Сананың ашықтығы



Тәрбиелік іс-шараларға 1-2 сценарий жазып, талдаңыз.
Орындағандар : 7М01505 «ГЕОГРАФИЯ»
Жарылқасын Т
Қырғызбай А
Сәбит Г
Болатбек Н
Ноян Б
Ордашев Ш
Қабылдаған: Қасымова Р. С.
Семинарлық сабақ 13

«Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар»
Алматы, 2021

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Куратор сағатының нәтижесінде студенттер рухани жаңғырудың - табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Қолданылатын әдістер: Модерация әдісі. Топтық әдіс. Тақырыптық сергіту ойыны.
Құрылғылар: компьютер, проектор, мультимедиялық колонкалар.
Қатысушылар: бакалавр студенттері.

Кураторлық сағаттың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі кезең
ІІІ. Қорытындылау кезеңі


Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала - атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел - қазақ халқы. Қазақ халқы - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халықтың тәуелсіздік алғалы бері жүріп өткен жолдарын еске түсірейік.



Тақырып бойынша видео жүргізіледі (1 мин) .
https://youtu. be/oF5WMRaFuMc

Негізгі кезең: Студеттер тобы екіге бөлінеді (2 мин)

1. Таныстыру конкурсы (Салуға 5-7 мин)
Әр топ А3 қағазда «Рухани жаңғыру» туралы ойлағанда не елестейтінін салу керек. (Түсті қарындаштар, фломастерлер беріледі) Әр топ өз суретін көрсетіп, жұмыстарын қорғайды (3 минуттан әр топқа беріледі )

2. «Латын әліпбиін танисыз ба?» атты сайыс (3 мин)
Әр топтан бір студент шығып, диктант ретінде латын әліпбиінде 10 сөз жазу керек

3. Тезистік жоспар құру (5 мин)

4. Аяқталмаған сөйлем (Студенттер өз ойларын қорытады. ) «Рухани жаңғыру - ……. . » (3-4 мин)
«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»
«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»
«Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі»
«Рухани жаңғыру - ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»

Қорытындылау кезеңі (3-5 мин) : .
студенттер Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар атты мақаланың негізгі бағыттарын атап өтеді

1-студент :
1. Бәсекелік қабілет . Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2- студент:
2. Прагматизм. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3- студент:
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4- студент:
4. Білімнің салтанат құруы . Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
5- студент:
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.
6-студент:
6. Сананың ашықтығы. Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, Ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Үшіншіден, бұл - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

Жұбан Молдағалиевтің келесі өлең шумағын есімізге түсірейік:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. «Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.
«Қaзaқстaн-2050» - Мәңгілік Елге бaстaйтын ең aбырoйлы, ең мәртебелі жoл. Oсы жoлдaн aйнымaйық, қaдірлі хaлқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі бoлсын! Дaмуымыз жедел, келешегіміз кемел бoлсын! Жaрқын іспен күллі әлемді тaң қылып, Жaсaй берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Қорытынды Марапаттау сәті:
Куратор сағатының соңында әділ қазылар алқасы топтарға арнайы мадақтама грамотасын ұсынады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz