Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары




Презентация қосу
Жоба әдісі-
оқытушы мен
оқушының өзара
байланысу жүйесі
Мазмұны

1 Жобалау

2 Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары

3 Педагогикалық жобалаудың ұстанымдары

4 Оқытушы мен оқушының байланысу жүйесі

5 Сұрақ - жауап

6 Практикалық тапсырма
• Жобалау – бұл, ең алдымен – ойлау қызметі,
өйткені, оның барысында оймен болжам жасау,
ойша құрастыру жүзеге асырылады. Жобалау
«алға қойылған» деген ұғыммен
түсіндірілетіндіктен, оны шешім қабылдау үшін
алға қойылған ойлау қызметі деуге болады.
Педагогикалық жобалаудың
заңдылықтары
Педагогикалық жобалаудың заңдылықтарын қарастыруда оның
жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, жүйенің өмір сүру және
дамуы жағдайлары туралы түсініктерді ұғыну қажет. Сондықтан,
жобалаудың өзіне тән заңдылықтары мен принциптерінің
анықталуы және сақталуы тиіс.
Біздің зерттеуіміз бойынша, педагогикалық жобалауды жүзеге
асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық-
бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері
байланыстық ұстанымдар жүйесі анықталды.
Жүйелік пен тұтастық ұстанымы.
Педагогикалық үдерістің жүйелік табиғатын басшылыққа алу
оны тиімді ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады.
Бұл педагогикалық үдерісті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның
негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Жүйенің
интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі өзгерістер басқа
компонент, не тұтас жүйенің өзіне өзгеріс енгізе алады.
Синергетикалық ұстаным.
• Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар ашық және
өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы өзін-өзі
дамытуға өзіндік мүмкіндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай
отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де
синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау әрекеті өзінің
мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен
педагогтардың өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын
ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді.
Мақсаттық-бағдарлылық
ұстаным, Технологиялық ұстаным
• Мақсаттық-бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол
жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі
өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді
қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар, мақсат қою барысындағы ізденушілік
пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау талдау қызметін де қамтиды.

• Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың
технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын ала
анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай, қатысушылардың
қызметтерін бөлісу және оларды үйлестіріп отыру, ұйымның мақсатына қарай
жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип жобалауға қатысушы адамдардың
мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді;
Құзыреттілік ұстаным,
Құзыреттілік ұстанымы
• Құзыреттілік ұстанымы жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін
құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық, коммуникативтік, рефлексиялық
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық
талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың
құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыреттіліктер адамдарға өз тәжірибесінен байыптай,
зерттей отырып, мәселелерді талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік
береді.

• Кері байланыс ұстанымы. Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін
нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық үдерісте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен
тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе ашық
әлеуметтікпедагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, атааналармен, түрлі қоғамдық
ұйымдармен, сонымен қатар ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас ұйымдастыра
алады. Өзіндік түзету, коррекциялау, ӛз әрекетіне ӛзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің
тиімділігін қамтамасыз етеді.
Нәтижелілік ұстаным
Мақсаттық - бағдарлы жобалар
Нәтижелілік ұстанымы жобалау нәтижесінде орындалуы тиіс
күтілетін нәтижелердің алдын ала нақты сипатталуы мен оған қол
жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің,
ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар,
нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы
анықталады.
Педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен барлық
құрылымдардың мақсаттарын сәйкестендіру және қызметтік
құрылым мен адам ресурстары құрылымын нәтижеге жетуде тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін мақсаттық - бағдарлы жобалар
болып табылады
Оқытушы мен оқушының өзара
байланысу жүйесі
• Педагогикалық қарым – қатынас шәкірттің психикалық дамуының
қайнар көзі болып табылады. Педагогикалық қарым – қатынас
құрылымында өзара түсіністік деңгейі детерминанттың тұтас
қатарымен меңгеріледі. Бұған жататындар: жас, өзіндік
бағалаудың даму деңгейі, білім деңгейі, икемділік, дағды.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара қарым – қатынастың
дамуына, яғни ұстаздың қарым – қатынас жасау деңгейі,
педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейі әсер етеді.
Педагогикалық әрекетте қарама – қайшылықтар мен кедергілер әртүрлі
болып келеді. Олар әрекеттің әртүрлі сферасына қатысты болады.
Мұндағы қайшылықтар ұстаздың шәкірттеріне, өзінің пәнін меңгеру
мен ұстаздық шеберлігіне, оқу орнына, өзінің әріптестеріне деген
қарым – қатынасымен байланысты болуы мүмкін. Педагогикалық
жұмыста кедергілердің тууының екі себебін айтуымызға болады.
Бірінші себеп: мұғалімдердің өз ісіне немқұрайлықпен қарауы, сондай
– ақ олардың оқу орнындағы білімге сәйкес алға қойған міндеті,
мақсаттарын дер кезінде орындамауы салдарынан туындайды. Олар
нашар оқытады, нашар қарым – қатынасқа түседі және нашар
тәрбиелейді. Мұндай оқытушылардың өзіне немқұрайлықпен
қарауының нәтижесінде олардың қоғамға, ғылымға, адамдарға
немқұрайлықпен қарауы деп айтуымызға болады.
Педагогикалық жұмыстағы қарама – қайшылықтың туындауының
екінші тобына, ұстаздардың шәкірттермен қалыпты, іскерлік,
адамдық қатынасты, өзінің жұмысына, балаларға деген ерекше
махаббаты, жоғарғы білімі болса да орната алмауынан туындайды.
Мұндай жағдайда оқытушының өзі де зардап шегеді. Онда өзінің
педагог ретінде шыңдалмағанын сезіну, өзінің күшіне сенбеушілік,
кәсіпке деген жағымсыз қатынастар туындайды.
Сұрақ – жауап:
1 - Педагогикалық жобалаудың негізгі сипаттамалары.
2 - Педагогикалық жобалаудағы мақсатты айқындаудың маңызы?
3 - Стратегиялық мақсат қою мен жобалаудың байланысы неде?
4 - Педагогикалық жобалаудың субъектілерді дамытушылық рөлі.
5 – Педагогикалық қарым – қатынас дегеніміз?
6 – Оқытушы мен оқушының қарым- қатынасында қандай
кедергілер болуы мүмкін?
Практикалық тапсырма.

• 1 – жағдаят
Оқушы мектеп тәртібін өрескел бұзады. Сынып жетекшісі және
мектеп әкімшілігі онымен сөйлескеннен кейін бұл қайталанбайды
деп сөз береді. Бірақ сыныптың есігінен шықса, бәрі қайтадан
басталады. Осындай мінез-құлық ұзақ уақытқа созылады…

Сұрақ : Оқушының тәртібін жақсарту үшін не істейсіз?
• 2 – жағдаят.
Сіз 4 сынып мұғалімісіз. Сіздің сыныбынызға жаңадан оқушы
келді. Жаңа келген оқушы сыныппен тез арада тіл табыса алды.
Сабақты да жақсы оқиды. Бірақ ол оқушының сізге деген қарым –
қатыцнасы нашар. Айтқаныңызды бірден орындамайды,
ескертулеріңізді елемейді, сізбен амандаспайды.
Сұрақ: Осындай жағдайда не істеу керек? Оқушының сізге деген
қарым – қатынасын қалай дұрыстайсыз?
• Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Оқыту технологиялары
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары
Тәрбие принциптері және заңдылықтары
БПҮ заңдылықтары
Костюмдегі түс және колорит
Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері
Ұжымды дамытудың заңдылықтары
Педагогикалық менеджмент ұғымы
Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні, құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
Жобалау негіздері мен зауыттарды жабдықтау
Пәндер