлiк атқаратын қызмет
аясын кеңейту мақсаттары белгіленген .
Кәсіпкерлікті дамыту басымдықтары жүргізілетін
құрылымдық , өнеркәсіптік және сыртқы
экономикалық саясаттарға сай болуы керек және
олар аймақтық саясаттың негізгі бағыттарымен
байланыстырыла отырып жүргізіледі . Жүргізілетін
үрдістердің тұрақты болуын ескере отырып ,
кәсіпкерлікті дамыту үшін оның қызмет етуінің ең
тиімді салаларын дамыту көзделген . Оларға
• жергілікті өндірістік және өзіндік
нарықтық жүйесі бар салалар ;
• өнімнің ассортиментін шығару өзгермелі
сұранысқа бағытталған салалар :
• монополиялық үстемдігі жоқ салалар ,
яғни өнім номен - клатурасы тұрақсыз
болатын және технологиялары
жетілмеген , даму сатысындағы салалар
.
Кәсіпкерліктін дамуына , кәсіпорындардың
қуатты , экономикалық құрылымдардың өндірістік
желілеріне интеграциялық кірігуі септігін
тигізеді . Бұл жағдайда мәселені шешуде , ерекше
рөлді қаржы - өндірістік топтар атқара алады .
Мұндай интеграцияның ұйымдастырушылық
нысандары алуан түрлі : лизинг , франчайзинг ,
белгілі бір кдржылық кепілдер бойынша қосалқы
бөлшектерді тасымалдауға деген ұзақмерзімді
контрактілер ; сенімгерлік операциялар ; несиелік
міндеттемелер ( қарыздар ) мен төлемдерді және
т.б. қосқандағы өзара талаптарды есепке алудың
вексельді және басқа да нысандары . Өнеркәсіптік
кәсіпорынды ұйымдастырудың мұндай
нұсқасының артықшылығы болып кәсіпкерлік үшін
кепілдендірілген өткізу нарықтарын , әсіресе
қаржы ендірістік топтардың экспорттық нарыққа
Қаржы өндірістік топтар бір құрылымда
экономикалық қызметтің бірнеше деңгейлерінің
бірқатар объектілері мен субъектілерін
біріктіреді . Ол ұдайы өндірісті , қаржылык ,
өндірістік және тауарлық капиталдардың
айналымын , олардың жинақталуын ,
шоғырлануда мен жалпы ел экономикасы мен
өнеркәсіптік сектордың басым бағыттарын
тұрлаулы түрде ин - вестициялауды жүзеге
асыруға мүмкіндік береді . Кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған
нысандарын пайдалана отырып ,
кәсіпорындардың қызметіне мемлекеттің әсер етуі
( тікелей және жанама ) мен мемлекеттік әсер
етудің ( ұйымдастырушылық - құрылымдық ,
қаржысалықтық және мүліктік ) функционалдық
бағыттарына қарай топтастырылған біртұтас
Кәсіпорындарды қолдаудың тікелей нысандары
келесі критерийлер бойынша бөлінуі керек :
шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін жалпы
жағдайларды қамтамасыз ететін инфрақұрылым
элементтері мен басқа да шаруашылық
субъектілердің қатысуының тікелей болуы.
Мысалы , шағын кәсіпорындарға тікелей
салықтық жеңілдік беру . Олардың болашактагы
инвестициялық жобаларын жеңілдікпен
қаржыландыру үшін бюджеттен қаражаттың
бөлінуі , шағын кәсіпорындарға тегін пайдалануға
немесе жеңілдікпен жалға алуға мемлекеттік
алаңдарды ұсыну және т.б.
Кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың қосымша
нысандарын жанама түрде - ірі және орташа
өнеркәсіптік компанияларды , банктерді ,
сақтандыру фирмаларын , қоғамдық (сауда -
өнеркәсіптік палаталар , кәсіподақтар және т.б. )
және халықаралық ұйымдарды ынталандыру
арқылылы жүргізу қажет . Сонымен қатар
кәсіпкерлікті дамытудың жалпы жағдайлары (оқу
арталықтары , бизнес - инкубаторлар ,
технопарктер , лизингтік , консалтингтік және
аудиториялық фирмалар және т.б ) қамтамасыз
ететін шағын кәсіпкерлік инфрақұрылым
элементтерін іске қосу арқылы да жүзеге
асырылады . Сонымен қатар , кәсіпкерліктің
дамуының жоғары деңгейін сыйақылау ретінде ,
аймақтар мен жергілікті өкілдік органдарына
субвен - циялар мен дотацияларды бөлу ретіндегі
Ірі кәсіпорындарға тапсырыстар беру , ал олардың
өз кезегінде шағын кәсіпкерлік нысанға
тапсырыстың белгілі бір мөлшерін орналастыруы
жанама көмектің мысалы болып табылады .
Аталған топтастыру , кәсіпкерлікті қолдаудың
жалпы мемлекеттік және аймақтық
бағдарламаларының міндеттерін шешу тетіктерін
таңдау кезінде қолданылуы мүмкін . Кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдаудың нысандарын бірік - тіретін
жоғарыда аталған топтарды кұрамдастыру ,
кәсіпорындардың қызметін жоспарлауға билік
органдарының әсер етуінің көптеген нысандарын
тәжірибелік тұрғыдан синтездеу мен терең түрде
талдауды қажет ететін міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді .
2 . Кәсіпкерлік инфрақұрылымы
Экономикалық қатынастарды ұтымды түрде
дамытудың қажетті шарттарының бірі нарыққа
бейімделген инфрақұрылымды қалыптастыру
болып табылады .
Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылымдық
қамтамасыз ету түсінігінің құраушылары :
- өндірістік инфрақұрылым ;
- әлеуметтік инфрақұрылым ;
- институционалдық инфрақұрылым ,
- ақпараттық инфраракұрылым ,
- экологиялық құрылым
Гречановская И.Г. Экономика предприятия.- ОГАСА, 2008.-Л
12. 14
Инфрақұрылымды дұрыс басқаруға
кәсіпорын немесе ұйым жұмысының жалпы
табысы , жалпы өнеркәсіптік шығындардағы
инфрақұрылымға деген шығындардың үлес
салмағы , инженерлік жүйелер мен құрал -
жабдықтың жағдайы , оларға қызмет
көрсетуге жұмсалған шығындар ,
инфрақұрылымды жақсарту үшін арнаулы
қордың болуына байланысты болады .
Кәсіпкерлік , жүйе құраушы рөлді атқара
отырып , барлық экономикалық құрылымға ,
салааралық , салалық және аймақтық
кешендерге өз әсерін тигізеді .
Кәсіпкерлік инфрақұрылым экономикалық
жүйеде ерекше рөл атқарады . Өйткені ол
тарихи және логикалық тұрғыдан еңбек
үрдісінің функцияларын негізгі және қосалқы
деп бөлу барысында пайда болып , ал ары қарай
инфрақұрылымдық салалардың пайда болуын
тікелей әсер етеді .
Кәсіпкерак қызметті жүйелеу нәтижесінде , әр
түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып ,
оларды бірегей құрылымдық сызбаға
жинақтауға болады. Кәсіпкерлік қызметтің
теориялық, әдістемелік негіздерін ескере
отырып , оны кәсіпкерлік қызметтің теориялық
әдістемелік қалыптастыру мен дамытуға
мүмкіндік береді .
Кәсіпкерлік инфрақұрылымды зерделеу
оның инфрақұрылымын қамтамасыз
етуде ұлттық және аймақтық
ерекшеліктерді ескеріп , қажетті іс -
шараларды жүргізуге , құрал
жабдықтарды жасап шығаруға мүмкіндік
береді . Өз кезегінде ол аймақтың ,
қаланың , ауданның, әлеуметік -
экономикалық дамуына үлкен әсер етеді
Кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуі тек оның ғана
емес , сонымен қатар ол қарым қатынас жасайтын
басқа да ұйымдардың өзара үйлесімді дамуына
байланысты . Олардың өзара байланысы
нарықтық инфрақұрылым арналары мен
элементтер арқылы қамтамасыз етіледі . Демек ,
әлеуметтік және экономикалық қатынастардың
үйлесуіне бағытталған қоғамдағы сапалық
өзгерістер біршама дәрежеде нарықтық
инфрақұрылымның дамуына байланысты болады .
Сондықтан барлық инфрақұрылымдық кешен мен
оның құраушыларының қалыптасуын ішкі
байланыстарын , дамуына әсер ететін
факторларын жүйелі түрде зерттеуді қажет
етеді .
Кәсіпкерлік инфрақұрылымы оны
қалыптастыратын жиынтық
элементтерімен біріге отырып, нарықта
бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мақсатында шаруашылық жүргізу
субъектілердің қызметі мен сыртқы
ортаның әсер етуінің алуантүрлілігін
ескере отырып , бизнестін өсіп бара
жаткан транзакциялық шығындарын
азайтудың пәрменді механизм пайдалану
қажет.Осы тұрғыдан алғанда , шағын
және орта кәсіпкерліктің қалыптасуына
әсер ететін жүйелік құраушы факторлар
оның қызметінің сыртқы және ішкі
Шағын және орта кәсіпкерлік
аясындағы мемлекеттік саясатты
жасау мен жүзеге асыру тізбегін
нақты түрде пайдалаған
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың
толыққанды ,көпденгейлі
инфрақұрылымның қалыптасуы мен
дамуын қамтамасыз етеді .
Караколік қызмет инфрақұрылымынын ,
институттары . Шағын бизнес орталынтарының
құрылуы мен қалыптасуы
Кәсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік
қызметті құрудың , қызмет етуі мен
дамуының қолайлы жағдайларын
қамтамасыз ететін ұйымдар кешенін
сипаттайды .
Қазақстан Республикасында мұндай
ұйымдарга мыналарды жатқызуға
болады :
• мемлекеттік ұйымдар және
мемлекеттің қолдауымен құрылған
ұйымдар ;
• үкіметтік емес ұйымдар :
• халықаралық және шетелдік
ұйымдар
• коммерциялық ұйымдар .
Функциялық бағытталуына байланысты
инфрақұрылым институттарынын құрылымы
келесідей түрде болады :
• кәсіпкерліктің қалыптасуы , қызмет етуі мен
даму кезеңдерінде мемлекет тарапынан
қолдау көрсету ;
• қаржылық қолдау ;
• ақпараттық талдаушылық қолдау ;
• білім беру мен кадрлардың біліктілігін
арттыру аясындағы қолдау
• материалдық - техникалық қолдау .
Ұйымдық және функционалдық құрылымды
сәйкестендіру Қазақстандағы кәсіпкерліктің
даму үрдісіндегі институттардың оған қатысу
деңгейінің матрицасын құрастыруға мүмкіндік
береді
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz