Миокард инфарктісі себептері




Презентация қосу
Миокард инфарктісі және СЖЖ кезіндегі
мейіргерлік көмек
ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ
1) Миокард
инфарктісі,себептері,симптомдары,,алғашқы
көмек,мейіргерлік көмек
2) СЖЖ,,себептері,симптомдары,,алғашқы
көмек,мейіргерлік көмек
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе

Миокард инфаркті — қан айналысының
жеткіліксіздігі нәтижесінде жүрек тінінің
өліеттенуі (некроздануы). Көп жағдайда инфаркт
30 жастан асқан ерлерде
жиі кездеседі.
Сол қарыншалық жетіспеушілік – миокардтың жиырылу
қызметінің төмендеуіне байланысты дамиды.
Оң қарыншалық жетіспеушілік. Бауырда венозды қан
іркілісі дамиды. Оң жақ қабырға астында ауырлық сезім
пайда болады. Сипау кезінде ауырғандық анықталады.
Ұзақ іркіліс бауырдың дистрофиялық өзгерістеріне әкеледі,
кейін дәнекер тін өрбіп өсіп – кардиальды цирроз дамиды
2. Миокард инфарктісі себептері

1) Шамадан тыс тамақтану
2) Тамақ рационының дұрыс болмауы
3) Қимыл қозғалыстың жеткіліксіз мөлшерде болуы
4) Гипертониккалық аурулар
5) Жағымсыз әдеттер
6) Темекі шегу
7) Артық салмақ, майбасу
8) Жүрек қан-тамыр ауруларына генетикалық
бейімділік
9) Жоғары артериалды қысым (гипертония)
10)Қант диабеті
11) Сапасыз тағамдарды пайдалану
12)Қанның құрамында холестериннің жоғары болуы
13)Қатты уайымға түсу, стресс
14)Ағзаның артық күш жұмсауы
2. Симптомдары
Инфаркттың үш кезеңі болады:

•продромалық (ұзақтығы 18 күн, бұл уақытта
науқаста үдемелі әлсіздік, ентігу, шаршағыштық пен
төс артындағы ауру сезімі болады);
•жедел (инфаркттің өзі);
•тыртықтану кезеңі (8 аптаға дейін созылады, бұл
уақытта зақымданған бұлшықет тіні дәнекер тініне
айналады).
Инфаркт зақымдану көлемі бойынша майда ошақты және ірі
ошақты деп екіге бөлінеді. Миокард инфарктінің 150-ге жуық
симптомдары бар, бірақ олардың ішінде ең маңыздысы жүрек
аймағындағы ауру сезімі болып табылады. Алайда науқаста ауру
сезімі тек кеуде аймағында ғана емес, іште, қолда, жауырында
тамағында, төменгі жақта, мықын шұңқырында болуы мүмкін.
Қант диабетімен сырқат адамдарда инфаркт ауру сезімінсіз болуы
мүмкін. Бұдан басқа инфаркт дамуы барысында ауыз-мұрын
үшбұрышының көгеруі байқалады. Сонымен қатар ентігу, жөтел,
аритмия, жалпы әлсіздік, ашушаңдық, лоқсу, бас айналу болуы
мүмкін.
3. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Инфарктке күдік туындаса, науқасты отырғызып, оны
тыныштандырып, киімінің түймесін ағыту қажет.
Науқастың «қазір бәрі жақсы болады» дегеніне қарамай
жедел жәрдемді шұғыл шақырту керек немесе өздігімен
ауруханаға апару қажет. Егер науқасқа нитроглицерин
тағайындалса, онда оны тілдің астына салған жөн.
Нитроглицеринді 2 реттен артық беруге болмайды.
Аспирин дәрісін шайнау қажет (аллергия болмаса),
міндетті түрде шайнау қажет, жұта салуға болмайды. Осы
жағдайда дәрі тезірек әсер көрсетеді.

Егер науқас есінен танып қалса, тыныс алу мен жүрек соғысы
болмаса, дереу жан сақтау шараларын бастаған жөн. Науқасты
еденге жатқызып, төс аймағын жұдырықпен қатты ұру керек.
Одан кейін жүрекке тікелей емес массаж жасау (міндетті түрде
қатты, түзу жерде жасаған жөн) және жасанды тыныс беру
қажет. Мысалы, әр 15 «компрессиядан» кейін 2 дем алу мен
дем шығаруды жасау керек, одан кейін осы іс-әрекетті науқас
есін жиғанша немесе жедел жәрдем келгенше қайталау керек.
4. Мейіргерлік көмек
Диагностика
Ауырсыну синлромын анықтау
Электрокардиография
Жүректі Узд арқылы тексеру (эхокардиография)
Коронарлы тамырларды ангиография арқылы тексеру
Сцинтиграфия
Қанның биохимиялық талдауы

Емдеу:
Инфарктінің алғашқы симптомдарын пайда болған
жағдайда жылдам жедел-жәрдемді шақыру керек!
Жедел жәрдем келгенше науқасқа келесі көмекті жедел көрсетілуі
шарт!Науқасты өзіне ыңғайлы етіп жатқызу не отырғызу керек.
Қысып тұрған киімінің кеуде тұсын ағытытып, бөлмеге таза ауа
кіргізу керек.Науқасқа келесі дәрі-дәрмектерді беру керек:
Нитроглицерин дәрісін тілдің астына салу, қажет болса 2
данадан.«Корвалол» дәрісінен 30-40 тамшы«Аспирин» дәрісін
Бұл дәрілер ауруды жеңілдетеді, ал аспирин қанның ұйып қалуының
алдын алады
2. СЖЖ Себептері

Жүректің жеткіліксіздігі көптеген
себептерге байланысты, мысалы:
жүректің ишемиялық ауруы – жүректің
ауруы, жүрекке қан мен оттегіні
жеткізетін жүрек артерияларының
(коронарлық) тарылуынан жүректің
бұлшық етіне қан ағыны келуінің төмендеуі
нәтижесінде пайда болады. Оның жиі себебі
– коронарлық артериялардың
атеросклерозы, бұл кезде олардың ішкі
қабырғасында холестерин және басқа да
майлар өңез және түйіндақ түрінде
жинақталады, ал қабырғаның өзі
тығыздалып, созылымдылығын жоғалтады
2. Себептері
Бұл артериялардың саңылауының тарылуына
және қан ағынының қиындауына апарады.
жүрек талмасы (миокард инфарктісі) –
жүрек артериясының бітелуінен және
жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз
етілуінің жіті бұзылуынан жүрек бұлшық
етінің бөлігінің тіршілігін жоюы.
Осының нәтижесінде жүректің бұлшық етінде
тыртықтар пайда болады, олар жүректің
жұмысының бұзылуына апарады..
2. Себептері
Кардиомиопатия – инфекцияның,
алкогольді немесе есірткіні тұтынудың
шамадан артық салдарынан жүрек бұлшық
етінің зақымдануы. Жоғары артериалдық
қысым, жүрек қақапақшасының
зақымдануы, жүректің кемістігі, қалқанша
бездің аурулары, бүйрек аурулары, қант
диабеті секілді жүректің тозуына
апаратын себептер
3. Симптомдары

Тыныс алудың қиындауы, өкпеде сұйықтық
жиналуының және іркілуінің нәтижесінде дене
жаттығуларын орындағанда және тыныш күйде де
болатын құрғақ, үзілісті жөтелі. Жүректің созылмалы
іркілісті жеткіліксіздігінің симптомдары – тобықтың
ісінуі, одан кейін аяқтың, іштің ісінуі, салмақтың
ұлғаюы; түнде несептің жиі жүруі; іштің кебуі, тәбетті
жоғалтуға немесе жүрек айнуына апаратын. бас
айналуы, шаршау, әлсіздік. Ағзаларға және бұлшық
еттерге қан ағынының төмен болуынан науқас өзін
шаршаулы, әлсіз сезінеді. Мидың қан айналымының
төмен болуы бас айналуын немесе естің қалыпты
болмауын туындатуы мүмкін. жүректің тез немесе
ұдайы емес соғуы, себебі, қанның жеткілікті мөлшерін
айдауы үшін жүрек тезірек соға бастайды.
4. Мейіргерлік көмек

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің
дәрі дәрмекпен емдеуіне келесі
препараттар кіреді:
1) Салуретиктер
2) Альдостеронның антагонистері
3) Нитраттар
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесінде
дәрігерлер хирургиялық араласуды ұсынуы мүмкін. Үш
негізгі хирургиялық емдеу тәсілдері: Дәстүрлік
кардиохирургия (қақпақшалар жеткіліксіздігін түзету,
жүрек қарыншасын хирургиялық түзету,
кардиоынталандырғыштар қою); Кардиоимпланттарды
орнату – адамның денесіне қосымша қан айналым
аппараттарын (жүрек қарыншалары) енгізу операциясы,
олар жүректің қызметін ішінара қалпына келтіруге
көмектеседі. Жүректің трансплантациясы (алмастыру).
Жүректің жеткіліксіздігінде кардиостимуляторлар және
дефибрилляторлар қолданылуы мүмкін.

Кардиоынталандырғыш
қолданылады
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуін
жақсартуға бағытталған
хирургиялық емдеуге жататындар:
Ангиопластика және стент орнату
Жүректің тамырларын шунтирлеу.
5.Алғашқы көмек

6. Науқасты тыныштандыру
7. Оттегінің жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету
8. Науқасты жартылай отырғызу
9. Осы позада 15 минут өткеннен кейін,жамбасқа
турниктер жаіу керек. Бұл дененің кейбір
бөліктерін
айналымнан шығарып, науқастың жағдайын
жеңілдетеді
5. Нитрглицерин таблеткасын тіл астына қою
керек,
бұл әрекетті 10минуттан кейін қайталау және қан
қысымын өлшеу
6. Жүрек тоқтаған жағдайда жанама массаж жасау
керек
Қорытынды

Аурудың алғашқы 24 сағаты өте маңызды. Әрі
қарай болжам қолданылған шаралардың сәттілігіне
және, тиісінше, жүрек бұлшықетінің
қаншалықты"зардап шеккеніне", сондай-ақ жүрек-
қан тамырлары ауруларының "фактор
факторының" болуына және дәрежесіне
байланысты. Айта кету керек: миокард
синфарктімен ауыратын науқасты тиімді емдеу
және тиімді жылдам емдеу, 24 сағаттан астам
қатаң төсек режимінің қажеті жоқ. Сонымен қатар,
тым ұзақ төсек демалысы инфаркттан кейінгі
қалпына келтіруге қосымша теріс әсер етуі мүмкін.
ЖСЖ баяу дамиды, көптеген адамдар оны
организмнің қартаюы ретінде санайды. Мұндай
жағдайда көпшілік науқастар соңғы сәтке дейін
дәрігерге баруды созады. Өзіңізде ЖСЖ
симптомдары болса, және бір күнде 1,5 кг салмақ
қоссаңыз, немесе аптасына 2,5 кг қоссаңыз, шұғыл
дәрігерге көрініңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. https://www.zdrav.kz/kk/azbuka/zhurektin-
sozylmaly-zhetkiliksizdigi#2
2. https://kazmedic.org/archives/1003
3. https://medkenes.kz/cardio/miokard-infark
tisi
4. https://kazmedic.org/archives/1842
Назарларыңызға
рахмет!!!!!!!!

Ұқсас жұмыстар
Алдыңғы қапталдық миокард инфарктісі кезіндегі ЭКГ көріністері
Бас ауру
QRS КОМПЛЕКСІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ
Жүрек - қантамыр ауруларды диагностикалау
Жалпы доза
Миокард инфарктінің клиникасы
Миокард инфарктісі
Жүрек - тамыр жүйесінің төтенше жағдайлары
Улану кезінде асқазанды жуу
Инфаркт және оның түрлері, ақыры
Пәндер