Ауру ағымы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті СӨЖ Тақырыбы:Сіреспе. Орындаған: Қабылдаған: Нургожаева Г

Алматы-2019

Slide 2

ЖОСПАР

1. Сіреспе туралы жалпы түсінік. Морфологиясы

2. Өсімділік қасиеті.

3. Биохимиялық қасиеттері.

4. Антигендік қасиеті.

5. Төзімділігі.

6. Патогендік факторлары.

7. Клиникалық белгілері.

8. Патанатомиялық көрінісі.

9. Диагноз қою әдістері.

10. Алдын-алу.

11. Емі.

Slide 3

Сіреспе (tetanus) - бұл жедел ерекше инфекциялық ауру. Сіреспе- нейротоксиндердің әсерінен ағзадағы бұлшық еттердің уланы, қозғалтқыштық қызметінің бұзылуымен сипаталатын ауру. Сіреспемен ауыл шаруашылық малдарының барлық түрі, сонымен қатар адам да ауырады, көбінде қойлар мен жылқылар.

Қоздырушысы. Сlastridium tetani- ұзындығы 4-8 мкм, ені 0, 4-0, 8 болатын қозғалғыш таяқша. Капсула түзбейді, Спора түзеді. Анилин бояуларын қабылдайды. Грамм оң боялады, ескі өсінділерінде теріс боялады(Спорасы- барабаан таяқшасына ұқсас келеді) .

Тетаноспазмин жүйке жасушаларына әсер ете отырып, көлденең салалы бұлшықеттердің тоникалық және клоникалық тырысуларын шақырады. Тетаногемолизин эритроциттерді гемолизге ұшыратады. Сіреспе таяқшасы денеге зақымдалған тері және шырышты қабықтар арқылы түседі.

Slide 4

Қоздырғыштары.

Slide 5

Өсінділік қасиеттері.

Қоздырушы. 7, 2-7, 4 рН-ында 37С -та Кит-Тароций ортасында біркелкі лайланып газ түзіп өседі(48 сағ дейін термостатта ұстаған кезде) . Ми қосылған агарда қара түске айналап лайланады. Қан, қант қосылған қанды агарда шеті кедір - бұдыр R формалы мақта тәрізді колониялар түзеді.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Биохимиялық қасиеті.

Желатинді сұйылтады, сүтті ұйытады. Эндол түзбейді, нитратты нитрит қалпына келтіреді. Clostridium tetani-дің ферментативтік белсенділігі мардымсыз - моносахаридтер мен көптомды спирттерді ыдыратпайды. Бауыр бөліктері салынған сұйық қоректік ортада өсіргенде немесе пісірілген жұмыртқаға себінді жасаған кезде протетеолиз болмайды. Тек кейбір жекелеген штамдары ғана глюкозаны ыдыратады. Барлық штамдары сүтті ұсақ түйіршіктер түзе отырып баяу ашытады.

Slide 10 Slide 11

Ауру ағымы

Аурудың жасырын кезеңі 1-3 аптаға созылады, кейде алғашқы белгілері жарақаттанғаннан кейінгі бірнеше күн ішінде де байқалуы мүмкін. Ауру ағымы жіті: 7-10 күн, кейде одан да қысқа. Осы уақыт ішінде жылқы өлмесе, әдетте, суығуға бет бұрады. Алайда баяу, біртіндеп сауығады. Бірталай уақытқа дейін жануардың жүріп-тұруы және азықтануы, әсіресе азықты шайнауы қиын болады. Аурудың осындай салдары 1-1, 5 айға дейін жалғасуы мүмкін. Өлімге ұшырау қаупі жоғары, 50 % және одан жоғары.

Slide 12 Slide 13

Клиникалық белгілері

Ауру жануардың жүрісінен жаңылып, шатқаяқтауынан басталады. Аяқтарының иілуі нашарлауы салдарынан лақтырып, кең тастап қозғалады. Әсіресе бұрылуы мен артқа қарай отыруы қиындайды. Бүкіл денедегі бұлшық еттер тартыла бастайды да ақырында қатайып, қимылы азаяды. Осының салдарынан сіреспеге ұшыраған жануардың түр-сипаты белгілі: басы мен мойны алға және жоғары созылады (опистотонус), жағы қарысады (тризм), танауы делдиеді, құлақтары қимылсыз қалады, құйрығы қатты, көтеріңкі және созыңқы, үшінші қабағы салбырап, көзінің бір бөлігін жауып қалады, қарашығы кеңейеді. Аяқтары қатаяды және шатқаяқтап тұрады. Аракідік бұлшық еттердің қатайуы босаңсиды, бірақ қандай да бір тітіркенуден кейін (сипау, дыбыс, жел) қайтадан тартылады. Тыныс жолдарындағы бұлшық еттердің тартылуы салдарынан тыныс алуы үстіртін және жиі. Дене температурасы қалпында болады, өлуге таянғанда көтерілуі мүмкін.

Ауру қоздырғышын жұқтыру жануарды пішу, жүн қырқуда қайшымен жарақаттау, қозылардың құйрығын кесу кезінде асептика мен антисептика ережелерін тиісінше сақтамаған күнде жүзеге асады. Осыған байланысты қойлардың сіреспемен ауруы жоғарыдағы операциялардың өту кезеңіне байланысты маусымдық сипатқа ие.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Токсин түзу қабілеттілігі

Сіреспе қоздырушысы екі компоненттен тұратын күшті у түзеді: тетаноспазмин (нейротоксин) және тетаногемолизин. Тетаноспазмин адамдар мен жануарлардың жүйке жүйесіне әсер етуімен және көлденең жолақ бұлшық еттердің жиырылуына әкеп соқтыруымен басты өлімге ұшырататын компонент болып табылады. Тетаногемолизин жануарлардың барлық түрінің эритроциттерін ерітіп жібереді.

Slide 17

Клиникалық көрінісіне байланысты 4 түрін ажыратады:

Жедел сіреспе -tetenus vehemens;

Созылмалы - tetanus lentus;

Сіреспенің айқын түрі - tetanus completus

Сіреспенің баяу түрі - tetanus incompletus

Slide 18 Slide 19

Тырысулық ұстамалар бірінен соң бірі және қатты ауру сезімімен өтетін бұлшықеттің спастикалық қысқаруы. Бұлшықеттің жоғары тітіркенуі тоникалық және клоникалық тырысуы әлсіз әсердін өзіненде болады ( жарық, қатты сөйлеу, жақындау, соғылу) . Ұстама дененін бүкіл бұлшықетіне тарап, жиі мәжбүрлік жағдайға алып келеді. Арқа, мойын, аяқ-қол бұлшықетінің спастикалық қысқаруы тұлға мен аяқ-қолдың тез жазылып, науқас арқасымен доға тәрізді иіледі, керуетке тек желкесі мен өкшесі тиеді. Мұндай қалыпты - «опистотонус» деп атайды. Кей жағдайда бұлшықеттердің қысқарып тырысу күші сүйектердің жарылуына және сынуына алып келеді. Зәр мен нәжіс тоқтап қалады. Тырысуға қабырғааралық бұлшықеттер мен диафрагма қатысуы мүмкін. Осы кезде тыныстың бұзылыстары, өкпенің желдетуінің бұзылыстары, асфиксиядан өлімге әкелуі мүмкін, сонымен қатар аспирациалық пневмония дамуына жағдай жасайды.

Slide 20 Slide 21

Патологоанатомиялық белгілері

Патологоанатомиялық сойып зерттеу арқылы бұл ауруды балауға септігін тигізетін көзге түсе қоятын айрықша өзгерістерді атап айту қиын. Кейде кілегей қабықтардың көгергенін, тері асты клетчаткасындағы қан тамырларының қанға толып қалғандығын, қошқыл, нашар ұйитын қанды аңғаруға болады. Кеуде және құрсақ қуыстарында әртүрлі мөлшерде мөлдір, сарғыш түсті жалқаяөты кездестіруге болады. Қайбір жағдайда осы өзгерістерге өкпенің домбығуы қосылады: өкпесі ұлғайып, қамыр тәрізді күйге енеді, түсі күңгірт қызылданады, кескенде көбікті қан ағады. Жүрек бұлшық еттері майлы дегенерацияға ұшырайды. Эпикард пен эндокардтың асты қанталағанын көруге болады. Орталық жүйке жүйесінде де аздаған өзгерістерді байқауға болады. Кейде ми қабының қан тамырлары қанға толады, қанталау немесе нүктелі қанталау мидың өзінде де кездесуі мүмкін. Әйтсе де мидағы бұл өзгерістер үнемі кездесе бермейді, көбінесе сойып зерттеу кезінде ми мен жұлында тіпті микроскоптық өзгерістерді аңғару мүмкін емес.

Slide 22

Індеттік мәліметтер және жұғу жолдары

Сіреспе клостридалары өте кең таралған. Топырақ, шаң-тозаң, малдардың қилары, әсіресе жылқының қиы - сіреспе қоздырғышының спораларымен көп жағдайда ластанған болып келеді. Осыдан барып жарақаттарға қоздырушының жұғу мүмкіндігі арта түседі. Бірақ қоздырушының кең таралғанына қарамастан малдардың салыстырмалы түрде бұл ауруға сирек шалдығуын қоздырғыштың өсіп-өнуі үшін айрықша ауасыздық жағдайдың (терең шаншылған немесе жыртылған жарақаттар) қажеттігімен, осыған байланысты ауасыздық жағдай жоқ үстіртін, беткейлік жарақаттарда оның тіршілік етуі мен у түзуінің мүмкін еместігімен түсіндіруге болады. Сондай-ақ жұтқыншақ пен ішектегі лимфа түйіндері арқылы аутоинфекцияның дамуы мүмкін. Егер бұл жерлерде клостридалар көбейіп және у түзетін болса ол организмге тарап, жануар уланады.

Slide 23

Ауруды балау барысында нені ескеру керек

Сіреспені балау кезінде клиникалық белгілердің шешуші маңызы бар. Клиникалық белгілердің ішінде бүкіл денедегі бұлшық еттердің тартылуы, соның салдарынан құйрық, бас, құлақтар, танаулары, үшінші қабақтары, аяқтарының өзіне тән ерекше кейіпке енуінің балаулық маңызы бар. Жануар шатқаяқтап, тәлтіректеп қозғалады, әсіресе бұрылғанда және артқа қарай отырғанда қиналады. Сіреспені бұлшық еттің жіті ревматизмімен (мұнда да жануардың бұлшық еттері жиырылып, қимыл-қозғалысы қиындайды) шатастыруға болады. Бірақ ревматизм кезінде бұлшық еттер ауырсынғыш және қоршаған ортадағы қандай да бір рефлекторлық тітіркендіргіштердің салдарынан жиырылуы күшеймейді. Ауруды балауға клиникалық белгілер жеткіліксіз болған жағдайда (әдетте осы белгілер ауруды күмәнсіз балауға жеткілікті) зертханаға бактериологиялық зерттеуге сіреспе қоздырушысы бар деп күмәндәнған жарақаттан алынған жалқаяқты жібереді. Өлекседен де осы қоздырушы бар деп күмәнданған жарақаттан материал алады. Ол үшін жарақаттанған жерді маңындағы ұлпаларымен анағұрлым терең бойлап кесіп алып, 30 %-дық стерильді глицерин ерітіндісінде зертханаға жібереді.


Ұқсас жұмыстар
Шизофрения ауруы
Шизофренияның формалары
Балалардағы мешел ауруының өту ағымы
Жаппай уланудан айқындылығы қоздырғыштары немесе олардың тіршілік аздау
Жөтел және тыныс алудың қиындауы
ТЫРЫСҚАҚ
Нъюкасл ауруы, белгілері
Анафилаксияны емдеу
ТАМАҚТАН УЛАНУ ОСӨЖ
Инвазиялық аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz