Стресс туралы ілім


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті СӨЖ Тақырыбы:Клиникалық жұмыс жағдайында ұрыс-керіс және стресс пайда болуы Орындаған: Қабылдаған:

Slide 2

Стресс

Қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адам мен жануардың ерекше күйі. Жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріен байланысты стресстің бірнеше түрлері анықталады

Slide 3

Стресс туралы ілім

Ганс Сельемен негізі құралған қазіргі медицинаның ең басты бөлімдерінің бірі. Ганс Селье 1926 жылы әр түрлі өзін нашар сезінумен зардап шегетін аурулар туралы алғашқы бақылауын жазды. Бұндай аурулардың бәрінде тәбеттің болмауы, бұлшық ет әлсіздігі, АҚҚ жоғарылауы, жетістікке талпынудың жоғалуы сияқты өзгерістер байқалады. Ол оны дай ауру синдромы сияқты белгіледі. Ол көптеген адамдар мен жануарлар ағзасында ауырған кезде біртекті байқалатынын көрсетті:бүйрек үсті безінің қыртысындағы өзгеріс, лимфоидты тіннің құлдырауы, асқазанның жаралануы. Ағза ішіндегі барлық мұндай өзгерістердің жиынтығын сипаттау үшін ол күйзеліс түсінігін енгізді. Осыдан кейін ол ұзақ жылдар бойы зерттеу медициналық және хирургия институтында және кейіннен стресстің халықаралық иститутын болған. Монреальда жұмыс істеді. 1936жылы Г. Селье өзінің стресс туралы түсінігін құрастырған кішкене статьясын жазды және бір мезгілде “Әр түрлі зақымдаушы себеппен шақырылатын стресс” және “Жалпы бейімделу синдромы” және “Биологиялық стресс синдромы” деген жаңа ұғымдарын енгізді.

Slide 4 Slide 5

Стресс түрлері

Жедел

Созылмалы

Жедел стресте қорғаныс механизмдері қысқа уақытты-тек тітіркенгіштік әсер еткенде қосылады.

Созылмалы стресте организмге ұзақ уақытта әсер етеді.

Slide 6

Ұзақтайтын көтеріңкі көңіл күйде болуға әкеледі, оның өзі организмге жақсы әсер етеді:иммунитет артады, аурулардың беті қайтады, адам мен жануар қуаныш толысуын сезеді, өте жақсы көрінеді және тамаша сезінеді.

Дағдылы қалыптан ұзақ уақытқа шығарып тастайды және денсаулығына елеулі зиян келтіреді

Жағымды стресс

Жағымсыз стресс

Slide 7 Slide 8

Күйзеліске нелер түрткі болуы мүмкін?

Физикалық түрткілер: ыстық, суық, шу, от, жол қозғалысы, зорлық - зомбылық, аурулар, жұмыс жағдайларының нашарлығы және т. б.

Әлеуметтік түрткілер: қоғамдық, эконоикалық және саясаттық; отбасылық; жұмыспен, мансаптылықпен байланыстылар;

Отбасылық түрткілер: міндеттерді бөлу, қызғаншықтық, құндылықтар жүйесіндегі өзгешелік, аурулар

Slide 9 Slide 10

Стресстің (күйзеліс) бірнеше сатылары болады. Олар:

Бірінші (үрейлену сатысы)

Екінші (қарсыласу сатысы)

Үшінші (әлсіреу сатысы)

Slide 11

Қажу- шаршау жағдайының дамуымен бірге жүретін сезіну. Мөлшерден артық әсердің нәтижесінде дамитын, уақытша жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сипатталатын адамның физиологиялық жағдайы.

Қажу интеллектуалды еңбектің өнімі төмендеуімен, назардың әлсіреуімен, ойлаудың кешеуілдеуімен сипатталады.

Slide 12

Қажу

Физикалық

бұлшықет функциясының бұзылуымен: күштің, жылдамдықтың, дәлдіктің, қозғалыстың келісімділігі мен ырғақтылығы төмендеуімен сипатталады.

Психикалық

Бұл ойлау қажуының тұрақты психикалық күш түсумен, үлкен жауапкершілік сезімімен ұштасқан кезінде болады. Ересек балаларда психикалық өте қажу шамадан тыс толқу және жауапкершіліктің әр тектілігі кезінде болады.

Қажудың пайда болуы мен себептерін негізгі үш ұғыммен сипаттауға болады:

Күш түсу:қажу бір немесе бернеше түрлі физикалық немесе психикалық күш түсулер нәтижесі болып табылады.

Жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі: қажу психикалық жұмыс қабілетінің қысқаруына әкеледі.

Қайтымдылық: қажу қайтымды, оның әсері қайтымды сипатта болады.

Slide 13

Қауіп-қатер факторлары және оның ағзаға әсері

Қауіп-қатер факторларын сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Біріншісіне физикалық активтілі төмен өмір салты, жоғары колориялы қаныққан майлар мен холестеринге бай тағамдарды қолдану, урбанизация.

Ішкі қауіп-қатер факторларына артериалды гипертензия, көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы, өзіндік психологиялық тип жатады.

Артериалды гипертензия ЖИА даму мүмкіндігін 5-6 ретке жоғарлатады, миокард инфарктісі кезінде өлімге жиі әкеледі.

Атеросклероздың өршуі өмір ұзақтығына әсер етеді.

Психологиялық факторлар әртүрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді.

Slide 14

Қажу әр түрлі формада пайда болуы мүмкін. Қолданушының қажуының түрін және осы қажудың өту интенсивтілігін дұрыс анықтау керек.

Қолданушының қажуының келесі түрлерін және себептерін ажыратады:

а) Көру қажуы дисплей алдында жұмыс істеу кезінде көру жүйесіне күш түсу нәтижесінде болады.

б) Бұлшықеттік қажу бұлшықетке статикалық күш түсу кезінде болады.

в) Жалпы қажу ағзаға жалпы психикалық күш түсу және жұмыс жылдамдығына байланысты болады.

г) Психикалық қажу рухани күш түсу нәтижесінде болады.

д) Созылмалы қажу қажудың бірнеше түрлерінің комбинирленген әсерінен болады.

е) Субъективті қажу сезімі компьютер алдындағы жұмыс кезінде ақпараттық ағымның ұзақ әсерінен болады.

Slide 15 Slide 16

Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты қамтылады.

Басшылар мен оған бағынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас ғылымда да, практикада да өзекті мәселе. Мұнда басқарудың стилі, басшының абыройы, сый-құрметі, ұжымда социал-психологиялық жағдай-климат жасау мәселелері үлкен мәнге ие.

Slide 17

Басшы мен бағынушы арасындағы қақтығыс себептері 2 түрге бөлінеді.

объектив

субъектив

Slide 18

Объектив себептер:

Қатынастың субординациялық характері функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашан да қақтығыс тудырады;

«Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес;

«Тікелей басшы-бағынушы» арасында әрқашан да қақтығыс бар;

Борыш, құқық пен міндет тең болуы қажет;

Басшының сезім және профессиональдық жағдайда бейімделгенінің күрделілігі және т. б.

Slide 19

Субъектив себептер:

Басқарушыға тән себептер: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау т. б;

Тұлғалық себептер: қатынас жасау мәдениеті төмендігі, өз міндетін шын ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану, жеке психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар келіспеушілігі (қарсы келу, эмоциялық тұрақсыздық, күйіп-пісу, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлыптарының ұнамсыздығы және т. б. ) ;

Қақтығыстың тұлғалық себептері, олардың жеке психологиялық ерекшеліктерімен байланысты (екі тұлға арасындағы) .

Slide 20

Ол себептер төмендегідей:

Өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау;

Социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы;

Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі;

Басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы) ;

Өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, есептеу, сынақ нәтижесінде өзгелерді жоғары кемсіту, кекету, жоғары талаптар қою;

Темпераменттің холерик типі қасиеттерінің болуы және т. б.

Slide 21

Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себептерге негізделеді. Олар:


Ұқсас жұмыстар
АУРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Стресс факторлары
Эмоционалды стресс
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ЖАЙЛЫ
Стресстің түрлері
Стресстен арылу жолдары
Стресске тұрақтылық түсінігі
Стресстің кезеңдері
Стресс ұғымы
Стресс және гомеостаз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz