БІР САУСАҚ БАЙЛАМЫ БЕС САУСАҚ БАЙЛАМЫ



тақырып:Масақ тәрізді, тасбақа, дезо, бір саусақ, бес саусақ, сегіз тәрізді байлам.

Жоспары:
МАСАҚ ТӘРІЗДІ ТАҢҒЫШ
ТАСБАҚА ТӘРІЗДІ БАЙЛАМ
ДЕЗО БАЙЛАМЫ
БІР САУСАҚ БАЙЛАМЫ
БЕС САУСАҚ БАЙЛАМЫ
СЕГІЗ ТӘРІЗДІ БАЙЛАМ

Масақ тӘрізді таңғыш
Мақсаты: жарақаттану кезінде қолдарды қозғалтпау.
Көрсетім: таңу материалын, гипсті лонгетті, таңғыш қалақты бекіту үшін.
Қажетті құрал-жабдықтар: жалпақ бинт, қайшылар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Иықтың сыртқы иінінің айналасынан (1 айналым) 1-2 бекітуші циркулярлы айналым жасаңыз.
2. Бинтті көкірек қуысының артқы бетінен жіберіңіз.
3. Көкірек қуысын қарама-қарсы жақ қолтық асты ойысы арқылы циркулярлы бүгіңіз.
4. Бинтті зақымдалған жақтан кеуде алдымен иыққа қарай жіберіңіз (3 айналым) .
5. Иықты циркулярлы бүгіп, бинтті арқаның артымен, келесі айналымды ½ және 2/3 жаба отырып шығарыңыз.
6. Иық буындарының тұсы толығымен жабылғанша 1 және 2 айналымдарды қайталаңыз.
7. Бинтті иық буынынан төмен бекітіңіз

Тасбақа тәрізді байлам
Көрсеткіші: Шынтақ буынын жоғарғы немесе төмен бөлігінің жарақаты.
Жабдықтар :
Бинт, ені 10см;
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Қолды шынтақ буында 20
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын -оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.
Бинтті білектің жоғарғы бөлігіне орналастыру.
Білек аймағында 2 бекітілген тур жасау.
Шынтақ буынды айналып, иықтың төменгі бөлігіне ауысу.
8 тәрізді айналымның шынтақ буынға дейін бітіндеп жиналу.
Шынтақ буынды жабу, байламның бас жағынан қарай орналасып.
Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлаңыз
Есте қалдыру:Осындай әдіспен байлам тізе буынына салынады.

Дезо байламы
Мақсаты: бұғана мен білек сынықтарында қолдарды бекіту.
Көрсетім:бұғана мен білектің зақымдалуы.
Қажетті құрал-жабдықтар: ені 20см бинт, қайшылар, түйреуіш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
2. Қолтық асты ойысына мәрлімен оралған, мақтадан жасалған белдікті салыңыз.
3. Науқастың зақымдалған оң қолын шынтақ буынынан түзу бұрышпен бүгіңіз. Білекті кеудеңізге қысыңыз.
4. Иықты кеудеге бекіте отырып (1 айналым), кеуде айналасына бекітуші айналым жасаңыз. Сау жағынан ауру жағына қарай дәкелеңіз.
5. Бинтті сау жақ қолтық асты аумағынан ауру қолының иығы үстіне дейін жүргізіңіз де, бинтті бірге ала (2 айналым) иықтың артқы жақ бетінен тіке төмен қарай шынтақ астына жіберіңіз.
6. Бинтті білек арқылы қиғаш, сау жақ қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз.
7. Бинтті бел арқылы қиғаш сау қолтық асты ойысына шынтақты алдынан артқа айнала, бел арқылы ауру иықтың үстінен және иықтың алдыңғы жағымен төмен жүргізіңіз.
8. Жақсы бекітілу үшін әрбір 2 және 3 айналымнан кейін 1 айналымды қайталаңыз.
Ескерту: оң қол зақымдалған кезде - бинтті солдан - оңға, егер сол қол болса, онда оңнан - солға қарай орайды. Егер таңғыш емдік мақсатта салынған болса, ұштары ілмектеліп байланады.

Бір саусақ байламы
Көрсеткіші: Жарақаттар, күйік.
Жабдықтар :
Бинт, ені 5см;
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, жарақаттанған қолдың жағынан білекті столдың үстіне орналастыру, қолдар бос болу керек.
Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын -оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.
Білезік буынға байламды орналастыру.
Білек аймағында 2 бекітілген тур жасау.
Білезік буыннан бастап байлайтын саусақтың негізіне бинтті жүргізу.
Саусақтың негізінен бастап бас жағына дейін спираль тәрізді турлармен бинттеу.
Қолдың сырт жағынан білезік буынға дейін бинтті өткізу.
Білезік буынға бекітетін турлармен байламды бітіру.
Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау.
Есте қалдыру:Бір саусаққа байлам салу үшін «қайталанатын», «масақ» тәрізді байламды салуға болады.

Бес саусақ байламы
Көрсеткіші:Күйік, үсіктер, түгел саусақтардың жарақаты.
Жабдықтар :
Бинт, ені 5см;
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, жарақаттанған қолдың жағынан білекті столдың үстіне орналастыру, қолдар бос болу керек.
Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын -оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.
Білезік буынға байламды орналастыру.
Білек аймағында 2 бекітілген тур жасау.
Есте қалдыру:Оң жақ қолға бірінші саусақтан, сол жақ қолға -бесінші саусақтан байлам салынады.
Білезік буыннан бастап, қолдың сыртымен саусақтың негізіне бинт жүргізіледі.
Бинтті спираль тәрізді жолдармен бас жағына апарып әрі қарай негізіне қайту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz