Ветеринарлық зертхананың негізгі қызметі




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Бактериологиялық зертхананың құжаттамасы

Орындаған:
Қабылдаған:
Ветеринарлық зертхана - мемлекеттік қызмет мекемесі,
оның жұмысы мал шаруашылық сәттілігіне, малдардың
ауруы мен өлімінің алдын алуға және адам мен малға
ортақ аурулардан тұрғындарды қорғауға бағытталған.
Бағыты бойынша келесі ветеринарлық зертханалар
болады: аудандық, облыстық және республикалық.
Біздің зерттеуімізді жүргізу үшін бізге биоматериалдар
қажет. Оларға: қан, зәр, қақырық, сүт, ірің, сілекей мал
тірі кезінде алынған материал, ал мал өлгеннен кейін
алынған материал- паренхиматозды мүшелердің тілімен
басқа ұлпалары, сонымен бірге қоршаған орта
объектілерінен алынған сынамалары санитарлы –
бактериологиялық зерттеуге жіберіледі. Алынған
биоматериалды бактериологиялық, вирусологиялық,
сереологиялық, гистологиялық әдістерімен зерттейді.

3
Ветеринарлық зертхананың негізгі қызметі
1. Жануарлар аурулары диагностикасы бойынша референттік
қызмет.
2. Ұлттық жинақтама жүргізу.
3. Мемлекеттік мониторинг, азық- түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
4. Ветеринарлық препараттар, жем- шөптер мен жем-шөптік
қоспалардың мониторингі.
Ветеринарлық зертхананың мақсаты
1.Қазақстан Республикасы аумағында ветеринария саласында
диагностикалық зерттеулер жүргізу.
2. Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде
эпизоотикалық мониторинг мақсатында жабайы жануарлар мен
құстарды жою.
3. Ветеринарлық бағытта әзірленген препараттардың ғылыми-
техникалық құжаттамаларын сараптама жасау және
зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша әдістемелік
нұсқаулар дайындау.
4. Жұқпалы, инвазиялық ауру немесе улануға күдік болған
жағдайда ауру себебін, жануарлардың қырылу себебін анықтау. 4
5
Міндеті –ауыл шаруашылық жануарлардың терісі бағалы аңдар,
балықтар және аралар арасындағы кездесетін аурулардың
диагностикасын өткізу, нақты балауы, сонымен қатар ет, сүт және
басқа азық түлікті және жем- шөпті сараптаудан өткізу.
Зерттеу нысыны-ауыл шаруашылық жануарлары мен құстар,
жабайы жануарлар мен құстар түрлері, әртүрлі номенклатурадағы
бактериялар, жем-шөп, су, топырақ және басқа да ветеринарлық
бақылау нысандары болып табылады.
Зерттеу әдістері-зерттеулер жүргізу барысында серологиялық,
бактериологиялық, молекулалық-биологиялық, биохимиялық,
токсикологиялық, және радиологиялық зерттеу әдістері
пайдаланылады.

7
Ветеринарлық зертхана екі бөлімнен тұрады:
жануар ауруларының диагномтика бөлімі және
азық қауіпсіздігі бөлімі. Оның ішінде- қабылдау
бөлмесі, паталого анатомиялық, сереологиялық,
бактериологиялық, вирусологиялық,
паразитологиялық, радиобиологиялық,
токсикологиялық, азық микробиологиялық
бөлімдері.

9
Әрбір зертханада бірнеше бөлімшелер болады:
1.Бактерия не вирустың жеке тобымен жұмыс істейтін
бокстар.
2.Сереологиялық зерттеуге арналған бөлімше.
3.Қоректік ортаны дайындауға арналған бөлімше.
4.Стерилизация мен ыдыстарды жууға арналған
бөлімше.
5.Тәжірибелік және сау жануарларды ұстайтын бөлме.
6.Тапсырылған анализді қабылдап тіркейтін бөлім.
7.Киім ауыстырып сақтайтын бөлме.

11
Ветеринарлық мекеменің микробиологиялық , бактериялық
зертханасында инфекция ауруының қоздырғыштарымен жұмыс
істеген соң, оның жұғып кетуінен сақтану үшін қатаң түрде ішкі
тәртіпті сақтау керек:
1.Лабораторияға жұмыс істеуге кіргенде міндетті түрде халат,
қалпақ, аяқ-киім, ауыстыру керек. Жұмысты тек арнайы киіммен
өткізу керек.
2.Лабораторияда тамақ ішуге, темекі тартуға тыйым салынады.
3.Жұмыс орны тәртіаке сай жинақты болуы керек, қызметкерлердің
артық заттары арнайы бөлмеде сақталуы керек.
4.Жұмыс біткеннен кейін қолды сабынмен жуып, қажетті жағдайда
дезинфекциялық ерітіндісімен шаю керек.
5.Тек залалсыздардырылған ыдысты қолдану керек.
6.Жұмыс істеу алдында және соңында жұмыс орнына дезинфекция
жасайды.

13
Әрбір лаборатория мына құрал-жабдықпен жабдықталады:
биологиялық иммерцияонды микроскоп, қосымша көмекші
құралдар мен жарықтандыру- фазалық құрылым, сонымен қатар,
люменесценттік микроскоп, термостат, анаэростат, автоклав, кох
аппараты, кептіру шкафы, дистилятор, центрифугалар, сүзгіш
аппараттар, зейц сүзгіштері, тоңазытқыш, дәрілік мақта,
бактериологиялық ілмек, шпатель, ине, пинцет, скальпель және тағы
басқа. Зертханалық ыдыстар, химиялық стакандар, колбалар, Петри
табақшасы. Лабораторияның барлық бөлмелері желдеткішпен және
канализация, электроэнергиямен қамтамасыз етілуі керек.

Бактериялогиялық зертханада келесi құжаттар болуы
тиiс:
1. Бактериялардың мұражай штамдарының мүлік кітабы.

2. Материалдың зарарсыздандыруы, жойылуы,
жұқтырылуы туралы кітап есебі.
3. Зақымдалған затты залалсыздандыруы және жоюы
туралы есеп кітабы .
4 . Зертханалық бактериалды материалдың қозғалуы
туралы есеп кітабы .
5 . Бөлініп алынған бактериялардың есеп кітабы .

Алған көңіл-күйіңіз?
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Стандартты микробиологиялық зертхана
Бактериологиялық лаб
Микробиологиялық зертхана құрылымы
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ
Микробиологиялық зертхана. Бактериологиялық лаб
Микробиологиялық зертхана бөлмелері
Жеке ветеринариялық қызметті жүргізуге құрылтайшы құжаттардың жиынтығын құрастыру
Астана медицина университеі
Қан тізімін өңдеу журналы
Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Пәндер