Орман өсімдіктері



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Ғылыми география, кадастр және жерге орналастыру кафедрасы
СӨЖ
Қазақстан өсімдіктері
Алматы, 2021
Қабылдаған: Сағымбай Ө. Ж
Орындаған: Мұсағалиұлы Ғ.

Мазмұны
I. Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстанның ботаникалық-географиялық провинциялары
Орманды дала зонасының өсімдіктері
Дала зонасының өсімдіктері
Шөл зонасының өсімдіктері
Тау аймақтарының өсімдіктері
Эндемик өсімдіктер
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы - саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы - қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы - жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4, 8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін - эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңт. Балқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын - Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.
Кіріспе

Қазақстан жері екі ірі ботаникалық-географиялық облыста орналасқан: Еуразиялық далалық жəне Сахара-Гоби шөлдік.
Қазақстанның ботаникалық-географиялық провинциялары


Орманды дала зона өсімдіктері
Орманды далада өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады.
Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ-шок ормандар, Ертіс жағасын бойлай құм шағылдары үстінде жіңішке алқапта карағайлы ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қаркаралы, Баянауыл және т. б. тауларының гранитті массивтерінде карағайлы ормандар таралған.
Долана
Емен ағашы

Дала зона өсімдіктері
Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркекиіөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмурын, дәрілік валериан кездеседі. Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала көктемде ғана қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді.
Дәрілік валериан
Қаңбақ
Бидайық

Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу мен Іле және т. б. өзендердің аңғарларына тән. Суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға кездеседі. Өзен арнасынан қашығырақта биік бұталар - шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл өседі. Жыңғылдың жапырақтары қызғылт, гүлі ақ болады. Жантақ және басқа тамыры ұзын, тереңге кететін өсімдіктер де бар.
Шөл зона өсімдіктері
Қамыс
Шеңгел
Жиде

Таулы аймақ өсімдіктері
Май қарағай
Грек жаңғағы
Түркістан үйеңкісі
Шырша

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б. А. Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана) . Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы) .
Мияжапырақ таспа (Astragalus glycyphyllos) - бұршақ тұқымдасы, Қазақстанда сирек кездесетін, қалдық түр. Тек Алтайда (Үлбі, Уба және Бұқтырма өзені аңғарларында) кездеседі. Қазақстаннан тыс Еуропаның орманды аймақтарында (Кавказды қосқанда) және батыс Сібірде таралған. Мәдени өсіруде келешегі зор. Тұқымынан өскен өсімдіктер жақсы гүлдеп, жеміс береді.
Регель қызғалдағы немесе Грейг қызғалдағы (лат. Tulipa greigii) - лалагүлдер тұқымдасы қызғалдақ туысына жататын өсімдік. Қазақстанда Шу-Іле тауының аласа жоталары мен оның айналасындағы шөл далаларында ғана өсетін эндемик өсімдік. Бұл түр әсемдігі жағынан аса құнды емес, сондықтан ботаникалық бақтарда аз кездесетіндіктен ерекше түр ретінде сақталады Азайып кетуіне байланысты қорғауды қажет етеді.

Сарғылт құндызшөп (лат. Pulsatilla Flavescens) - сарғалдақтар тұқымдасына жататын Құндызшөптер тегінің көпжылдық өсімдігі. Қазақстанда сирек кездесетін түр: Қазақстанның оңтүстік бөлігінде Қостанайдан Шығыс Қазақстан облысына дейін, оңтүстікте Қарағанда облысының Ку тауына дейін кездеседі. Қазақстаннан тыс Еуропа, Батыс және Шығыс Сібірде таралған. Далаларда, жолақты ормандарда, шоқының оңтүстік беткейінде, биіктеу жерлерде шашырап өседі.
Ақсары жоңышқасы (Medіcago ochroleuca) - бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа туысының бір түрі, көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Талас Алатауының батысындағы Ақсу-Жабағылы тауының солтүстік тасты беткейлерінде, биік тау белдеулерінде, аршалы бұта, орман арасында өседі. Биіктігі 75 - 80 см, сабағы тік, жапырақтары үш құлақты, жапырақшалары ұзынша, түкті, кейде жалаң болады. Гүлі сары түсті, бұршағы имек, бозқоңыр түсті келеді. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Тамыз - қыркүйекте жеміс береді. Сирек кездесетіндіктен Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Эндемик өсімдіктер


Қорытынды
Қорытындылай келе, Қазақстан табиғатының алуан түрлілігіне, өсімдігінің тарихи дамуының күрделілігіне байланысты оның қазіргі өсімдік құрамы да əртүрлі. «Қазақстан флорасы» (1956-1963 жж. ) монография дерегіне қарағанда Қазақстан жерінде тек жоғары сатыдағы өсімдіктердің 4750-ге жуық түрі өседі. Бұның көбі шөптесін өсімдіктер, бұталар мен ағаштың үлесі өте аз.
Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, шөл ағаштары (сексеуіл), шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропикалық өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (оңтүстік Алтай), Еуропа Сібірінің орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразия даласы (Еділ-Жайық, Мұғалжар-Торғай, ЕсілНұра, Қарағанды, Ұлытау-Сарысу, Зайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
https://kk. wikipedia. org/wiki/
https://el. kz/news/archive/content-1289/
Бейсенова Ә. С. Қазақстанның физикалық географиясы. -Алматы, 2014ж. 539б.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz