Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығы: тарихи маңызы мен нәтижелері


Slide 1

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы Саммит

«Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті»

«Филология» факультеті «Екі шет тілі «кафедрасы

ШТ 13 топ

Орындаған: Асилов Н.

Қабылдаған:Мухаметжанова Н.

Slide 2

ЕҚЫҰ деген не?

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) (бұрынғы атауы - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) ) - қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын және Солтүстік Американың, Еуропа мен Орталық Азияның 56 елін біріктіретін әлемдегі аса ірі өңірлік құрылым. ЕҚЫК 33 еуропалық держава өкілдерінің, сондай-ақ АҚШ пен Канаданың әскери қарсы тұрушылықты азайту шараларын жасау және Еуропадағы қауіпсіздікті нығайту үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық форум ретінде шақырылған.

Slide 3

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше болуы

Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде алғашқы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүшелікке кірді. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел - АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29-30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.

Slide 4

Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесі алғаш рет осы ұйымның Тұрақты кеңесінің 2003 жылы 18 ақпанда өткен жиналысында айтылды. Ал Қазақстанның төраға болуына қатысты шешім 2007 жылы желтоқсанда Мадридте өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданды. Сөйтіп 2010 жыл еліміз тарихындағы жарқын парақтардың бірі болып қалмақ. Бұл оқиғаның саяси маңызы - ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет бұл ұйымға ортаазиялық мемлекет төрағалық етуінде. Және Қазақстан - қазіргі таңда ТМД кеңістігінде бұл ұйымға төраға болған бірден-бір мемлекет.

Slide 5

Астанада ЕҚЫҰ саммитінің өтуі - бұл:

Қазақстанның халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау.

Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделінің. ҚР тәуелсіздік жолындағы әлеуметтік - экономикалық, саяси жетістіктерінің нәтижесі мен танылуы.

Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлес.

Қазақстандық экономикаға инвестицияларды молайтудың, туризмді дамыту мен іскерлік байланыстарды кеңейтудің факторы.

Орталық Азия өңіріндегі мәселелерді шешуге әлемдік

қауымдастықтың назарын аударуға мүмкіндік.

Slide 6

Қазақстан төрағалығы ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі аясында, төрт «Т»-дан тұратын - «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзімділік) деп жария етілген ұрандар рухында барлық мәлімделген басымдықтар бойынша жүзеге асырылуда. Өз төрағалығы тұсында Қазақстан еуропалық қауіпсіздік ұғымы континенттік аядан әлдеқайда шығып тұратыны туралы тезисті дәйектілікпен және белсенді түрде ілгерілетуде. Соның нәтижесінде бүгінде ЕҚЫҰ еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік ұғымдарын нақты пайдалануда.

Slide 7

Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу

АҚШ делегациясы басшысы Х. Клинтонмен кездесу

Slide 8

Пайдаланылған әдебиеттер:

Аяған Б. Ғ. Әбжанов Х. М. Махат Д. А. : Қәзіргі Қазақстан тарихы 2010 ж. Алматы «Рарирет» баспасы

http://kazgazeta. kz/news/3797

Slide 9

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
ЕҚЫҰ: тарихы, құрылымы және Қазақстанның 2010 жылғы төрағалығы
Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы (2010): халықаралық маңызы мен ұлттық құндылықтар
Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы: жетістіктері мен өңірлік ықпалы
Астанадағы ЕҚЫҰ VII саммиті: Қазақстанның төрағалығы мен халықаралық маңызы
2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Қазақстанның нәтижелері мен жүлдегерлері
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ): тарихы, міндеттері және Қазақстанның төрағалық рөлі
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымымен ынтымақтастығы: мүшелік, төрағалық және нәтижелері
Астана саммиті: ЕҚЫҰ төрағылығы және Қазақстанның Еуразия қауіпсіздігіндегі рөлі
Сақтандырудың тарихи дамуы, экономикалық маңызы және Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайы (2010)
Ашық сабақ: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы мен салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz