Анар шырыны
Презентация қосу
Шырын – бұл балалар да, ересектер де жақсы көретін жеміс, не
көкөністің суы. Шырынның түсі де, дәмі де әртүрлі болады,
пайдалысы да бар, пайдасызы да. Осы жайында адамдар арасында
көптеген қауесет жүр. Аңыз бен ақиқатты таразылап көрейік.
Балалар үшін күніне бір стақан шырын жеткілікті.
• Шынымен, балалар үшін күніне бір стақан шырын ішу жеткілікті. Көптеген ата-
аналар балаларына «Көбірек шырын іш, дәу боласың» деп қинап, қателеседі.
Американдық зерттеушілердің пайымынша, күніне 2-3 стақан шырын ішетін
балалар өз құрдастарынан толық әрі бойлары аласа болады. Және бұған
түсініктеме де бар екен.
Шырын құрамында ағзаға жақсы сіңетін қант мөлшері көп. Сондықтан аз
қимылдайтын балалардың толуына септігін тигізеді. Сонымен қатар көп кезде
шырын басқа да сұйықтықтардың орнын басып кетеді, мысалы сүттің. Ал сүт
баланың өсуіне ықпал ететін өнім. Алайда ағзасы тез дамып, өсетін балаларға 2
стақан да артық етпейді. Жалпы, бұл сұрақ көп талқылауды қажет етеді.
Қызанақ шырынының пайдасы
өте мол.
Қызанақ шырыны – құрамында крахмал, концентратты
қант болмаса,ең пайдалы,құнарлы. Құрамында магний,кальций,
натрий,минералды заттар,А,В,С,К.РР дәрумендері,алма және
лимон,қымыздық қышқылы бар.Жазда адамның сусыныны
қандырса,қыста бойдағы температураны бір қалыпты ұстауға
ықпал етеді.
Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қанайналымды
жақсартады.Ағзадағы зиянды заттарды сыртқа шығарады.Тері
қабатын жұмсартып,шаш пен тырнақтың өсуіне ықпал етеді.Оның
құрамында ликопин бар,ол ағзаны зиянды ісік ауруынан
қорғайды.Сонымен бірге қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді,
қаназдық пен көз,жүйке ауруларының алдын алады.
Қызанақ шырынының зияны
Қайнатылған шырынды көп мөлшерде
пайдалану өт пен бауыр жолдарына
тастардың жиналуына жол
береді.Сондықтан абайлап ішу керек.
Асқазан ауруы бар жандар көп ішпеген
дұрыс,асқазан жарасы,гастрит ауруы бар
жандар үшін қауіпті.
Күнде таңертең және ұйықтар алдында 1
стақан қызанақ шырынын ішкен
абзал.Таңертең шырын адам бойына
сергектік сыйлайды.Алайда оны
құрамында ақуызы көп аспен
араластырмау керек.
Нектар – бұл нағыз шырын
• Көптеген адамдар нектарды таза химия деп есептеп,
жаңылысады. Негізінде олай емес. Ол нағыз шырын, тек
жемістердің жұмсағымен араласқан. Нектардың неге әдеттегі
шырыннан айырмашылығы бар? Өйткені, кейбір жемістердің
суын шығару оңай емес. Сол себепті өзіндік пюре қалыптасады.
Мұндай «кашаны» ішу қиын. Сондықтан оны таза артезиан
суымен араластырады.
• Араласқан жеміс шырындары: пайдалы ма, жоқ па?
• Оларды басқаша мультижеміс деп те атайды. Егер осы
тақырыпты талқылауға салсақ, екі жақ та дұрыс болып шығады.
Бірақ ағзаңыз шырынның құрамына енген барлық жемістер мен
шырындарды жақсы қабылдайтынына көз жеткізіп алыңыз.
Әйтпегенде аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін.
• Бірақ бір жағынан, шырынның бірнеше түрін араластыру тіпті
пайдалы да, өйткені қышқылы аз- және көп шырындарды
алмастыру пайдалы заттардың оптималды консистенциясын
береді.
Алма шырыны
• Пайдасы : құрамында ағзаның иммундық күшін
арттыратын А,В,С дәрумендері мол.Сонымен
бірге биотин,пантотен,фолий қышқылы
бар.Соңғысы шаш пен тырнақты
қатайтып,жақсы әсер береді.
• Шырын темір,магний,фосфор біріккен
минералды заттарға бай.Үнемі ішіп жүрсеңіз
есте сақтау мен қабілетіңізге шағымданбайтын
боласыз.Бұл алма шырынының құрамында бас
миы жасушаларының оксидантты күйзелуінің
алдын алатын органикалық заттардың
болуымен түсіндіріледі.
Сығылған шырын пайдалы ма?
• Бұл да талас тудырарлық сұрақ. Жаңа
ғана табиғи таза жемістен сығылып
әкелінген шырын, әлбетте, пайдалы.
Демек, балаларға барлық ережелерге сай
консервіленген шырындар мен нектарлар
жарайды. Бірақ бір жағынан, жемісті
сыққанша оны жей салған да дұрыс. Бұл
тіске де пайдалы.
• Табиғи таза шырындар ішіп жүріңіздер!
Анар шырыны
• Анар шырыны – жеміс-жидек шырындарының арасындағы ең пайдалысы.
Жаңа сығылған, еш қосылысы жоқ анар шырынының ағзаға әкелер пайдасы
мол.
• Ең біріншіден анар шырынында түрлі микроэлементтер бар. Кальций, калий,
натрий, темір, фосфор, магний сынды пайдалы қосылыстар топтамасы басқа
ешбір жеміс не жидектің шырынында болмайды. Әсіресе
құрамындағы калий шамасынан анар шырыны алдыңғы орында тұр.
• Анар шырынындағы дәрумендер мен микроэлементтер ағзамен жақсы
қабылданады. Дәрігерлер бұл шырынды қан аздық (анемия) шалдыққандарға
дауа ретінде ұсынады. Оның қандағыгемоглобин шамасын көтеру қасиеті өте
жақсы. Ісік, гипертония кезінде де пайдалы, сондай-ақ іш айдататын қасиеті
бар.
• Анар шырыны ас қорытуға көмектеседі, құрамындағы қосылыстар іш қабынуын
басып, тәбетті жақсартады, диареяға шалдыққан адамдарға көмектеседі.
• Анар шырынының тағы да бір ерекше қасиеті - ол радиация әсеріне
шалдыққандарға көмектеседі.
• Анар шырыны иммунитеттің жағдайын жақсартады, нәтижесінде ағза тұмау
сияқты ауруларға шалдықпайды. Жөтел кезінде тіпті анар шырынымен тамақ
шаюға кеңес беріледі.
• Анардың тәтті түрлерінің шырыны ең пайдалы қасиеттерге ие екен. Анар
шырынына бір қасық бал қосып ішсе де болады.
Жүзім шырыны
Жүзім құрамындағы
дәрумендер миға өте
пайдалы.Түстен кейін қос
уыс жүзім мен
жүзімнің бір кесе сығындысын
ішу денеге де, ми
жасушаларына да өте
пайдалы.
1кг жүзім калориясы 1,150 гр
сүт,390 гр ет,300гр
нан,1,200 гр картопқа тең
болады.
Жүзім құрамындағы
дәрумендер миға өте
пайдалы.
Шырынның пайдасы
1.Шырын тыныс алу жолдарына,іш
өтуге,қышымаға ,қан қысымының артуына
ықпал етеді.Ауызды шаятын болсаңыз,тіс
жегі ауруының алдын аласыз.
2.Жапырақтарын күнге күйгенде бетке
қолдануға болады.Компресс бетті
ылғалдандырып, қалпына келтіреді.
3.Құрамында қант көп болса да, диеталық
тағам болып саналады.Бір стакан
жидекте 64 калория болады.
Ананас шырыны
• Ананас жемісі дәмді әрі өте
пайдалы.Шырын құрамындағы
ферменттер асқорытуға көмектеседі.
• Диеталық қасиеті өте жоғары.
• Піспеген жемісі ауыз қуысы мен ерінді
зақымдайды.
• Құрамында барлық дәрумендер мен
минералды заттар өте көп,мысалы:
калий,мыс,мырыш,темір,
марганец,йод т.б.
• Ананас қан қысымын төмендетуге,қан
тамырларының жұмысын жақсартуға
көмегі зор.
• Ананас арқылы ауруды алдын ала
байқауға болады.
Табиғи шырынмен емделу
ТОМАТ ШЫРЫНЫ
С дәрумені мен каротиннің қайнар көзі.
Пайдалы қасиеттері: жасушаларды бүлінуден қорғайды,
дәнекер тіндердің пайда болуына ықпал етеді,
гормондар синтезін күшейтеді, жүйке жүйесін қалыпқа
келтіреді.
Ерекше нұсқаулықтар: көз жанарының әлсіреуі, созылмалы
әлсіздік,
ұйқысыздық, терінің құрғауы, жүйке жүйесінің әлсіреуі.
Тосқауыл: жоқ.
Күнделікті: кішкене өсімдік майын қосып, кез келген уақытта
ішуге болады.
ШИЕ ШЫРЫНЫ
• С және каротин дәрумендеріне бай. Және де фоли қышқылы,
темір, кальций, калий, өсімдік пигменттері – антоциан мен
антоцианидтер кездеседі.
• Пайдалы қасиеттері: қан құрамын жақсартады, қан тамырларын
қатайтады, суық тиюді емдейді, ағзаны күшейтеді.
• Ерекше нұсқаулықтар: анемия, артық салмақ.
• Тосқауыл: асқазан жарасы мен асқазан қыжылында көп ішпеген
жөн.
• Күнделікті: ас кезінде.
ҚАРАҚАТ ШЫРЫНЫ
• С дәруменіне (1/2 стақанда –
тәуліктік мөлшер), каротин,
рутин, ниацинге бай.
• Пайдалы
қасиеттері: көмірсулардың
алмасуын реттейді, тері бездерін
жақсартады, суық тиюді
емдейді, жүйке жүйесін
тыныштандырады. Тұмау
вирустарын кетіріп, иммунитетті
жақсартады.
• Ерекше нұсқаулықтар: қант
диабеті, артық салмақ, тұмаудың
алдын алып, емдейді, жүйке
жүйесінің құртылуынан ағзаның
әлсіреуі.
• Тосқауыл: жоқ.
• Күнделікті: кез келген уақытта
ішуге болады.
АНАНАС ШЫРЫНЫ
• Өсімдік тағамдарында кездесетін барлық
дәрумендерге ие. Құрамында 16 микроэлементтері мен
бромелен сияқты ферменттер кездеседі.
• Пайдалы қасиеттері: артық майды кетіріп, ағзаны
жасартады, қан тамырларын холестериндерден
тазартады, ақуыздың жақсы сіңуіне көмектеседі, тромб
пайда болудың алдын алады.
• Ерекше нұсқаулықтар: ангина (тамақты шаюға
болады), тромбофлебит, гормоналды
контрацептиктерді пайдаланғанда, семіздік,
ұмытшақтықта ішу керек.
• Тосқауыл: гастрит, асқазан жарасы.
• Күнделікті: тамақтану кезінде ішу.
АПЕЛЬСИН ШЫРЫНЫ
• С дәруменіне бай (бір стақанда – бір күндік мөлшер), биотин,
фоли қышқылы және тағы басқа көптеген дәрумендер.
• Пайдалы қасиеттері: бос радикалдардан қорғайды, қан
тамырларын қатайтады, иммунитетті жақсартып, ми жұмысын
жандандырады, жасушалардың алмасуын ынталандырады,
майды кетіреді.
• Ерекше нұсқаулықтар: суық тию кезінде, семіздік, шаршау,
стресс, назардың бәсеңдеуі.
• Тосқауыл: асқазан мен ас ішек жарасы, қышқылдығы төмен
гастрит.
• Күнделікті: аш қарынға ішуге болмайды.
Ағзамызды жақсартып алуға әбден
болады. Әлбетте, Табиғи шырын
ішіпөзің жемістен сығып алған шырын
әлдеқайда пайдалы. Егер ондай
мүмкіндігің болса, тіпті керемет. Егер
жоқ болса, дүкенде сатылып тұрған
табиғи шырындарды пайдаланудың еш
сөлекеттігі жоқ. Олардың
пайдасыздығы жайлы қауесет
шындығында өтірік. Пайдалы
қасиеттері жағынан табиғи
шырындардан еш қалыспайды. Сонымен
қатар, тұрып қалған жемістерге
қарағанда, құтыдағы шырындарда
дәуремендер әлдеқайда көп. Заң
бойынша, «табиғи шырын» деген жазу
тек шынайы, қантсыз, лимон қышқылы
қосылмаған табиғи шырын құтыларына
жазылады, басқа кезде бұлар нектар
болып келеді.Алайда соңғылары да
пайдасыз емес. Өйткені кейбір
көкөністер мен жемістерден таза
шырын бәрібір көп шықпайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz