Стафилококктардың жіктелуі




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Стафилококк тудыратын аурулар

Орындаған:
Қабылдаған: Нургожаева Г
Негізгі сұрақтар:
1. Стафилококктардың жіктелуі.
2. Стафилококтардың қасиеттері.
3. Стафилококтардың патогенді факторлары және аурудың
патогенезі
4. Стафилококкоздардың зертханалық балау әдістері.
5. Иммунитет
6 Стафилококкоздарға қарсы қолданатын биопрепараттар.
Стафилококктардың жіктелуі.

Стафилококктарды бірінші болып 1880 ж. Л. Пастер фурункулдың іріңінен бөліп алды.
Бұл зерттеулерді 1884 ж. Ф.Розенбах жалғастырды.
Стафилококктардың және микрококтардың токсономиясы бойынша халықаралық
комитетпен (1976) стафилококктардың түрлік құрамы бекітілді:
Staphylococсus aureus, Staphylococсus epidermidis, Staphylococсus saprophyticus. Ең
зардаптысы Staphylococсus aureus болып табылады.
Стафилококктар адам мен жануарларда абсцессті, флегмонаны, артритті, жарақаттардың
іріңді қабынуларымен шақырылады. Сиырларда стафилококктік мастит пен эндометрит
үлкен экономикалық шығынға ұшырайды. Жылқыларда, шошқаларда және сирек ірі
қара малда стафилококктар піштірілгеннен кейінгі ен қанатшасында флюктуирленген
іріңді ошақтардың түзілуімен сипатталатын батриомикозды шақырады.
Құстар стафилококктік індетке резистентті деп саналады. Бірақ та тауықтарда құстардың
жаппай қырылуымен өтетін стафилококкпен шақырылған септикалық аурулар туралы
жазылған.
Өнімдердің ластану нәтижесінде (сүт және ет өнімдері) экзотоксин (энтеротоксин) бөлетін
уытты стафилококктармен адамдарда жаппай тағамдық улануы байқалады.
Морфологиясы

Стрептоккоктар шар тәріздес формалы дұрыс емес жиналу
түзетін, жүзім шоқтарын еске түсіреді. Бірақ та іріңді
эксудатта кокктардың шоғымен қатар жеке, жұп, ал кейде
кокктардың қысқа тізбекшелері кездеседі. Зардапты
стафилококктардың диаметрі 0,5 – 1,5 мкм. шамасында
болады. Сапрофитті стафилококктар ірі көлемді болып
келеді. Капсула, спора, талшықтар түзбейді. Қозғалмайды.
Грам оң. Стафилококкалар кәдімгі анилин бояуларымен
оңай боялады.
Қоректік ортада өсуі.

Стафилококктар аэробтар және факультативті аэробтар. Қарапайым қоректік орталарда
7,2 – 7,4 pH-пен 35 – 37°C температурада жақсы өседі. Агардың бетінде 2 – 4 мм
диаметрі дөңгелек алтын – сары, лимонды – сары және ақтүстес шырынды тізбектер.
Сорпада өсу ортаның айтарлықтай бұлыңғырлануымен және тұнбаның көбірек
құлауымен өтеді. Стафилококктардың көпшілігінің уытты штамдары қанды агарда
тізбектердің айналасында гемолиздің сызылған зонасын түзеді. Стафилококктарды
тығыз қоректік орталарда өсіргенде: агарда, желатинда, картопта, ұйыған сарысуында
пигменттердің (ақ, алтын сияқты, сирек лимонды - сары) түзілуі кездеседі
Стафилококктар мен бөлінетін пигментерде суда ерімейтін липохром (каротин тобынан)
болады, олар спиртте, эфирде, хлороформда және бензинде ериді. Пигмент ауа оттегісі
жеткенде ғана түзіледі. Стафилококктарға тән қасиет - 15% натрий хлоридінен немесе
40% өттен тұратын қоректік орталарда көпшілік штамдардың өсу қаблеті.
Биохимиялық қасиеттері

Стафилококктар қышқылдыңтүзілуімен газсыз глюказоны,
фруктозаны, сахарозаны, мальтозаны, ксилозаны, маннитті
ыдыратады, салицинді, дульцитті, инулиді, рафинозаны
бөлмейді. Олар уреазаны, каталазаны, күкіртті сутекті
продуцирлейді, нитраттарды нитриттерге айналдырады,
крахмалды, инсулинді ыдыратпайды, индол түзбейді.
Зардапты стафилококктарда протеолитикалық
ферменттердің болуы олардың қасиеттерінің желатина мен
ұйыған қан сарысуын сұйылтуға, сонымен қатар кәдімгі
және лакмус сүтін пептондауға және ұйытуға себепкер
болады.
Стафилококктардың жіктелуі

Бергидің(1974) бактериаларды анықтайтын 8-ші басылымда Staphylococcus
қатарына 3 түрі кіреді: St. aureus, St. epidemidis, St. Saprophyticus олардың
өздерінің ерекшелігі барБірқатар зерттеушілер ажыратылмаған
(идентификацияланбаған) коагулазотеріс стафилококтардың жүйелі түріне
жаңа токсиндерді енгізу жолымен жіктелуін ұсынды. Олар адамдардың, үй
және жабайы жануарлардың терісінен бөлінген 8 жаңа коагулазотеріс
стафилококтардың түрін жазды. Кейбір атаулар түрлердің маңызды сипатын
ашады, басқалары – сәйкес штамдардың бөліну көздерін, үшіншілері – жеке
тұлғалардың атын көрсетеді. Жіктелу микробиологтардың арасында
барынша үлкен мәнге ие.
Төзімділігі.

Барлық спора түзбейтін бактериалардың арасындастафилококтар
физикалық және химиялық факторларға ең төзімдісі. Олар құрғатуды
және қатыруды жақсы көтереді. Іріңді эксудатта, шаңда, қида ұзақ
уақыт тіршілікке қабілеттілігін сақтайды. Тікелей түскен күн сәулесі
оларды тек бірнеше сағаттардан кейін ғана өлтіреді. 70 - 80ºC-қа дейін
қыздырғанда олар 20 – 30 минуттан кейін, ал қайнатқан кезде бірден
өледі. Дезинфекциялаушы дәрілермен 1% - ті формалин ерітіндісі және
2% - ті күдіргіш натрдың ерітіндісі стафилококтарды 1 сағаттың
ішінде, ал 15% - ті хлормен 2-5 минуттың ішінде өлтіреді.
Зардаптылығы.

Стафилококтар–іріңдеудің негізгіқоздырғыштары. Олар ірі қара мал мен қойларда тері асты
абсцессінің, фурункулдың, карбункулдың, флегмонанның, іріңді коньюктивиттің,
стафилококтық маститтердің негізгі себепкерлері болып табылады. Стафилококтық індеттің
ең ауыр түрлеріне: пневмония, менингит сонымен қатар сепсис және септикопиемия сияқты
ішкі мүшелердің зақымдануымен байқалатын аурулар жатады.
Жануарлардан стафилококтық індетіне ең бейімдісі болып жылқы, одан кейін ит, ірі қара мал,
қой, ешкі, шошқа сияқты реттілікпен айтуға болады, ал төзімдісі құстар болып табылады.
Зертханалық жануарлардың арасынан қоянды оңай жұқтыруға болады: стафилококтың уытты
өсіндісін ішке енгізгенде олар екі тәуліктен соң өлімге ұшырайды. Сойып қарағанда бәрінен
жиі бүйректе, миокардта, сүйек кемігінде, сирек өкпеде, буындарда көптеген абсцесстер
байқалады. Абсцесстен стафилококтың таза өсіндісі оңай бөлінеді. Стафилококтың өсіндісін
қоянға тері астына және тері ішіне енгізгенде егу орнында абсцесстер пайда болады.
Стафилококтардың уыттылығы бірқатар факторларға
байланысты. Токсин түзу және плазмокоагуляция қабілеті
бойынша стафилококктың бөлінген өсінділерінің
уыттылығын анықтайды. Штамның улағыштық дәрежесі
бойынша олардың зардаптылық қасиеттерін талдайды.
Келесі стафилококтық токсиндерді ажыратады:
1) гемотоксин;
2) лейкоцидин;
3) өліммен аяқталатын токсин;
4) некротоксин;
5) энтеротоксин.
Патогенезі.
Стафилококтар жануарларда әр түрлі аурулар шақырады, бұл жағдайда
жергілікті іріңді қабынумен, басқа жағдайда қанның жалпы зарарлануымен
сипатталады. Стафилококтық індеттің патогенезі қоздырушының қасиеті
сияқты, микроорганизмдердің иммундық жүйесінің жағдайымен де
анықталады. Жануарлар организміне зардапты стафилококктар әр түрлі
жолдармен енуі мүмкін. Стафилококтық індеттің дамуы көбінесе тері және
тері астыклетчаткасында өтеді, ол нәтижесінде пиодермитті, карбункуланы,
флегмонаны, лимфангитті, жарақаттық індетті тудырады. Клегейлі
қабықтың зақымдануында энтерит, эндометрит дамиды. Стафилококтық
індеттің ауыр формаларына жекелеген мүшелердің зақымдануымен өтетін
аурулар жатады: маститтер, пневмония, артриттер сонымен қатар
септицемия және септикопиемия. Патологиялық процестердің дамуына
зардапты стафилококктың тіршілік әрекетінің өнімдері мен организмнің
улануы орын алады.
Антигендік құрылымы.
Стафилококтар әр түрлі антигендерібар, олар негізінен
торшаның қабырғасында шоғырланады. Антигендер болып
шейхтық қышқылдар, пептидогликан, А ақуызы саналады.
Стафилококтардың энтеротоксиндері антигендік құрылымы
бойынша 5 сероварға бөлінеді: А, В, С (С1 және С2), Д және
Е. Олардың барлығы қарапайым, өсінділік сұйыққа
ақуыздармен синтезделеді.
Стафилококтардың антигендері агглютинация,
преципитация, тура емес гемагглютинация реакцияларында
анықталады.
Диагностикасы.

Диагноз бактериологиялық әдістің негізінде қойылады.
Стафилококтық індеттерді зертханалық диагностикасында
зерттеу үшін материалдар болып абсцессің іріңдері, қан, мастит
кезіндегі сүт, эндометритте жыныс мүшелерінен бөлінділер
және т.б. саналады. Патологиялық материалдан жағынды
дайындап, Грам бойынша бояйды және микроскопиялайды. Бір
уақытты ет – пептонды агарда және 5% - ті қанды агарда
стафилококтың таза өсіндісін бөлуді жүргізеді. Бөлінген
өсіндіні идентификациялау өсінділік және биохимиялық
белгілері бойынша жүзеге асырады. Стафилококтардың
зардапты және зардапты емес штаммдарын ажыратқанда
төменгіде көрсетілген белгілердің кешенін есепке алады.
Қасиеттері Зардапты Зардапты емес
Гемолитикалық + -
Желатинді
+ - Зардапты стафилококтар
ыдырату
дифференциациялағанда 22 типті
Маниттің
ферментациялануы
+ - бактериофагтардың жиынтығымен
Плазмокоагуляция + -
стафилококтарды фаготиптейді
пайдаланады, олар лизистық туыстығы
Дермонекротикал
ық
+ -
бойынша төрт топқа бөлінеді.
Лейкоцидиннің
түзілуі
+ - Фаготиптеудің көмегімен әр түрлі
Гиалуронидазаның
+ -
көздерден бөлінген стафилококктарды
түзілуі
Фибринолизиннің
идентификациялауға болады.
+ -
түзілуі
Трегалозаның
+ -
ферментациясы
а - токсин + -
Пигменттерді түзу Көбінесе Көбінесе ақ
алтын сияқты немесе лимонды
сары
Иммунитет.
Стафилококтык індеттерде иммунитет көбінесе
антитоксикалық болып келеді. Стафилококтық індетімен
ауырып жазылған жануарлардың қанында антитоксиндер
жиналады, ол организмнің қайтадан ауруына төзімділігін
арттыруға себепкер болады. Жануарлар қанында
антитоксиндердің табылуы стафилококтарға иммунитеттің
күштілігін көрсетеді.
Биопрепараттар.
Стафилококтармен шақырылатынаурулардың профилактикасы бірнеше бағыттан тұрады.
Оларға індет көзімен күрес шаралары, таратушыларды белсенді табу және емдеу. Індеттің көзі
болып тек қана іріңді – қабынған процесті жануарлар ғана емес, таратушылар да болып
табылады, оларды емдеу әбден қиынға соғады.
Стафилококтық індеттермен күресте биопрепарат ретінде стафилококтық антивирус және
анатоксин, аутовакцинаны қолданады.
Аутовакцина 1–1,5 сағат 70 – 75ºC температурада жылытылған ауру жануардың мүшелерінен
бөлінген агарлы өсіндінің шайындысы болып табылады. Аутовакцинаны негізінен шоқтықтың
іріңді бурситтерін және өзге де ұзаққа созылған процестерді емдеу үшін ұсынады. Вакцинаны
үдемелі дозаларда 5 – 7 күн аралықпен тері астына егеді.
Стафилококтың 2 – 3 апталық сорпалық өсіндісінің сүзбесі стафилококтық антивирусты және
стафилококтық бактериофагтың қоспасы жергілікті іріңді – қабыну процестерін: абсцесс, іріңді
коньюктивит, іріңді жарақаттарды (суландыру, таңғыштар, тампондар) емдеуге қолданылады.
Стафилококтық анатоксинді 0,3 – 0,5% -ті формалинмен 7 – 28 тәулік бойы әсер ету жолымен
алады. Препаратты терінің стафилококктық зақымдануларын және фурункулездің алдын алу
үшін, стафилококктық маститті емдеуге қолданады.
Емдеу.

Стафилококктық этиологиялы–септикалық
жарақаттыіндетті, абсцесстер, флегмоналар, дерматит,
стафилококтық мастит сияқты әр түрлі ауруларды
емдеу үшін кең спектрде әсер етуші антибиотиктер
(тетрациклин, террамицин, новобицин,
хлорамфеникол, эритромецин), сонымен қатар
сульфаниламидтік және нитрофурандық
препараттарды пайдаланады.
Назарларыңызға рахмет қо
конретно!

Ұқсас жұмыстар
Стафилококктардың биохимиялық активтілігімен антигендік қасиеттері
АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ӘСЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАНУАР ОРГАНИЗМІНІҢ ТІНІНДЕ ЕМЕС, МИКРООРГАНИЗМ ЖАСУШАСЫНДА
Қиды залалсыздандыру туралы
АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ
Тығыз қоректік орта
Ауруханаішілік инфекция
Стафилококктардың патогенді ферменттері
АУРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
ДИСПЕРСТІ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ КЕҢІСТІКТІК ҚҰРЫЛЫМДАР
Бейорганикалық заттардың жіктелуі
Пәндер