Созылмалы гастрит


Slide 1

Созылмалы гастрит және холецистит кезіндегі мейіргерлік көмек

Slide 2

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Этиологиясы

2. Клиникасы

3. Асқынулары, емі

ІІІ. Қорытынды

Пайдалынылған әдебиет

Slide 3

Кіріспе

Асқазанның созылмалы қабыну сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейін және мектеп жасында басталады. Созылмалы гастриттер көп жағдайда бұл ауруға тектік бейімділігі бар балаларда байқалады. Асқазанның созылмалы паталогиясының қалыптасуына аналардағы жүктілік кезінде паталогиялар болған, жасанды тамақпен қоректендірілген, тегінде ауыр аллергиялары бар балалар бейім.

Slide 4

Созылмалы гастрит

Созылмалы гастрит - асқазан кілегей қабатының созылмалы қабынуы. Бұл ауруда асқазанның кілегей қабатының құрылымы өзгереді және үдемелі атрофияланады, моторлық, секреторлық және инкреторлық қызметтері бұзылады. Ауру барлық асқазан ауруларының 80 - 85 пайызын құрайды. Созылмалы гастрит асқорыту жүйесінің басқа ауруларымен жиі қосарланады.

Slide 5

Этиологиясы

Экзогендік фактор:

Тамақтану тәртібінің және сапасының бұзылуы.

Алкогольмен темекі шегумен әуестену

Асқазанды тітіркендіретін препараттарды ұзақ уақыт қабылдау

Емделмеген және қайталанып тұратын жедел гастрит.

Эндогендік фактор:

Іш қуысы мүшелерінің қабыну аурулары

Генетикалық факторлар

Аллергиялық факторлар

Эндокринді жүйенің және зат алмасу бұзылыстарымен өтетін аурулар

Slide 6

Клиникасы

Ауырсыну синдромы созылмалы гастриті бар пациенттердің 80 - 90 пайызында кездеседі және клиникасында ең басты шағым болады. Ауырсыну көбінесе эпигастрий аймағында, сирегірек іштің басқа бөлімдерінде анықталады.

Асқазан диспепсиясы - созылмалы гастритте үнемі кездесетін синдром, тәбеттің төмендеуі, кекіру, қыжылдау, жүрек айну, құсу, тамақтан кейін ішінде дискомфорт сезімінің болуы.

Пациент жағдайының жалпы бұзылыстары. Созылмалы гастриттің асқынбаған түрлерінде онша өзгермейді. Пациент салмағы азаюы мүмкін, витаминдер метаболизмі бұзылады, кейбір тағамдардың жақпауы т. б. Созылмалы гастриттің клиникалық бейнесі негізінен асқазанның секрециясына байланысты болады.

Slide 7

Асқынулары

Асқазаннан қан кету

Асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы

Асқазан рагі

Мегалобласты анемия

диагностика

Slide 8

Емі

Ауру өршуінде 7 немесе 10 күн бойы ауруханалық ем тағайындалады, кейін амбулаторлық жағдайда жалғастырады. Ауруханалық ем ұзақтығы өзгеруі мүмкін.

Созылмалы гастриттің комплексттік емінде емдік тамақтанудың маңызы зор. Аурудың өршу немесе ремиссия кезеңіне, секреторлық қызметінің түріне, асқынуларға байланысты тамақтану түрі әртүрлі болады.

Slide 9

Физикалық ем әдістері

гидротерапия

жылытқыш қою

балшық

Slide 10

Созылмалы холецистит

Созылмалы калькулезді емес холецистит - өт қабының созылмалы полиэтиологиялық қабыну ауруы. Нәтижесінде өт жолдарының моторикасы бұзылады және өттің физикалық - химиялық қасиеттері, биохимиялық құрамы өзгереді.

Ауру ұзақтығы 6 айдан жоғары. Бұл кеңінен тараған аурулардың бірі 1000 халыққа 6 - 7 ауру жағдайлары анықталады. Әйелдер ерлерден 3 - 4 есе жиі ауырады.

Slide 11

Этиологиясы

- Бактериальды инфекция: мұрын - жұтқыншақ, ауыз қуысы, жыныс мүщесі инфекциялықаурулары.

- Қоздырғыштар: ішек таяқшасы, энтерококтар, стафилококтар, стрептококктар, іш сүзегі таяқшасы, саңырауқұлақтар.

- Аллергия - токсикалық - аллергиялық холецистит.

- Асқорыту мүшелерінің созылмалы қабыну аурулары: созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы, энтероколиттер.

Slide 12

Клиникасы

Ауырсыну -оң жақ қабырға астында, кейде эпигастрий аймағында орналасады. Ауырсынудың күшеюі әдетте шектен тыс майлы, қуырылған, өткір, саалқын немесе ыстық тағам, газдалған сусындар, ішімдік қабылдағанда болады.

Диспепсиялық синдром. Жағдайдардың жартысында және гастродуоденитпен, панкреатитпен қосарланса құсу болады.

Терінің қышуы, ауызына ащы дәмнің келуі, шіріген жұмыртқа иісті кекіріктің болуы

Дене қызуының көтерілуі, қалтыраумен қоса жүруі мүмкін.

Психоэмоциональды бұзылыстар. Жалпы әлсіздік, тез шаршау, депрессия, ашуланшақтық, эмоциональді тұрақсыздық.

Кардиалгия. Өршу кезеңінде бірқатар пациенттерде рефлекторлы стенокардия пайда болады.

Slide 13 Slide 14

Зерттеу

Лабороториялық зерттеу

Жалпы қан анализі

Биохимиялық қан анализі

Иммунологиялық зерттеу

Дуоденальды зондылау

Инструментальдық зерттеу

Ультрадыбысты зерттеу

Рентгенологиялық зерттеу

Радиозотопты тексеру

Slide 15

Емі

Емдік тәртіп. Өршу кезеңінде пациенттер терапия немесе арнайы гастроэнтерология бөлімшесіне жатқызылады. Калькулезді холецистит жағдайында пациенттер хирургиялық бөлімшеге жіберіледі. Аурудың жеңіл ағымында амбулаториялық ем көрсетілген.

Емдік тамақтану. Өршу кезеңінде 1 - 2 күнге дейін ашығу диетасы тағайындалады. Тек сұйықтықтарды ішуге болады. Ауырсыну басылғаннан кейін №5 диета тағайындалады.

Slide 16

Ауырсынуда және азапты жеңілдік әкелмейтін құсықта перифериялық м-холинолитиктер тағайындалады.

1 мл 0, 2 платифиллин гидротартраты тері астына, 1 мл 0, 1 хлорозил тері астына немесе бұлшықетке.

Ауырсынуды басу үшін:

2 процент папаверин ерітіндісін

2 процент - 2 мл ношпа ерітіндісі

Гипотониялық дискинезияда ауырсыну өттің өт қабында іркілуіне байланысты болса зондсыз тюжаб көрсетілген:

Пациент таңертең аш қарынға 100-150 мл жылы суға 20-25 г ксилит ерітіп қабылдайды. Кейін 1, 5-2 сағ пациент оң жақ қырында жылытқыш үстінде жату керек.

Slide 17

ӨТ АЙДАҒЫШТАР

ХОЛОГОН 0, 2 Г 1-2 ТАБ КҮНІНЕ 3 РЕТ ТАМАҚТАН КЕЙІН

ДЕХОЛИН 5 МЛ 5 ПРОЦЕНТ ЖӘНЕ 20 ПРОЦЕНТ ЕРІТІНДІ ТАМЫР ІШІНЕ

ЦИКВАЛОН 0, 1 КҮНІНЕ 3 РЕТ

Физиотерапиялық ем

1. Қыздыратын жартылай спирттік компресс

2. Оң жақ қабырға асты аймағына жылы жылытқыш қою

Slide 18

Қорытынды

Аурулардың алдын алу үшін рационалды тамақтану және тамақтану тәртібін сақтау. Белсенді қозғалыс тәртібі, асқорыту жүйесінің қабыну ауруларын емдеу, салауатты өмір салтын насихаттау, алкоголизммен, нашақорлықпен, темекі шегумен күрес жүргізген абзал.

Slide 19

Пайдаланылған әдебиет

Ішкі аурулар С. Қ. Асауова, С. Қ. Валишаева


Ұқсас жұмыстар
Асқазанның сілемейлі қабығының қабынуы
Гастроэзофагальды рефлюкстік синдром
Балалардың Гастрит, гастродуодениті
Созылмалы гастриттер және 12 елі ішек, асқазан жара аурулары. Себептері мен клиникалық көрінісі, диагностикасы, емдеу принциптері
Гастрит жіктелуі
Жіті қабынуды тәжрибеде үлгілеу
Асқорыту мүшелерінің аурулары
Асқорыту мүшелерінің патологиясы
Асқазан рагының жиілігі
Ойық жара дамуында Hp(хелико-бактер) ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz