Тағам құрамындағы қоректік заттар
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы
§18.Тағам құрамындағы
қоректік заттар.
Сабақтың мақсаты:
7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық
заттардың жиынтығы деп түсіну
7.5.1.2 кейбір қоректік заттарды:
көмірсулар (қант, крахмал),
нәруыз, майларды анықтау.
Ет, балық,
сүт тағамдары,
бұршақ тұқымдастар,
жер жаңғақ, соя,
жұмыртқа, тб.
Тағам құрамындағы майлар
Майлар - ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады.
Май адам ағзасына керек болғанымен, оның мөлшері
адам қабылдайтын тәуліктік калорияның 30%-нан аспауы тиіс.
Майдың артық мөлшері асқазан қызметін бұзады, артық салмақ
пайда болады. Майлар адам массасының 19%-ын құрап, жасушалардың
құрамына кіреді.
Майлар төмендегідей бөлінеді:
1.шығу тегіне байланысты өсімдік және жануар майлары;
2.бөлме температурасындағы агрегаттық күйге байланысты қатты және
сұйық майлар;
3.май молекуласындағы майлы қышқылдардың түріне байланысты
қаныққан және қанықпаған майлар.
Рапс, соя бұршақтары, зәйтүн, жержаңғақ, күнжіт, кокостар және
какао-бұршақтары сияқты өсімдік майларында майдың мөлшері көп болады.
Тағам құрамындағы нәруыздар
Нәруыздар – құрамына 20-аминқышқылы кіретін күрделі
органикалық қосылыстар. Аминқышқылдары –көміртек, сутек, азот,
оттек, күкірт сияқты элементтер кіретін күрделі органикалық заттар.
Адам массасының 15-20%-ы нәруыздың үлесіне тиесілі. Нәруыздар
ұлпалар, жасушалар, мүшелердің түзілуіне қатысып, адам
организмінде әр-түрлі қызметтер атқарады.
Адамға нәруыз жетіспеген жағдайда қан құрамы, ішкі мүшелердің
қызметі бұзылады, иммунитеті төмендейді, баланың өсуі мен дамуы
тежеледі.
Тағам құрамындағы көмірсулар
Көмірсулар– құрамына көміртек С, сутек Н, оттек О кіретін
күрделі органикалық қосылыстар, олар адам массасының 0,6%-ын
құрайды.
Көмірсулар өсімдіктерде фотосинтез процесі кезінде түзіледі.
Адам организміне тағаммен бірге құрамы күрделі (полисахаридтер
– крахмал, целлюлоза) әрі қарапайым (фруктоза, глюкоза, тб.)
көмірсулар түзіледі.
Көмірсулар да майлар сияқты энергия көзі. Адам организміне
көмірсу жетіспесе, нәруыздар мен майлардың алмасуы бұзылады.
Тапсырма №1
Адам ағзасына қажет тағамдық өнімдерді қоректік заттарға бай болуына
байланысты жіктеңіз:1)грек жаңғағы, 2)күнбағыс майы, 3)сиыр еті,
4)жұмыртқа, 5)картоп, 6)айран, 7)нан, 8)күріш, 9)қияр,
10) апельсин, 11) зәйтүн майы, 12) алма, 13) сары май, 14)қаймақ,
15)соя, 16)балық;
Құрамы
Нәруыз Көмірсу Майлар
Тапсырма №2
Сәйкестендіру тестін орындаңыз:
1. Нәруыздар А) Адам массасының 19%-ын құрайды. Организмнің
негізгі энергия қоры. Артық мөлшері асқазан қызметін
бұзады.
2.Майлар Б) Адам массасының 0,6%-ын құрайды. Ағзадағы
алмасу реакцияларына қатысады. Алмасу процесі
дұрыс жүрмеген кезде адамды ұйқы басады, әлсірейді,
басы ауырады, жүрек айниды, діріл, ашығу сезімдері
пайда болады.
3.Көмірсулар В) Адам массасының 15-20%-ын құрайды. Ағзада
жеткіліксіз мөлшерде болған кезде қан құрамы, ішкі
мүшелердің қызметі бұзылады, иммунитет төмендейді,
баланың өсуі мен дамуы тежеледі.
С). Асқазан қызметін бұзады, артық салмақ пайда
болады.
Д).Нәруыздар мен майлардың алмасуы бұзылады
Е).Қан құрамы, ішкі мүшелердің қызметі бұзылады,
иммунитеті төмендейді, баланың өсуі мен дамуы
тежеледі.
Тапсырма №2
№4 практикалық жұмыс:
1.Күнбағыс тұқымдарын немесе грек жаңғағын ақ параққа
салып, қасықпен тұқымды басып-жаншыңыз.
Бақылауыңызды жазыңыз.
2.Картоп немесе бидай нанын йод ерітіндісін тамызып
анықтап, қорытынды шығар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz