Артериялық қан қысымы: анатомия, физиология, гипертония және гипотония


Slide 1

Артериялық қан қысымы

Slide 2

Қантамырлар- адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.

Қантамырлар:

қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар - күретамырларға,

қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырлар - Көктамырларға

оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін "микроайналым арнасының қан тамырларына" (қызыл тамырша - артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша - венула) бөлінеді.

Slide 3

Артериялық қысым жүрек-тамыр жүйелері жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қысым өзгерген кезде жүрекке жүктеме, сондай-ақ ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету деңгейі өзгереді. Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді. Дені сау адамның ең көп қысымы 100-120 мм сын. бағ., ал ең аз қысымы 70-80 мм сын. бағ. құрайды. Қан қысымының 150 мм сын. бағ. артуы гипертония деп аталады. Бұған жүйке жүйесінің зорығуы, қажу, эмоциялық күйзеліс және т. б себепші болады. Гипертонияның алдын-алу үшін тамақтану және ұйықтау режімін қадағалап, жұмыс пен демалысты кезектестіріп, салауатты өмір салтын сақтау керек. Иық артериясында қысымның 70-80 мм сын. бағ. дейін төмендеуі гипотония деп аталады. Бұл-адам өміріне қауіпті, организмнің әлсіреген іс-әрекетінің көрсеткіші болып табылады. Тамырдың соғуы-жүрек әрбір жиырылғанда пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі. Тамырдың соғуы бойынша жүректің 1 минуттағы жиырылу санын анықтауға болады. Тамырдың соғу толқынының артериямен таралу жылдамдығы, шамамен, 10 м/с құрайды. Тамырдың соғуы кәрі жілік артериясынан, табанның сырт жағындағы артериядан оңай сезіледі. Ересек адамда тамырдың соғу жиілігі тыныштық кезінде минутына 60 соққы құрайды және дене еңбегіне, эмоциялық жай-күйіне байланысты. Жүректің әр түрлі аурулары кезінде аритмия-тамырдың соғуында ырғақсыздық байқалуы мүмкін.

Slide 4 Slide 5

Артериялық қан қысымы жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Егер адамның дені сау болса, қалыпты артериялық қысыммен қан тамырларында қанның дұрыс айналымы орын алады. Артериялық қысымның физиологиялық нормадан ауытқуы адамға біраз қиындықтар тудырады. Мұндай сырқат дұрыс өмір сүруге кедергі келтіреді және науқастың іс-қимыл әрекеттерін шектейді. Төменгі артериялық қан қысымы тұқым қуалайды немесе жүре пайда болуы мүмкін. Мұндай диагнозды АҚ-ы 100/65 мм. сын. бағ. аспайтын науқастарға қояды. Көрсетілген белгіден төмен болатын кез келген мән, адам ағзасы үшін қауіпті, себебі перифериялық жүйелерде қан айналымын нашарлатады. Науқастың ағзасында жағымсыз өзгерістер орын алады, соның нәтижесінде ішкі органдар мен ұлпаларға оттегі жетіспейді. Төменгі қан қысымы немесе гипотония жүрек бұлшықетінің жеткіліксіз қысқаруына, бүйректің және қантамыр жүйелерінің ауруларына әкеледі.

Slide 6

Гипотония туа біткен және сыртқы факторлар әсерінен жүре пайда болған деп бөлінеді. Вегето-қантамырлық дистония, церебралды атеросклероз, жүрек айдайтын жалпы қан мөлшерінің төмендеуі, сусыздану, жүрек жұмысының ауытқуы, эндокринді ауытқулар, қалқанша безі бөлетін гормондардың төмендеуі және басқа да көптеген себептер кезінде қысым көрсеткіші шекті мәннен төмендеп кетеді.

Ағза айтарлықтай қатты жарақат алғанда қысым күрт төмендеп кетуі немесе салдарынан қан аздықтың пайда болуы мүмкін. Мұндай ауру түріне онкологиялық науқастар көп шалдығады, олар үшін гипотония ағзада болып жатқан өзгерістерді толықтыратын жағымсыз жағдай болып табылады.

Slide 7

Кең таралған белгілері

Гипотония өздігінен туындауы немесе басқа соматикалық аурудың зардабынан болуы мүмкін. Мұндай жағдайдың ең көп таралған белгісі ол қысымның 100/65 мм. сын. бағ. жетпеуі және ұзақ уақыт бойы сақталуы. Тері қабаты бозарып, суланып және суық болып кетеді. Эпидермисте ақ дермографизм іздері байқалады, себебі гипотониямен ауыратын адамдарда парасимпатикалық жүйке жүйесі басым болады. Оттегі жетіспеушілігінің асқынған түрі көздің астында байқалатын көкшіл көлеңкелер мен қоңыр дақтардың пайда болуына әкеледі. Гипотонияның асқынған түрі бозғылт тері қабаттарына мұрын-ерін қатпарларына және саусақ бөліктеріне көкшіл түс береді.

Кей кездері науқастар беттері мен аяқтарының іскенін, сонымен қатар шаштары түскіш және тырнақтары сынғыш болғанын байқайды. Ауруларда ІҚЖ жұмыстарының бұзылуы қалыпты болып саналады, бұлардың түрлі формалары болуы мүмкін. Ауыру сезімдері ІҚЖ-ның түрлі бөліктерінде пайда болады және кей кездері қыжыл орын алады. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеп, науқас тамақ немесе ауа кекіруі мүмкін.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет !


Ұқсас жұмыстар
Жүрек-қан тамырлары жүйесі мен аурулары: анатомия, физиология, клиника және электрокардиографиялық диагностика
Адамның қан тамырлары мен қанайналым жүйесі: анатомиясы, қызметі және қан қысымы
Жүктілік кезіндегі артериялық гипертония және дәрілердің ұрыққа эмбриофетотоксикалық әсері: клиникалық-фармакологиялық ұсынымдар
Артериялық, веналық және капиллярлық қан кету: алғашқы көмек және жүрек-қан тамыр жүйесінің негіздері
Науқастың функционалдық жағдайын бағалау: қызба, пульс, қан қысымы және тыныс алу
Артериялық гипертензияны диагностикалау және емдеудің қазіргі заманғы әдістері
Қан кетуді тез анықтау және өмір сақтау: артериялық, веналық, капиллярлық белгілер мен алғашқы медициналық көмек
Жүктілік кезіндегі артериялық гипотензия: патогенезі, клиникасы, емдеу және алдын алу
Жүктілік кезіндегі артериялық гипертензия: себептері, патогенезі, жіктелуі, диагностикасы, емдеу және алдын алу
Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz